О проведении сельскохозяйственной переписи Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 22.01.2000 № 4 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы» 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 463 және «Санаққа жәрдемдесетін республикалық комиссия құру туралы» 1999 жылғы 9 шілдедегі № 952 қаулыларына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы/бұдан әрі Саңақ/ аясында 2001 жылы Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы санағы өткізілсін.
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облыстық статистика басқармасына Санаққа әзірлену, өткізу, нәтижесін өңдеу және жариялау жөніндегі жауапкершіліктер жүктелсін.
Тармақ 3
3. Санаққа жәрдемдесетін облыстық комиссия қосымшадағыға сәйкес құрылсын.
Тармақ 4
4. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері Санаққа жәрдемдесетін осындай комиссиялар құрсын.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы 2001-2002 жылдарға арналған облыстық бюджеттер жобасын қалыптастырған кезде Санаққа әзірлену және өткізу үшін қажетті қаржылар қарайтын болсын.
Тармақ 6
6. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.К. Алексеевке жүктелсін.
Басқа 7. Санаққа жәрдемдесетін облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің 2000 жылғы 11.01 № 4 шешіміне қосымша Санаққа жәрдемдесетін облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ Т.С. Сапаров - облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы, төраға А.Д. Хамзин - облыстық статистика басқармасының бастығы, төрағасының орынбасары Ш.Ғ. Сартаева - облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары, хатшы Комиссия мүшелері А.С. Жабалбаева - облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары Б.С. Имашев - Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық министрлігі Батыс-Қазақстан аймақтық басқармасы төрағасының міндетің атқарушы Ж.К. Колонбаева - «Орал мемлекеттік ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» қазыналық кәсіпорынның директоры Н.П. Мордасов - Батыс Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің төрағасы В.П. Неелов - облыс әкімі орынбасарының кеңесшісі Б.Т. Омаров - Батыс Қазақстан облысындағы «Жайық шаруасы» шаруалар қожалығы облыстық ассоциациясының төрағасы (келісім бойынша) М.Н. Оразғалиев - облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасының бастығы Н.П. Широватов - облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің маркетинг және техникалық саясат бөлімінің бастығы