Положение о Центральной аттестационной комиссии Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының азаматтық хал-актілерді жазу органының қызметкерлерін аттестациялау туралы Ережесін және Орталық аттестациялық комиссия жөніндегі Ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 04.11.2004 № 325 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің атқарушы өкімет органдарының және олардың ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен мекемелердің мамандары мен басқарушы кадрларын құқықтық аттестациялау туралы 1995 жылғы 21 маусымдағы N 2347 қаулысымен бекітілген Ережесін басшылыққа ала отырып, Бұйырамын:
азаматтық хал-актілерді жазу органдарының қызметкерлерін аттестациялау туралы және Орталық аттестациялық комиссия туралы ұсынылған Ережелер бекітілсін.
Орталық аттестациялау комиссия туралы Ереже
Тармақ 1
1. Орталық аттестациялық комиссия (бұдан әрi - Орталық комиссия) аймақтық аттестациялық комиссиялардың шешiмдерiне жасалған шағымдарды қарау, аттестация басталған күннен бастап, бiр жыл iшiнде дәлелдi себептермен аймақтық аттестациялық комиссияға екi рет келмеген аймақтық аттестациялық комиссияға келмеуiнiң дәлелдi себептерiн растайтын құжаттарымен аттестацияланушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде азаматтық хал-актiлердi жазу органдарының қызметкерлерiн аттестациядан өткiзу, сонымен қатар азаматтық хал-актiлердi жазу органдары қызметкерлерiн аттестациядан өткiзу үшiн аттестациядан өткiзiлетiн түрлi топтарға арналған сұрақтар Тiзiлiмiн бекiту үшiн құрылады.
Тармақ 2
2. Орталық комиссияны Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрi құрады, оның құрамына азаматтық хал-актiлердi жазу органдарының тәжiрибелi қызметкерлерi, әдiлет органдары жүйесiнiң жоғары бiлiктi мамандары, сонымен қатар ғалым-заңгер кiредi.
Тармақ 3
3. Орталық комиссия қызметiне басшылық жасауды Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрi жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Орталық комиссияның хатшысы Әдiлет Министрлiгi аппаратының қызметкерлерi құрамынан тағайындалады.
Тармақ 5
5. Орталық комиссияның мәжiлiстерi қажеттiлiкке қарай өткiзiледi.
Тармақ 6
6. Аттестациядан өткiзiлмеген азаматтық хал-актiлердi жазу органының қызметкерi аймақтық комиссия шешiмiнiң көшiрмесiн алған күннен бастап санағанда, он күн iшiнде аймақтық аттестациялық комиссияның шешiмiне Орталық комиссияға шағымдана алады.
Тармақ 7
7. Орталық комиссияға берiлген шағым тiркеледi және оның қаралу күнi өтiнiш иесiне комиссия мәжiлiсi өткiзiлерден кем дегенде жетi күн бұрын хабарланады.
Тармақ 8
8. Орталық комиссия аймақтық аттестациялық комиссия шешiмiне жасалған шағымды аймақтық комиссиядан талап етiлген алғашқы материалдар түскен күннен бастап, отыз күн iшiнде қарайды және төмендегi шешiмнiң бiрiн қабылдайды:
- аттестациялау туралы (аймақтық аттестациялық комиссия шешiмiн бiрден бұзумен);
- аймақтық аттестация комиссиясының аттестацияламау туралы шешiмiмен келiсу.
Тармақ 9
9. Аймақтық аттестациялық комиссияның шешiмiне шағымданушы адам Орталық комиссияның мәжiлiсiне қатысып, қажеттi түсiнiктер беруге құқылы.
Тармақ 10
10. Орталық комиссия шағымданушы адамға қажет болған жағдайда қосымша сұрақтар бере алады, оған қайтарылатын жауаптар аттестациялық комиссияның ұйғаруымен ауызша немесе жазбаша берiледi.
Тармақ 11
11. Орталық комиссияның мәжiлiсiне кем дегенде бес мүшесi қатынасса, ол өкiлеттi болып есептелiнедi.
Тармақ 12
12. Егер қатынасушы мүшелерiнiң басым көпшiлiгi дауыс берсе, Орталық Комиссияның шешiмi қабылданды деп есептелiнедi.
Дауысқа салу ашық түрде жүргiзiледi.
Дауыс саны тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
Қабылданған шешiм туралы өтiнiш иесiне немесе аттестациядан өтушiге сол күнi жазбаша түрде хабарланады.
Мәжiлiске қатынасқан комиссия мүшелерiнiң барлығы шешiмге қол қояды. Орталық комиссияның шешiмi Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрлiгiнде сақтауға қалдырылады.
Тармақ 13
13. Орталық аттестация комиссиясының шешiмi ақырғы шешiм болып табылады.