Об организации оплачиваемых общественных работ Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Републикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Републикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылы кәсіпорындардың қажеттілігіне сәйкес жұмыссыздар және толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері, ұйымдардың Тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыссыздарды және толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерді қоғамдық жұмыстарға жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тізбеде анықталған ұйымдар арасында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасасқан қоғамдық жұмыстарды орындауға үлгілі шартта көрсетілген талаптарда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруы өткізілсін.
Тармақ 4
4. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Еңбекпен қамту бағдарламасы" бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жұмыс берушінің 2010 жылға Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақының бір жарымдық көлемінде қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақы төлеміне, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға, әлеуметтік салыққа шығынын өтесін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛIСIЛДI: "Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" ММ бастығы ______________ Ю. Кондриков "Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң қаржы бөлiмi" ММ бастығы __________________ Т. Лысяк Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң "Жаңа Тілек" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынның директоры ____________ М. Сәрсенбаев
Басқа 8
Әкiмдiктiң 2010 жылғы 5 наурыздағы № 75 қаулысымен бекiтiлген 2010 жылға арналған жұмыссыздар және толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері, ұйымдардың Тізбесі № Ұйымдардың атауы Жұмыс түрлері Жұмыс көлемі Адам саны 1 "Жаңа Тілек" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны Жұмысшының алдын-ала кәсiптiк даярлықтарын талап етпейтiн Барвинов ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек 27760 шаршы метр 8 Жұмысшының алдын-ала кәсiптiк даярлықтарын талап етпейтiн Веселоподол ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік-мәдени тағайындау нысаналарын жөндеуіне қатысу 42576 шаршы метр 10 Жұмысшының алдын-ала кәсiптiк даярлықтарын талап етпейтiн Златоуст ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік-мәдени тағайындау нысаналарын жөндеуіне қатысу 41628 шаршы метр 34 Жұмысшының алдын-ала кәсiптiк даярлықтарын талап етпейтiн Новое ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік-мәдени тағайындау нысаналарын жөндеуіне қатысу 79850 шаршы метр 10 Жұмысшының алдын-ала кәсiптiк даярлықтарын талап етпейтiн Комсомол ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік-мәдени тағайындау нысаналарын жөндеуіне қатысу 53812 шаршы метр 9 Жұмысшының алдын-ала кәсiптiк даярлықтарын талап етпейтiн Ленинград ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік-мәдени тағайындау нысаналарын жөндеуіне қатысу 11819 шаршы метр 8 Жұмысшының алдын-ала кәсiптiк даярлықтарын талап етпейтiн Большие Дубравы ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік-мәдени тағайындау нысаналарын жөндеуіне қатысу 56000 шаршы метр 8 Жұмысшының алдын-ала кәсiптiк даярлықтарын талап етпейтiн Маяк ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік-мәдени тағайындау нысаналарын жөндеуіне қатысу 153525 шаршы метр 16 Жұмысшының алдын-ала кәсiптiк даярлықтарын талап етпейтiн Сорочин ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік-мәдени тағайындау нысаналарын жөндеуіне қатысу 31621 шаршы метр 12 Жұмысшының алдын-ала кәсiптiк даярлықтарын талап етпейтiн Севасотополь ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік-мәдени тағайындау нысаналарын жөндеуіне қатысу 3748 шаршы метр 8 Жұмысшының алдын-ала кәсiптiк даярлықтарын талап етпейтiн Тағыл ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік-мәдени тағайындау нысаналарын жөндеуіне қатысу 17152 шаршы метр 15 Жұмысшының алдын-ала кәсiптiк даярлықтарын талап етпейтiн Тимирязев аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік-мәдени тағайындау нысаналарын жөндеуіне қатысу 20113 шаршы метр 9 Жұмысшының алдын-ала кәсiптiк даярлықтарын талап етпейтiн Урожайное ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік-мәдени тағайындау нысаналарын жөндеуіне қатысу 42390 шаршы метр 9 Жұмысшының алдын-ала кәсiптiк даярлықтарын талап етпейтiн Сарыкөл кентінің аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік-мәдени тағайындау нысаналарын жөндеуіне қатысу 407585 шаршы метр 87