Көше атауын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көше атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасын, 2008 жылғы 3 наурыздағы Казталов ауылының халық жиынының № 5 хаттамасын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Казталов ауылындағы "Жангелдин" көшесі "Мұхамед Салық Бабажанов", "Зимовец" көшесі "Д. Қонаев", "Ленин" көшесі "Хаби Жақып" болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің қабылдануына байланысты туындайтын шараларды жүзеге асыру ауылдық округі әкімінің орынбасары М. Наукешовке тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.