О мерах по борьбе с туберкулезом в области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстағы туберкулезбен күрес шаралары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 04.12.2006 № 383 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы» 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 қаулысын орындау және туберкулезбен күрес жүргізу жұмыстарын жандандыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Аудандар әкімдері: - екі ай мерзімде туберкулезге қарсы қызметті қаржыландыру механизмін қайта қарасын; - жыл сайын жергілікті бюджеттен медициналық құралдар алуға және туберкулезді емдеу мекемелерін күрделі жөндеуге орталықтандырылған қаржы бөлуді ұсынсын; - барлық емдеу-профилактикалық мекемелер үшін 1999 жылғы 1 ақпанға дейін бинокулярлық микроскоп алатын болсын; - барлық селолық округтерде химизатор жұмыс істейтін болсын; - аудандық ішкі істер бөлімдерімен бірлесіп, екі ай мерзімде туберкулез емдейтін станционарларды күзету мәселелерін шешсін; - микобактериялар бөліп шығаратын туберкулездің қауіпті түрлерімен ауыратындарға тұрғын-үй бөлген кезде Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 118-бабының талаптарын басшылыққа алсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің шешімімен облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) облыстық бюджетке туберкулезге қарсы қызметті ұстауға жұмсалатын шығындарға арналған бөлек жол енгізсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы облыстық денсаулық басқармасына облыстың туберкулезге қарсы емдеу-профилактикалық мекемелеріне 24 люминисцентті микроскоп алу үшін 3960,0 мың теңге қаржы бөлсін.
Тармақ 4
4. Батыс Қазақстан облыстық қазынашылық басқармасы (Соболева) туберкулезге қарсы шараларға бөлінетін қаржыны мақсатқа сәйкес пайдалануды оқтын-оқтын тексеріп отырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы, сәулет, құрылыс, тұрғын үй және аумаққа құрылыс салу бақармасы (Сытдықов) 1999 жылы Жәнібек, Қазталов, Қаратөбе, Сырым және Шыңғырлау аудандарында бірыңғай үлгідегі туберкулез бөлімшелерін салуға қаражат іздестірсін.
Тармақ 6
6. Облыстық ішкі істер басқармасы (Рахымжанов), облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қадырбеков) облысқа Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мақсатымен келгендерді міндетті түрде флюорографиялық тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін. - тергеу изоляторларында тергеліп жатқандарды олар түскен кезде және жарты жыл сайын, ал түзеу мекемелеріндегі сотталғандарды жылына екі рет міндетті түрде флюорографиялық тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін; - тергеу изоляторларындағы және түзеу мекемелеріндегі ауруларды емдеудің қажетті шараларын алсын.
Тармақ 7
7. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы облыстың барлық емдеу-профилактикалық мекемелерінде туберкулезді бактериоскопиялық әдіспен анықтауды енгізсін; - облыстың туберкулезге қарсы барлық мекемелерінде Дүние-жүзілік денсаулық сақтау ұйымының әдістемесі бойынша туберкулездің бақыланатын қысқа мерзімді химиотерапиясын енгізсін; - облыстың емдеу-профилактикалық мекемелерінде дәрі-дәрмектердің жұмсалуына бақылауды күшейтсін; - облыстық мамандандырылған емдей-профилактикалық мекеме базасына емделгісі келмейтін туберкулез ауруларды, маскүнемдер мен нашақорларды күшпен емдеу үшін 30 койкалық бөлімше ашсын.
Тармақ 8
8. Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті (Шалабаев) Батыс Қазақстан облысының малдәрігерлік комитеті (Имашев): - меншік нысандарына қарамастан мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен және сатумен айналысатын дербес және заңды тұлғалардың белгіленген малдәрігерлік-санитарлық талаптарды сақтауын; - мал шаруашылығы қызметкерлерінің еңбек жағдайлары қауіпсіздігін; - аудандарда, әсіресе, ірі шаруашылықтар жоқ жерлерде малдәрігерлік қызметті нығайтуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (Қарағойшин) халық арасында туберкулездің алдын-алу жолында санитарлық-гигиеналық білімдерді кең насихаттау мақсатында маман дәрігерлерге эфир уақытын тегін ұсынуды және тұрақты берілетін айдарларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы тоқсан сайын, әрбір тоқсанның артынан келетін айдың 5-інде осы шешімнің орындалу барысы туралы облыс әкімшілігіне ақпарат беріп отырсын.
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.К. Алексеевке жүктелсін.