Шалқар ауданы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
Күшін жойған
Қаулы
·№ 88
·
23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Шалқар ауданы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Шалқар ауданы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 88
- Қабылданған күні
- 05.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2014 · қолданыстағы AI51714_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10CM000129
- ЭКБ идентификаторы
- 51714
- Редакция идентификаторы
- AI51714_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:50
0 Шалқар ауданы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13, 14 тармақшаларына және 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджеттік қаражатына қарай Шалқар ауданы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
1 1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамалары бойынша жұмысқа шектеу қойылатын тұлғалар;
2 2) 50 жастан асқан әйелдер;
3 3) 55-жастан асқан ерлер;
4 4) 25 жасқа дейінгі жастар;
5 5) ұзақ уақыт бойы жұмыс жасамаған тұлғалар (бір жылдан астам);
6 6) жанұясында бір де бір адам жұмыс жасамайтын тұлғалар;
7 7) 5-жасқа дейінгі балалары бар әйелдер.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Жұмабаеваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет басқармасына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Р. Сыдықов