Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
ҚАЗМүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
- Атауы (қаз.)
- Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 90
- Қабылданған күні
- 19.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 14.01.2011 · қолданыстағы 51774_185665.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 14.01.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DI000101
- ЭКБ идентификаторы
- 51774
- Редакция идентификаторы
- 51774_185665
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:45
0 Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1–тармағының 14-тармақшасын және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабын басшылыққа ала отырып, Ескелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына көрсетілетін қосымша әлеуметтік көмек әр мүгедек балаға тоқсан сайын 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қамтамасыз етілсін. Әлеуметтік көмек бірінші рет тағайындалған жағдайда, өтініш берілген күннен бастап төленеді. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек, бала 18 жасқа толғанға дейін тағайындалып, төленеді.
2 2. "Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Тілеуберген):
Мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті ата-анасының өтініші бойынша олардың біреуіне немесе олардың орнындағы адамға, әлеуметтік көмекті төлеу орталығында ашылған шотының нөмірін (екінші деңгейдегі банк филиалы және осы көрсетілген операцияларды жүзеге асыра алатын лицензиясы бар басқа ұйымдар) және келесі құжаттар ұсынылған жағдайда көрсетілуін қамтамасыз етсін:
- өтініш берушінің жеке басының куәлігі;
- баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
- дәрігерлік әлеуметтік сараптау комиссиясында куәландырылғаны туралы актінің үзінді көшірмесі;
- облыстық психология-медицина-педагогикалық комиссияның мүгедек баланы үйде тәрбиеленудің немесе оқытудың қажеттілігі туралы қорытындысы;
- отбасы құрамын растайтын құжат, тоқсан сайын.