Об утверждении "Правил производства работ в пределах охранных зон телекоммуникационных сетей ГЦТ "Алматытелеком" города Алматы" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Алматы қаласында "Алматытелеком" ҚТО меншік түріне қарамастан басқа да телекоммуникациялық желілері иелерінің телекоммуникациялық желілерін қорғау аймақтарының шегінде жұмыс жүргізу Тәртібін" бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының 11.02.2005 № 123 шешімімен. "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40,41 баптарына және "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңға ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. "Алматы қаласында "Алматытелеком" ҚТО телекоммуникациялық желілерін қорғау аймақтарының шегінде жұмыс жүргізу Тәртібі" бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және өндірісті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты депутаттық комиссияға (А.И. Шелипанов) және қала Әкімінің бірінші орынбасарына (Я.И. Заяц) жүктелсін.
Басқа 3
ІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ІІІ сессиясының 15 желтоқсандағы 1999 жылғы шешiмiне қосымша Алматы қаласының "Алматытелеком" қалалық телекоммуникациялар орталығы (ҚТО) телекоммуникация желiлерiн қорғау аймақтарының шегiнде жұмыс жүргiзу ТӘРТIБI Алматы қаласының "Алматытелеком" ҚТО басқада телекоммуникациялық желілері иелерінің, меншік түріне қарамастан телекоммуникация желiлерiн қорғау аймақтарының шегiнде жұмыс жүргiзу Ережесi (бұдан кейiн - Ереже), Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 10 желтоқсан күнгi " Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдары туралы" N 4100, 1998 жылдың 01 шiлде күнгi " Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" N 258-І, 1999 жылдың 18 мамыр күнгi " Байланыс туралы" N 382-І Заңдары мен ҚР көлiк және коммуникация Министрiнiң 1996 жылдың 9 қазан күнгi N 266 бұйрығымен бекiтiлiп, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылдың 16 қаңтары күнi N 245 болып тiркелген "Телекоммуникация желiлерiн қорғау Ережесiнiң" негiзiнде әзiрлендi. 📌 Ескерту. Шешім толықтырылды - Алматы қалалық Мәслихатының IІ сайланған VІIІ сессиясының 19.01.2001 шешімімен.
Бөлім i. I ТАРАУ
I ТАРАУ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ I-1. Осы Ереже, жер асты кәбiл жолынан қатарлас жатқан немесе әуе желiлерiнiң шеткерi сымдарының ғимарат пен құрылыстар конструкциясы бойынша тартылған кабельдік және әуе байланыс желілері екi жағынан 2 метр қашықтықта тұратын желiлер бойына жер учаскесi немесе кеңістік түрiнде жер асты кәбiлдiк және әуе байланыс желiлерi, сондай-ақ ғимарат пен құрылыстар конструкциясы үшiн орнатылған қорғау аймақтарының шегiнде жұмыс жүргiзу тәртiбiн анықтайды. 📌 Ескерту. Шешім толықтырылды - Алматы қалалық Мәслихатының IІ сайланған VІIІ сессиясының 19.01.2001 шешімімен. Осы Ереже, ведомстволық тиiстiлiгiне және меншiк нысанына қарамастан, барлық кәсiпорын, ұйым және мекемелерге, сол сияқты осы аймақтарда қандай да болмасын жұмыс жүргiзетiн немесе басқа да өзге әрекеттер телекоммуникациялық желілердің жұмысын бұзуға ықпал ететін жеке азаматтарға мiндеттi болып табылады. Ескерту. Шешім толықтырылды - Алматы қалалық Мәслихатының IІ сайланған VІIІ сессиясының 19.01.2001 шешімімен. I-2. Телекоммуникация жүйелерi өтетiн жерге құрылыс салу үшiн жер учаскелерiн бөлген кезде тапсырыс берушiлер, Алматы қ. Архитектура және қала құрылыс Департаментiнiң жолдамасы бойынша осы жүйелердi басқаратын ұйымдармен "Жер учаскесiн таңдау Актiсiн" келiсiп шешуi тиiс. Телекоммуникация жүйелерiн қорғау аймақтарының шетiнде уақытша объектiлер (дүңгiршек, жарнама қалқандары, аялдама және т.б.) орналастыру үшiн де сол байланыс желiлерiн басқаратын ұйымдармен келiсiп алу қажет. I-3. Қорғау аймақтарының шетiнде жұмыс жүргiзу үшiн, осы жұмыстарды жүргiзетiн ұйым, мекеме немесе жеке азаматтар, қарамағында кәбiлдiк, соның iшiнде телефон құбыры ғимараттары немесе әуе байланыс желiлерi бар кәсiпорыннан (ұйымнан) жазбаша келiсiм алуға мiндеттi. Сондай-ақ, жазбаша келiсiмдер, осы аймақтардағы кәбiлдiк байланыс және әуе желiлерiн зақымдауы мүмкiн жобасыз орындалатын құрылыс, жөндеу және басқа да жұмыстарын жүргiзуге алынуы тиiс.
Тармақша а
а) кәбiлдiк байланыс желiлерi жолдарында - шұңқыр қазу, жолдан уақытша бұрылыс жасау, су жiберу және өтетiн жердi жабу үшiн жер қазу, бағананы қағып кiргiзу, жердi сынап көру, жеке үйлердi су құбыры жүйесiне және т.б. қосу кезiнде терең ор қазу.
Тармақша б
б) әуе байланыс желiлерi жолдарында - бағана, тiреуiш, тартпадан кемiнде 2 м., қашықтығы 0,3 м. аса тереңдiктегi жер қазу жұмыстары; - габариттерi сым аспалары биiктiгiнен асатын немесе оған тең келетiн көлiк пен механизмдердi байланыс желiсi сымының және аспалы кәбiлдердiң астынан өткiзу; - құлап түскен кезде сымдарға зиянын тигiзуi мүмкiн ағаш үйiндiлерi;
Тармақша в
в) байланыстың үймерет шатырларына төселетiн байланыс желiлерiнiң тiреулерiнде - тiреу және тартпаларды бекiтуге тiкелей байланысты, төбе жабындылары мен шатырларды ауыстыру және жөндеу жұмыстары, сондай-ақ байланыс желiсi сымдарының зақымдануына мүмкiндiк беретiн жұмыстар.
Тармақша ғ
ғ) ғимараттар мен құрылыстар конструкциясы бойынша тартылған байланыс желілерінде: - ғимараттар элементтерін қалпына келтіру, жөндеу жөніндегі жұмыстар, осы жұмыстардың кезінде байланыс өткізгіштері мен кабелдерінің зақымдануы мүмкін. 📌 Ескерту. Шешім толықтырылды - Алматы қалалық Мәслихатының IІ сайланған VІIІ сессиясының 19.01.2001 шешімімен. Жобасыз жүзеге асырылатын жұмыстар жүргiзiлетiн аймақта жер асты ғимараттарының болу мүмкiндiгiн анықтау үшiн, Алматы қ. Архитектура және қала құрылыс Департаментiнiң инженерлiк жүйе бөлiмiнен рұқсат алынуы тиiс. Жоғарыда аталған барлық жұмыстар Алматы қ. Әкiмiнiң техникалық инспекция ордерi бойынша орындалуы тиiс. I-4. Жер асты байланыс кәбiл желiлерiн қорғау аймағында жұмыс жүргiзетiн тапсырыс берушi (салушы), жұмыс басталғанға дейiн үш тәулiктен кешiктiрмей, жер асты кәбiлдерi мен кәбiл желiлерiнiң басқа да ғимараттарының (жер асты күшейту орындары, жерлестiргiш контуры және т.б.) нақты тұрған жерiн тiке қазу және техникалық құжаттама бойынша белгiлеу, жобаланатын объектiнiң ғимараттармен өзара тұрған орны мен жатқан тереңдiгiн анықтау үшiн осы желi қарамағына жататын кәсiпорын өкiлiн шақырып алуға мiндеттi. I-5. Жер асты ғимараттарының нақты жатқан жерiн анықтау, жұмыс жүргiзiлетiн аймақта қолданылатын кәбiлдiң ұзына бойына жасалады және бұған байланыс желiсiн басқаратын ұйым жауап бередi. Жұмыс жүргiзiлетiн аймақтағы кәбiлдiк байланыс желiлерi жер асты ғимараттарының нақтыланған жолы, биiктiгi 1,5-2 м. болатын қадалармен белгiленуi қажет, қадалар жолдың түзу учаскелерiнде 15-20 м. сайын, жолдың түзу бағыттан ауытқуы 0,5 м. асқандай болса, әрбiр бұрылыста, сонымен қатар жердi өңдеу шекараларындағы орнату жұмысы қолмен жүргiзiледi. Қада орнату және тiке қазу жұмыстары кәбiлдiк байланыс желiлерiн басқаратын кәсiпорын өкiлiнiң қатысуымен салушының күшi және оның құралдарымен орындалады. Кәбiл жолына қада қойылғанға дейiн жер қазу жұмыстарын жасауға жол берiлмейдi. I-6. Осы Ереженiң I-5 т. сәйкес, байланыс желiсiн басқаратын кәсiпорын мен салушы өкiлiнiң және Ереже бойынша қорғау аймағында жұмыс жүргiзетiн ұйым-мердiгер өкiлiнiң қатысуымен, кәбiл желiлерiнiң жолдарын анықтау жөнiнде жұмыс жүргiзу туралы акт жасалады. Актiде қазылған қазбалар мен орнатылған қадалар саны, сондай-ақ қорғау аймағында кәбiлдiк байланыс желiлерiн басқаратын кәсiпорын өкiлi қатысуға тиiстi жұмыс сатысы көрсетiледi. Актiге қол қойылғаннан кейiн байланыс желiсiнiң сақталуына салушы немесе мердiгер жауап бередi. I-7. Қорғау аймақтарында жұмыс басталғанға дейiн жұмыс жүргiзетiндер, шеберлер, бригадирлер, жер қазатын, жерге қатысты және басқа да құрылыс механизмдерi мен машиналардың машинистерi жер асты кәбiлдерi мен басқа да байланыс ғимараттары салынған жолдар туралы бiлуi тиiс. Оларға байланыс ғимараттарының сақталуын қамтамасыз ететiн қолмен және механикаландырылған тәсiлмен жер қазу жұмыстарын жүргiзудiң тәртiбi туралы нұсқама жүргiзiлуi тиiс. Оларға бұдан басқа, электр тогымен зақымданудың қауiптiлiгi және көрсетiлген байланыс желiлерiнiң зақымдануына жеке жауап беретiндiктерi туралы ескертiлуi тиiс. Қорғау аймақтарында жұмыс жүргiзуге жасалған нарядтарда жер асты және әуе байланыс желiлерiнiң болуы, осы желiлердi басқаратын кәсiпорын (ұйым) өкiлiнiң шақырылуы, ал қажеттi жағдайларда қолмен жасалатын тәсiлмен орындалатын жұмыс жасау сызбасы берiлгенi туралы айтылуы тиiс. Байланыс желiлерiн қорғау аймақтарында жұмыс прорабтың немесе шебердiң бақылауы бойынша орындалуы тиiс. I-8. Қорғау аймағында жұмыс жүргiзетiн ұйымдар немесе жеке азаматтар жұмыс басталғанға дейiн бiр тәулiктен кешiктiрмей, байланыс желiсiн басқаратын кәсiпорынға жүргiзiлетiн жұмысты орындау кезiнде кәсiпорын өкiлiнiң қатысуы қажеттiгi, жұмыс жүргiзiлу күнi мен сағаты туралы телефонаграмма арқылы хабар бередi. Байланыс желiлерiн басқаратын кәсiпорынның басшылары байланыс ғимараттарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың сақталуына техникалық бақылау жасау үшiн жұмыс орнына өз өкiлдерiнiң уақтылы келуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Ескерту: байланыс желiсiн басқаратын кәсiпорын, ұйым өкiлi немесе жұмыс жүргiзетiн жеке азаматтар жұмыс орнына келмеген жағдайда бұл туралы бiр тәулiк iшiнде байланыс кәсiпорнының басшысына телефонограмма арқылы хабарлауға мiндеттi. Аталған өкiлдер келгенге дейiн кәбiлдiк байланыс желiлерiнiң қорғау аймақтарында жер қазу жұмыстарын жасауға тыйым салынады. Кәбiлдiк байланыс желiсiн басқаратын кәсiпорын өкiлiнiң келмеуi себебiнен жұмысшылар мен механизмдердiң жұмыссыз тұрып қалуын осы кәсiпорын өтейдi. I-9. Қорғау аймағында жұмыс жүргiзуге жазбаша келiсiмi болмаса да, жұмыс жүргiзiлiп, телекоммуникация жүйелерiн қорғау Ережесi немесе осы Ереже талаптары бұзылған жағдайда байланыс желiсiн басқаратын кәсiпорын өкiлi жұмыстың тоқтатылуын талап етуге, сол сияқты құқық бұзушылық туралы тиiстi акт жасауға құқылы. I-10. Байланыс желiлерiн қорғау аймақтарындағы кiдiртуге болмайтын жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын талап ететiн апат жағдайларында, төмендегi талаптар орындалғанда ғана, байланыс желiлерi иелерiнiң алдын ала келiсiмiнсiз жұмыс жүргiзуге жол берiледi:
Тармақша а
а) тәулiк уақытына қарамастан, жұмысшыларды апат орнына бiр мезгiлде жiберу, апат болған орындарға жақын жерде жер асты байланыс желiлерi бар кәсiпорындарға олардың өкiлдерiнiң келу қажеттiлiгi туралы телефонограмма арқылы хабар берiледi
Тармақша б
б) осы Ереженiң 7 т. сәйкес, апат жұмыстары жүргiзiлетiн орындарда жұмысшыларға нұсқаулық жүргiзiлуi тиiс, осы жұмыстарға жауап беретiн адам ешқайда кетпей сол жерде болуға мiндеттi;
Тармақша в
в) осы Ереженiң 13 т. сәйкес, кәбiл иесiнiң өкiлi апат болған жерге келгенге дейiн қорғау аймағында жер қазу жұмыстары қолмен жасалуы тиiс. Байланыс кәбiлi табылған кезде оның зақымданудан сақталуы қамтамасыз етiлуi тиiс;
Тармақша г
г) апат болған жерге келген байланыс кәсiпорнының өкiлi желiлiк байланыс ғимараттарының тұрған орнын, олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды көрсетiп, жұмыс аяқталғанға дейiн қатысуға мiндеттi. I-11. Жобада байланыс желiлерiн ауыстыру қарастырылған орындарда жұмыс жүргiзу (жұмыс уақытында немесе үнемi) қолданыстағы байланыс желiлерiн қайта iске қосқаннан кейiн басталуы мүмкiн. Қолданыстағы байланыс желiлерiн жағадан салынған желiлерге қайта iске қосу жұмыстарын желiнi ауыстыру жөнiндегi жұмыстар аяқталғаннан кейiн, үш тәулiктен кешiктiрмей, осы желiлер қарамағына жататын кәсiпорын iске асырады. I-12. Құрылыс жұмыстарын iске асыратын ұйым иелерiнiң келiсiмi бойынша тiкелей жер асты кәбiлдiк байланыс желiлерi жолдары бойынша құрылыс механизмдерi мен көлiк қозғалысы үшiн уақытша жүрiс ұйымдастыру кезiнде, кәбiлдiк ғимараттарды механикалық зақымдардан қорғау жүргiзiледi. Мысалы, ағаш төсемдерiн, бетонды тақта, ұсақталған тас, қиыршық тас және т.б. ұнтақтарын төсеу жолымен. Сымдардың үзiлуiнiң алдын алу үшiн әуе байланыс желiлерi сымдарының астынан габариттi емес жүктердi тасыған кезде, оларды кемiнде 200 мм. ең жоғарғы жүк нүктесi және сымдар арасын саңылаумен қамтамасыз етiп, ең жоғарғы тiрек немесе траверс орнату жолымен уақытша көтеру жүргiзiледi. Бұл жұмыстарды құрылысты ұйымдастыру жобасында қарастырылуға тиiстi мүдделi ұйым қаржысы, жұмыс күшi және материалдары есебiнен желiнi басқаратын ұйым орындайды. I-13. Топырақты жер асты кәбiлдiк байланыс желiлерiне (5т. қараңыз) тiкелей жақын жерде өңдеуге шұғыл соққысыз, тек күректiң көмегiмен жасауға жол берiледi. Соқпа құралдарын (сүйемен, қайла, сына және пневматикалық құрал-саймандар) пайдалануға тыйым салынады. Қолданыстағы кәбiлдiк байланыс желiлерi түйiскен орындарда жер қазу жұмыстары барынша қысқа мерзiмде жүргiзiлуi тиiс. I-14. Кәбiлдiк байланыс желiлерiн жанап өтетiн терең ор мен шұңқыр қазған кезде құрылыс ұйымдары, оларды зақымданудан қорғау жұмыстарын жүргiзедi. Кәбiл немесе телефон құбырларының блоктары сидамдалған жағдайдың барлығында оларды қорғау жұмыс жасау жобасында әзiрленуi тиiс. Құбырда немесе блокта тартылған кәбiлдер құбырдың (блоктың) тек жоғарғы шетiне дейiн ғана қолмен жасау тәсiлiмен ашылады. Сосын оларды iлiп қоюға қажеттi арқалық салынады. Бұдан кейiн құбырдың немесе блоктың төменгi шетiне дейiн топырақ қазу жұмысы жалғаса бередi, олар iлiнiп, топырақты одан әрi қазу жүргiзiледi. Егер ор немесе су құбырын өңдеу кәбiл деңгейiнен төмен немесе одан тiкелей жақындықта жүргiзiлсе, онда төмен түсуiне және топырақтың жылжуына жол бермеуге шара қолданылуы тиiс. I-15. Байланыс кәбiлдерi тұрған аймақта мұздаған топырақты жылыту барысы топырақ температурасының кәбiл талсымы оқшауламасы мен қабының зақымдануын туғызбауы тиiс. Мұздаған топырақты сына-аспалы балғамен өңдеуге тыйым салынады. I-16. Байланыс кәбiлi мен телефон құбырының түйiскен орындарындағы орды көмiп тастау, қалыңдығы 0,1 м. аспайтын топырақ қабаттарымен мұқият тығыздау арқылы жүргiзiледi. Қысқы жағдайларда орды көмiп тастау құм немесе жұмсарған топырақпен жүзеге асырылады. Ор кәбiл төселген арқалық және қораппен бiрге жабылып, жабу жұмыстарына акт жасалады. I-17. Құрылыс жұмыстарын орындаған кезде жер асты кәбiл желiсi жолдарындағы өлшеу бағаналарын, сақтандыру белгiлерiн, таратқыш шкафтарды, телефон құдықтары (қорап), люк қақпақтарын құрылыс материалдары немесе топырақпен жауып тастауға, сол сияқты осы желiде қызмет көрсететiн кәсiпорындардың келiсiмiнсiз қолданыстағы байланыс ғимараттарын ауыстыруға тыйым салынады. I-18. Жер қазу жұмыстарын орындаған кезде, техникалық құжатта көрсетiлмеген кәбiлдiк байланыс желiлерi табылған жағдайда жер қазу жұмыстары шұғыл тоқтатылуы тиiс. Осыған орай, байланыс кәбiлдерiн механикалық зақымданудан сақтау жөнiнде қажеттi шаралар қолданылады. Жұмыс жүргiзiлетiн орынға байланыс кәсiпорын өкiлдерi шақырылады.
Бөлім ii. II ТАРАУ
II ТАРАУ ОСЫ ЕРЕЖЕНIҢ БҰЗЫЛУЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ЖАУАПКЕРШIЛIК II-1. Осы Ереженiң бұзылғаны үшiн тәртiптiк, материалдық және әкiмшiлiк жауапкершiлiк белгiленедi. II-2. Байланыс ғимараты бұзылған жағдайда жұмыс жүргiзушi осы ғимараттың иелерi мен қалалық немесе аудандық әкiмшiлiктiң тиiстi бөлiмiне бұзылым туралы, жұмыс күшi мен механизмдер бөле отырып, апатты тез арада жоюға көмек көрсету туралы шұғыл хабарлауға мiндеттi. Байланыс ғимаратын басқаратын кәсiпорын мен жұмыстарды орындайтын ұйым, бұзылымның себептерi туралы акт жасайды, бұл Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдылықтарға сәйкес, айыпкердi жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн аудандық әкiмшiлiктiң (қалалық) әкiмшiлiк комиссиясы немесе тергеу орындарына жiберiледi. II-3. Осы Тәртiптiң орындалуын бақылау жергiлiктi бақылау органдары мен "Алматытелеком" ҚТО басқада меншік түріне қарамастан телекоммуникациялық желілер иелерінің байланыс кәсiпорнына жүктеледi. 📌 Ескерту. Шешім толықтырылды - Алматы қалалық Мәслихатының IІ сайланған VІIІ сессиясының 19.01.2001 шешімімен.