О присвоении наименований улицам аула Тастыозек, аула Аккайын Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тастыөзек ауылының, Аққайын ауылының көшелеріне атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Вознесенка селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тастыөзек ауылының, Аққайын ауылының көшелеріне атаулар берілсін. Тастыөзек ауылында: № 1 көшеге – Достық атауы; № 2 көшеге – Лесная атауы; № 3 көшеге – Заречная атауы. Аққайын ауылында: № 1 көшеге – Степная атауы; № 2 көшеге – Сәкен Сейфуллин атындағы атауы; № 3 көшеге – Школьная атауы; № 4 көшеге – Набережная атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Бұланды ауданының «Сәулет және кала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Р.Қ.Әбділдина Бұланды ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С.Е.Аймағамбетова