Об утверждении Требований к осуществлению страховой организацией, филиалом страховой организации-нерезидента Республики Казахстан страховой деятельности, в том числе во взаимоотношениях с участниками страхового рынка, к договору поручения, заключаемому между страховой организацией и страховым агентом, и полномочиям страхового агента на осуществление посреднической деятельности на страховом рынке, а также минимальной программы обучения страховых агентов и требований к порядку проведения обучения Қолданыста
Басқа 0
Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1, 18 және 18-1-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Талаптардың 3-тармағының 12) тармақшасын қоспағанда, оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
Тармақ 4
4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Басқа 0. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қо
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 25 қаулысымен бекітілді
Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Осы Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-1, 18 және 18-1-баптарына сәйкес сақтандыру шарттарын жасау және орындау кезінде, оның ішінде сақтандыру агенті сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын процестерді реттеу мақсатында әзірленді.
Сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының адал іс-қимылын қамтамасыз ету, сондай-ақ сақтанушыларға зиян келтірудің алдын алу мақсатында, осы Талаптармен сақтандыру қызметіндегі жосықсыз практикалардың түрлері мен белгілері, оларды анықтау тәртібі, сақтанушылардың жолданымдарын қарауға қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтанушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларға қойылатын талаптар белгіленеді.
Талаптарға сәйкес дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Сақтандыру ұйымының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды реттейтін ережелері «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
Тармақ 2
2. Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) сақтандыру оқиғасы – нәтижесінде сақтандыру объектісіне немесе үшінші тұлғаға зиян келтірілген және кейіннен сақтандыру жағдайы болып танылуы мүмкін оқиға;
Тармақша 2
2) тапсырма шарты – тараптар арасында жазбаша нысанда жасалатын шарт, оған сәйкес бір тарап (сақтандыру агенті) осы Талаптарда көзделген өкілеттіктері шегінде сыйақы үшін басқа тараптың (сақтандыру ұйымының) атынан және оның тапсыруымен ерікті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жасауға міндеттенеді.
Тармақ 2-1
2-1. Сақтандыру ұйымы, оның қызметкерлері және сақтандыру агенттері сақтандыру өнімдерін ұсыну кезінде жосықсыз практикаларға жол бермейді.
Жосықсыз практикалар түрлеріне оның ішінде мыналар жатады:
Тармақша 1
1) сақтанушыны оның мәлімделген қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін сақтандыру өнімін сатып алуға ынталандыру;
Тармақша 2
2) сақтандыру өнімінің елеулі шарттары мен тәуекелдері туралы ақпаратты жасыру, бұрмалау не толық ашпау;
Тармақша 3
3) сақтандыру өнімін немесе сақтандыру ұйымын таңдау еркіндігін шектейтін жағдайлар жасау;
Тармақша 4
4) сақтандыру өнімдерін және (немесе) қосымша қызметтерді таңу, сондай-ақ оларды сатып алудан бас тарту құқығы туралы ақпаратты жасыру;
Тармақша 5
5) сақтанушыны жаңылыстыратын не оның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік).
Сақтандыру өнімдерін ұсыну кезінде сақтандыру ұйымдары өз қызметкерлері мен сақтандыру агенттерінің қызметінің жосықсыз іс-қимыл, жосықсыз практикалар тәуекелдерін анықтау және алдын алу және олардың алдын алу мен жою үшін қажетті түзету шараларын қабылдау мақсатында ішкі құжаттармен айқындалатын тәртіппен және кезеңділікпен тұрақты мониторингті қамтамасыз етеді. Қызметтің тұрақты мониторингі мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
сақтандыру өнімдерін түпкілікті сатып алуды жүргізу;
сақтандыру өнімдері бойынша жолданымдар туралы деректерді талдау;
сақтанушылардың көрсетілген сақтандыру қызметтерімен қанағаттануын өлшеу.
Тармақ 2-2
2-2. Сақтандыру ұйымы қызмет көрсету тәсіліне қарамастан консультация беру және сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымының қызметкерлері мен сақтандыру агенттерінің сақтандыру өнімдері туралы ақпаратты сақтанушыға жеткізудің міндетті тізбесін, мазмұнын, нысанын және дәйектілігін белгілейтін ішкі құжатты (сақтандыру өнімдері бойынша ақпаратты ашу жөніндегі нұсқауды) бекітеді.
Ішкі құжат сақтандыру ұйымының барлық қызметкерлері мен сақтандыру агенттерінің қолдануы үшін міндетті және сақтандыру ұйымы олардың қызметін оқыту, бақылау және мониторингтеу кезінде пайдаланады.
Сақтандыру ұйымының қызметкерлері мен сақтандыру агенттері сақтандыру өнімдері туралы ақпаратты ашуды консультация берудің, сақтандыру шартын жасау мен ілеспе қызмет көрсету кезеңдерінде тегін жүзеге асырады.
Сақтандыру өнімі, сақтандыру өнімінің ерекшеліктері, шарттары мен тәуекелдері туралы ашылатын ақпарат шынайы нысанда баяндалады, анық және әртүрлі түсіндіруге болмайтын мағынаға ие болады.
Сақтанушымен сақтандыру шарты жасалғанға дейін сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агенттері сақтанушыға жазбаша нысанда мынадай құжаттарды ұсынады:
сақтандыру өнімінің ерекшеліктері, шарттары мен тәуекелдері туралы ақпаратты қоса алғанда, қысқа және қолжетімді нысанда сақтандыру өнімі туралы негізгі ақпаратты қамтитын негізгі ақпараттық құжат;
сақтандыру шартының жобасы – сақтанушының қалауы бойынша.
Сақтанушының көрсетілген құжаттармен танысуы оның қолымен расталады және сақтандыру шартын жасасу кезінде осы сақтандыру шарты бойынша сақтанушының сақтандыру досьесіне қоса тіркеледі.
Сақтандыру шартын электрондық нысанда жасау кезінде сақтанушының осы тармақта көзделген құжаттармен танысуы сақтанушының сақтанушыны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін электрондық нысанда тиісті белгі қоюымен, сондай-ақ мұндай танысудың күні мен уақытын растайды.
Сақтанушымен оның жеке қатысуынсыз, сақтандыру ұйымының интернет-ресурсы, мобильді қосымша, жеке кабинет немесе өзге де ақпараттық арналар арқылы өзара іс-қимыл жасау кезінде ақпаратты ашу жеке өзара іс-қимылмен салыстырылатын көлемде және форматта жүзеге асырылады.
Сақтандыру ұйымы сақтанушылардың мүмкіндіктері мен түсіну деңгейін ескере отырып, ақпаратты ашу тәсілдерін бейімдеуді қамтамасыз етеді.
Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ақпаратты ашу олардың қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады және оларға осы тармақта көзделген ақпараттан басқа, қолжетімді қызмет көрсету арналары мен оларды пайдалану тәртібі, бейімделген қызмет көрсету кеңселері мен өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының болуы мен жұмыс режимі, құжаттар мен ақпарат алу форматтары, сақтанушының не оның өкілінің өтініші бойынша жекелеген қызмет көрсету арналарын шектеу немесе ажырату мүмкіндіктері, сақтандыру ұйымының интернет-ресурсы, мобильді қосымша, жеке кабинет немесе өзге де ақпараттық арналар арқылы қызмет көрсету кезіндегі шектеулер және оларды белгілеу тәртібі, сондай-ақ құжаттарға қол қою, сақтанушының ерік білдіруін растау және сақтандыру ұйымының интернет-ресурсы, мобильді қосымша, жеке кабинет немесе өзге де ақпараттық арналар арқылы қызмет көрсету кезінде сақтандыру ұйымы қызметкерлерінің консультацияларын алу тәсілдері туралы мәліметтерді жіберуді қамтиды.
Сақтандыру ұйымы сақтанушылардың офистерде, сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында және мобильді қосымшада сақтандыру өнімдері туралы жалпы ақпаратқа тұрақты және еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру агентінің сақтанушымен (сақтандырудың ерікті түрлері бойынша) сақтандыру шартын жасау процесін ұйымдастыру мынадай кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) сақтандыру ережелерімен танысу және сақтандыру шартының мынадай талаптары жөнінде шынайы және толық ақпарат беру:
сақтандыру тарифтері мен сақтандыру сомаларының мөлшері;
сақтандыру сыйлықақыларын төлеу мерзімі;
сақтандыру шартының күшіне ену мерзімі;
сақтандыру оқиғалары, оның ішінде сақтандыру жағдайларының түрлерін және сақтандыру оқиғасының және (немесе) сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарлау тәртібін сипаттау;
сақтанушының, оның ішінде сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы басталған кездегі құқықтары мен міндеттері;
шарт талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі;
сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату салдары;
жеңілдік берілетін тұлғалардың тізбесі көрсетілген жеңілдіктердің болуы;
сақтандыру түріне тән өзге де маңызды талаптар;
Тармақша 2
2) егер сақтандыру шарты қосылу шарты нысанында жасалса – сақтандыру қағидаларының көшірмесін қағаз тасымалдағышта беру не сақтанушыға сақтандыру қағидаларының электрондық (сканерленген) көшірмесін немесе сақтандыру ұйымының интернет-ресурсындағы немесе сақтандыру ұйымы әріптесінің интернет-ресурсындағы сақтандыру қағидаларының жарияланымына сілтемелерді жіберу (сақтанушының таңдауы бойынша);
Тармақша 3
3) сақтандыру шартын жасасуға қажетті ақпарат пен құжаттарды (құжаттардың көшірмелерін) алу;
Тармақша 4
4) сақтандыру шартын жасасуға негіз болатын (сақтандыру қағидаларында немесе «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Туристі міндетті сақтандыру туралы», «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы», «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында талаптар болған кезде (бұдан әрі - міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілері), оның ішінде сақтанушыны сақтандыру талаптарымен таныстыру туралы белгіні қамтитын өтінішті толтыру;
Тармақша 5
5) сақтандыру объектісін қарау және (немесе) бағалау, оның ішінде оны жүргізу үшін мамандарды тарта отырып (қажет болғанда) бағалау (жеке сақтандыру шарттары бойынша медициналық куәландыру). Сақтандыру объектісін қарау кезінде сақтандырушының ішкі құжаттарында көзделген нысан бойынша тиісті акт жасалады;
Тармақша 6
6) сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру өтемінің талаптарын анықтау;
Тармақша 7
7) сақтандыру ұйымының ішкі қағидаларында белгіленген мерзімде тәуекел дәрежесін бағалау үшін сақтандыру объектісіне қатысты сақтанушы хабарлаған мәліметтер мен құжаттарды тексеруді жүзеге асыру арқылы түрлері, талаптары мен тәртібі міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленетін міндетті сақтандыру шарттарын қоспағанда, сақтандыру шартын жасасу мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;
Тармақша 8
8) сақтандыру объектісі және сақтандыруға қабылданатын тәуекелдер бойынша сақтандыру тарифін анықтау;
Тармақша 9
9) сақтандыру сомасын келісу және сақтандыру сыйлықақыларын есептеу;
Тармақша 10
10) сақтанушының:
фискальді чекті ала отырып, сақтандырушының кассасына;
сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы растайтын құжатты ала отырып сақтандыру агенті-жеке тұлғаға;
фискальді чекті ала отырып сақтандыру агенті-заңды тұлғаға;
қолма-қол ақшасыз төлеуге жататын сақтандыру сыйлықақысы (сақтандыру жарнасы);
Тармақша 11
11) сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, сақтандыру агенті туралы ақпаратты көрсетумен сақтандыру полисін ресімдеу (қосылу шартын жасасу) не жеке сақтандыру шартын жасасу;
Тармақша 12
12) сақтандыру ұйымының талдамалық есебінде және бағдарламалық қамтылымында Талаптарға 1-қосымшада көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы ақпаратты көрсету.
Сақтандыру ұйымы аталған ақпаратты алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ақпаратты енгізуді қамтамасыз етеді.
Сақтанушымен сақтандыру шарты сақтандыру ұйымы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген клиентті тиісінше тексеру бойынша шараларды сақтандыру ұйымы қабылдағаннан кейін жасалады. Сақтандыру ұйымы тапсыру шарттары жасалған сақтандыру агенттерінің клиентті тиісінше тексеру бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Сақтандыру шартына өзгерістер енгізу мынадай рәсімдерден құралады:
Тармақша 1
1) сақтанушыдан еркін нысанда немесе сақтандыру ережелерінде белгіленген нысанда жасалған, сақтандыру шартында қамтылған талаптардың немесе мәліметтердің өзгеру себептері міндетті түрде көрсетілген сақтандыру шартына өзгерістер енгізу туралы өтінішті қабылдау;
Тармақша 2
2) қосымша келісім жасасу және оған тараптардың қол қоюы арқылы сақтандыру шартына өзгерістер енгізу.
Сақтандырушының бір жақты тәртіппен әзірлеген үлгілік талаптарына (сақтандыру қағидаларына) сақтанушының қосылуы және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін ресімдеуі арқылы жасасқан сақтандыру шартының (қосылу шарты) қолданылуы онда көрсетілген талаптар мен мәліметтер өзгерген кезде мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 5
5. Сақтандыру ұйымы әрбір жасасқан сақтандыру шартына қатысты сақтандыру ісін қалыптастырады, оның мазмұнына қойылатын талаптар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17462 болып тіркелген «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысында белгіленген.
Тармақ 5-1
5-1. Сақтандыру ұйымы жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын оны жасаған сәттен бастап бір жұмыс күн ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тізіліміне енгізеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тізілімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) сақтанушы туралы мәліметтер:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлғаның);
атауы (заңды тұлғаның);
сақтандыру шартының нөмірі;
сақтандыру шарты жасалған күн;
сақтандыру шартының күшіне енгізілген және қолданысы аяқталған күн;
жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаның);
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаның);
Тармақша 2
2) сақтандырылған адам туралы мәліметтер:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлғаның);
атауы (заңды тұлғаның);
сақтандыру шартының нөмірі;
сақтандыру шарты жасалған күн;
сақтандыру шартының күшіне енгізілген және қолданысы аяқталған күн;
жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаның);
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаның);
Тармақша 3
3) қайта сақтандырушы туралы мәліметтер:
қайта сақтандырушының атауы;
қайта сақтандыру шартының нөмірі;
қайта сақтандыру түрі;
қайта сақтандыру шартын жасаған күні;
сақтандыру шартының күшіне енгізілу және қолданылуы аяқталу күні;
қайта сақтандырушы резиденттiгiнiң мәртебесi;
Тармақ 6
6. Сақтандыру ұйымының сақтандыру шартын орындау процесін ұйымдастыруы мынадай кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы туралы хабарлаған кезде сақтандыру ұйымының жауапты қызметкерінің сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы туралы мәліметті шығындарды есепке алу журналына тіркеуі, егер аталған міндет сақтандыру шартында (сақтандыру қағидаларында) көзделсе;
Тармақша 2
2) міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде не өтініш берушінің (сақтанушының, сақтандырылушының, пайда алушының не олардың өкілдерінің) сақтандыру шартында (сақтандыру қағидаларында) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы жазбаша немесе электрондық нысандағы өтінішті қабылдау.
Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі өтініште пайда алушы туралы мынадай мәліметтерді қамтылады:
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
тұрғылықты жері;
байланыс телефондары;
сақтандыру төлемдерін алу тәртібі – қолма-қол ақшамен не банктік шотына аударым жасау арқылы;
банк деректемелері (қажет болғанда);
міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде немесе сақтандыру ұйымының ішкі қағидаларында көзделген мәліметтер;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің (сақтанушының, сақтандырылушының, пайда алушының не олардың өкілдерінің) сақтандыру төлемдерін алуға ұсынған құжаттарының сақтандыру шартының (сақтандыру қағидаларының) не міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес келуін, оның ішінде құжаттардың толық топтамасының болуын тексеру;
Тармақша 4
4) сақтандыру сыйлықақыларын (сақтандыру жарналарын) төлеу бойынша сақтанушының дебиторлық берешегінің болуын тексеру;
Тармақша 5
5) сақтандыру шартында (сақтандыру қағидаларында) немесе міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде осы құқық көзделген жағдайда, бүлінген мүлікті қарап тексеру;
Тармақша 6
6) сақтандыру оқиғасының басталу себептері мен мән-жайын анықтау, сондай-ақ өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде сақтандыру оқиғасы мен сақтандыру жағдайы арасындағы себепті байланысты растау, сондай-ақ өтініш берушіден сақтандыру жағдайын анықтау үшін мәні бар дәйекті мәліметтерді алу;
Тармақша 7
7) сақтандыру шартында (сақтандыру қағидаларында) немесе міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде келтірілген зиян мөлшерін бағалауды ұйымдастыру не айқындау;
Тармақша 8
8) сақтандыру төлемін жүзеге асыру не оны жүзеге асырудан сақтандыру шартында (сақтандыру қағидаларында) не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негіздер бойынша толық немесе ішінара бас тарту туралы шешім қабылдау;
Тармақша 9
9) бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесімен бірге сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді сақтандыру шартында (сақтандыру қағидаларында) не міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша немесе электрондық нысанда жіберу;
Тармақша 10
10) сақтандыру шартында (сақтандыру қағидаларында) не міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін қолма-қол ақшамен не сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтінішке сәйкес банк шотына аудару арқылы жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) сақтанушыға (сақтандырылушыға) немесе өзге де тұлғаға сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында, егер осы шығыстар қажет болған немесе сақтандыру ұйымының нұсқауларын орындау үшін жұмсалған болса, олар жұмсаған шығыстарды өтеу.
Тармақ 7
7. Жеке немесе заңды тұлға тапсырма шартын жасасу үшін сақтандыру ұйымына сақтандыру ұйымының ішкі құжаттарында көзделген құжаттарды қоса бере отырып еркін нысанда жазылған өтініш ұсынады.
Тармақ 7-1
7-1. Сақтандыру ұйымы жеке тұлға клиентпен жинақтаушы сақтандыру шартын жасаған кезде осындай клиент ұсынған мәліметтер негізінде жеке тұлға клиенттің салық резиденттігін белгілейді.
Тармақ 8
8. Сақтандыру агентімен тапсырма шартын жасасқаннан кейін сақтандыру ұйымы:
Тармақша 1
1) сақтандыру агенті туралы ақпаратты Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру ұйымының жауапты қызметкері жүргізуді жүзеге асыратын сақтандыру агенттерінің тізіліміне электрондық нысанда кіргізеді;
Тармақша 2
2) тапсырма шартын жасасқан күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттің қатысуымен дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізілген сақтандыру агенті туралы ақпаратты электрондық нысанда жібереді;
Тармақша 3
3) сақтандыру агентін сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс қимылдар мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) Заңның 18-1-бабы 2-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес сақтандыру агенттері тізіліміне енгізілгеннен кейін кемінде үш жылда бір рет сақтандыру агентінің кәсіби қайта даярлаудан өтуін ұйымдастырады.
Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентімен тапсырма шартын бұзу кезінде тапсырма шартын бұзған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттің қатысуымен дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға тиісті ақпаратты электрондық нысанда жібереді.
Тармақ 8-1
8-1. Сақтандыру ұйымы Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру агенттерінің тізілімін жүргізеді.
Сақтандыру агенттерінің тізілімі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) уәкілетті органның талабы бойынша оның сұратуында көрсетілген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуға жатады.
Заңды тұлға болып табылатын сақтандыру агенті Талаптарға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лауазымдық міндеттеріне сақтандыру шарттарын жасасу кіретін қызметкерлердің тізімін жүргізеді.
Сақтандыру ұйымы мемлекеттің қатысуымен дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымдағы сақтандыру агенттері тізілімінің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Сақтандыру агенті қызметінің талаптары мен өкілеттігі осы Талаптарды ескере отырып, тапсырма шартта белгіленеді.
Тармақ 9-1
9-1. Сақтандыру агентінің Заңның 18-2-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері бар.
Тармақ 9-2
9-2. Қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агентін қоспағанда, сақтандыру агенті Заңның 18-бабының 1-1-тармағына сәйкес үшінші тұлғалар алдында өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың қолданыстағы шарты болған кезде сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Сақтандыру агенті өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін сақтандыру ұйымы оған мынадай ақпарат пен құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша сақтандыру шарттарының (сақтандыру полистерінің) бланкілері не нысандары, олардың шеңберінде сақтандыру агенті шартта белгіленген өкілеттіктеріне сәйкес сақтандыру шарттарын жасау құқығына ие болады;
Тармақша 2
2) сақтандыру ережелерінің көшірмелері;
Тармақша 3
3) сақтандырудың ерікті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның көшірмесі;
Тармақша 4
4) сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша сақтандыру тарифтері туралы ақпарат;
Тармақша 5
5) сақтанушының танысуына қажетті өзге де құжаттар мен ақпарат.
Тармақ 11
11. Сақтандыру ұйымы осы Талаптардың 3-қосымшасына сәйкес сақтандыру полистерінің бланкілерін есепке алу журналын жүргізеді.
Тармақ 12
12. Заңды тұлғалар – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, сақтандыру брокерлерінде және сақтандыру агенттерінде, жеке тұлғалар – актуарийлердегі және сақтандыру агенттеріндегі құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау тәртібі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14309 болып тіркелген «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарды сақтау қағидаларын және Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарының тізбелерін және оларды сақтау мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 171 қаулысына сәйкес айқындалады.
Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарды сақтауы қағаз және (немесе) электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Сақтандыру ұйымы қызметінің талаптары өзгерген жағдайда не сақтандыру агентінің қызметіне, ерікті сақтандыру түрлері жөніндегі қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртібіне әсер ететін Қазақстан Республикасының заңнамалары өзгерген кезде сақтандыру ұйымы бұл туралы сақтандыру агентіне қажетті құжаттарды қоса бере отырып, электронды тәсілмен не телефон және (немесе) өзге байланыс түрлері арқылы екі жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Сақтандыру агентінің электронды хабарламаны алғаны расталмаған жағдайда не онымен байланыс (телефон және өзге) болмаған кезде сақтандыру ұйымы оған осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпаратты осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде тапсырыс хатымен жібереді. Адресаттың (сақтандыру агентінің) болмауы туралы белгімен тапсырыс хаты қайтып келген кезде сақтандыру ұйымы оның орналасқан жерін белгілеу шараларын жүзеге асырады.
Тармақ 14
Тармақ 15
15. Сақтандыру агенті алған сақтандыру сыйлықақыларын толық көлемде сақтандырушының кассасына не оның банктік шотына мынадай кезеңділікпен тапсыруы тиіс:
күн сайын - астанада және республикалық маңызы бар қалаларда делдалдық қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенті үшін;
апта сайын - басқа да елді мекендерде делдалдық қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенті үшін.
Тармақ 16
16. Сақтандыру агентіне комиссиялық сыйақы төлеуді сақтандыру ұйымы:
сақтандыру ұйымының сақтанушыдан алынған сақтандыру сыйлықақыларын немесе жарнасын төлегеннен кейін ғана жүзеге асырады;
сақтандыру ұйымы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу үшін белгіленген кезеңділікпен қолма-қол емес нысанда жүзеге асырады.
Комиссиялық сыйақы мөлшері тапсырма шартында белгіленеді.
Тармақ 17
17. Сақтандыру агентінің өкілеттіктеріне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) сақтандыру шартын жасасу үшін әлеуетті сақтанушыларды іздестіру;
Тармақша 2
2) сақтанушыларға сақтандыру ұйымы туралы ақпаратты ұсыну;
Тармақша 3
3) сақтанушыларға сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын, олардың қызығушылығын туғызатын сақтандыру түрлері бойынша кеңес беру, сақтанушыларға сақтандыру шартын әртүрлі талаптармен жасасу мүмкіндігін түсіндіру және сақтандыру бойынша өзге де консультациялық қызметтер көрсету;
Тармақша 4
4) сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) жасасуға қажетті құжаттарды әзірлеу немесе ресімдеу;
Тармақша 5
5) сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсыруымен сақтандыру шартына қол қою;
Тармақша 6
6) сақтанушыларға кезекті сақтандыру жарнасын төлеу қажеттілігі туралы хабарламаларды жіберу;
Тармақша 7
7) жасалған сақтандыру шарттары бойынша кезекті сақтандыру жарналарының төленуіне бақылау жасау.
Тармақ 18
18. Сақтандырушы өзіне берілген өкілеттіктері шеңберінде сақтандыру агенті қызметінің мынадай талаптарын айқындайды:
Тармақша 1
1) сақтандыру агентінің сақтанушыға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17806 болып тіркелген «Сақтандыру полистерінің мазмұнына және ресімделу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 269 қаулысында белгіленген талаптарға сәйкес сақтандыру полисін ресімдеуі (қосылу шартын жасасқан жағдайда);
Тармақша 2
2) сақтандыру шартын жасасуға арналған барлық ақпаратты (сақтандыру тарифтерін, франшиза мөлшерін, қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін, сақтанушы үшін көрсетілетін қосымша қызметтердің аясын) бере отырып, жеке сақтандыру шартын жасасу;
Тармақша 3
3) сақтандыру түрлерін (сыныптарын) айқындау, оның шеңберінде сақтандыру агенті сақтандыру шарттарын жасау құқығына ие болады;
Тармақша 4
4) жеке сақтандыру шарты және жиынтық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын қолма-қол нысанда қабылдауға лимиттер белгілеу.
Тармақ 19
Тармақ 20
20. Тапсырма Шартында мынадай мәліметтер болу тиіс:
Тармақша 1
1) тапсырма шартының нөмірі;
Тармақша 2
2) сақтандыру ұйымының атауы, оның атынан сақтандыру агенті делдалдық қызметін жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) сақтандыру агентінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке басын куәландыратын құжатты берген күні және органы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, заңды мекен-жайы (жеке тұлғалар үшін);
сақтандыру агентінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері, заңды мекен-жайы, банк деректемелері (заңды тұлғалар үшін), телефондардың байланыс нөмірлері;
Тармақша 4
4) тапсырма шартының мәні (тапсырма шарты бойынша сақтандыру шартын жасасу бойынша делдалдық қызмет көрсетулерін Заңға сәйкес сақтандыру ұйымының тапсырмасы бойынша);
Тармақша 5
5) сақтандыру объектісін көрсету;
Тармақша 6
6) Заң талаптарын ескере отырып сақтандыру агентінің өкілеттігі;
Тармақша 7
7) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 8
8) тараптардың жауапкершілігі;
Тармақша 9
9) Заң талаптарын ескере отырып комиссиялық сыйақыларының мөлшері;
Тармақша 10
10) қосымша талаптары;
Тармақша 11
11) тапсырма шартының қолданылу аумағы;
Тармақша 12
12) тапсырма шартының қолданылу мерзімі;
Тармақша 13
13) тапсырма шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;
Тармақша 14
14) тапсырма шартын бұзу және тоқтату тәртібі;
Тармақша 15
15) тараптардың деректемелері;
Тармақша 16
16) тапсырма шартын жасасу күні, орны.
Тармақ 21
21. Сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағдарламасы («жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру ұйымдары үшін) Талаптарға 5-қосымшада көзделген, сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағдарламасы («өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру ұйымы үшін) Талаптарға 6-қосымшада көзделген. Сақтандыру ұйымы, қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агенті немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі өз қалауынша сақтандыру агенттерін оқыту бағдарламасын делдалдық қызмет мәселелеріне қатысты қосымша пәндермен толықтырады.
Тармақ 22
22. Заңның 18-1-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган белгілеген сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағдарламасына қатысу үшін сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген өтініш беруші (бұдан әрі - өтініш беруші) сақтандыру ұйымына, қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агентіне немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігіне еркін нысанда өтініш береді.
Тармақ 23
23. Өтініш берушілердің сақтандыру ұйымы не қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агенті өз қызметкерлерін сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағдарламасы бойынша өз бетінше оқытуды аяқтағаннан кейін өтініш берушілердің тізімін сақтандыру ұйымы, қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агенті сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағдарламасын білуге емтихан өткізу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігіне жібереді.
Тармақ 23-1
23-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігі өтініш берушілер оқуды аяқтаған не сақтандыру агенттерін оқыту бағдарламасы өтініш берушілерінің тізімін алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағдарламасын білуге емтихан өткізеді.
Тармақ 24
24. Емтихан тізбесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігі дайындайтын мәселелер бойынша тестілеу нысанында өткізіледі және оны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің бірінші басшысы, ол болмаған кезінде оның орынбасары бекітеді.
Емтиханды өткізу тәртібі мен рәсімі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің ішкі құжаттарында белгіленеді.
Тармақ 25
25. Өтініш беруші емтихан аяқталғаннан кейін тесттің нәтижелерімен танысады.
Емтихан нәтижесі оқудың барынша аз бағдарламасы бойынша емтихан тапсыруды растайтын куәлікте көрсетілу тиіс.
Тармақ 26
26. Емтихан нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші тестілеу рәсімін аяқтағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігіне апелляциялық шағыммен жазбаша өтініш білдіреді.
Өтініш берушінің апелляциялық шағымын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің Аппеляциялық комиссиясы қарайды.
Тармақ 27
27. Емтиханнан өткеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі өтініш берушіге Талаптардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша емтиханның жиынтық нәтижелерін көрсете отырып, сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағдарламасы бойынша емтихан тапсырғанын растайтын сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағдарламасы бойынша емтиханнан өткені туралы куәлік беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 28
Тармақ 29
29. Сақтандыру ұйымы сақтандыру өнімдерінің шарттарын, сақтандыру тәуекелдерін және қабылданатын шешімдердің салдарын түсінуді қалыптастыруға бағытталған, жұмыс істеп тұрған және әлеуетті сақтанушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасын жыл сайын әзірлейді және бекітеді.
Қаржылық сауаттылықты арттыру бағдарламасы сақтанушылармен өзара іс-қимыл жасау кезінде (сату және қызмет көрсету офистерінде, интернет-ресурста, мобильді қосымшада, консультациялар беру кезінде, баспа материалдары арқылы) қазақ және орыс тілдерінде тұрақты негізде іске асырылады.
Қаржылық сауаттылықты арттыру бағдарламасы оның ішінде мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) сақтандыру өнімдерінің шарттарын, сақтандыру тәуекелдері мен ерекше жағдайларды түсіндіру;
Тармақша 2
2) сақтанушылардың құқықтары мен міндеттері, жолданым беру тәртібі және құқықтарды қорғау туралы хабардар ету;
Тармақша 3
3) интернет-ресурсты, мобильді қосымшаны, жеке кабинетті пайдалану ерекшеліктері және олармен байланысты тәуекелдер туралы хабардар ету.
Сақтандыру ұйымы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды қоса алғанда, өзінің интернет-ресурсында қаржылық сауаттылық бойынша жалпыға қолжетімді материалдар орналастыруды қамтамасыз етеді.
Сақтандыру ұйымы ішкі құжаттарда белгіленген тәртіппен қаржылық сауаттылықты арттыру бағдарламасының нәтижелері мен анықталған іс-қимыл тәуекелдерін ескере отырып, оны жыл сайын түзетеді.
Тармақ 30
30. Сақтандыру ұйымы сақтанушылардың жолданымдарын осы Талаптарда, сондай-ақ сақтандыру ұйымы сақтанушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау саясаты мен рәсімдерінде белгіленген тәртіппен қарауын қамтамасыз етеді.
Сақтанушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау саясаты мен рәсімдерін сақтандыру ұйымы бекітеді және айқындайды, оның ішінде:
Тармақша 1
1) басқару органының және атқарушы органның сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауы үшін жауапкершілігін;
Тармақша 2
2) жолданымдарды қарауға қатысатын сақтандыру ұйымы қызметкерлерінің және бөлімшелерінің функцияларын, өкілеттіктері мен жауапкершілігін бөлуді;
Тармақша 3
3) сақтанушылармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қызметкерлер мен сақтандыру агенттерінің кәсіптік құзыретіне қойылатын талаптарды;
Тармақша 4
4) 02.07.2026 қолданысқа енгізіледі - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2026 № 82 қаулысымен.
Тармақша 5
5) дауларды реттеу және сақтандыру омбудсманымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
📌 Ескерту. 30-тармақтың 5) тармақшасының осы редакциясы 01.01.2027 дейін қолданылады -ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2026 № 82 қаулысымен.
Тармақша 6
6) жосықсыз практикалардың алдын алу жөніндегі шараларды;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелерді айқындайды.
Сақтандыру ұйымының сақтанушылардың жолданымдарын қарауы сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау саясаты мен рәсімдеріне, сондай-ақ «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17462 болып тіркелген) көзделген, клиенттердің сақтандыру қызметтерін көрсету процесінде келіп түскен жолданымдарын қараудың ішкі тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады және сақтанушылардың мынадай:
сақтандыру өнімдерін ұсыну мәселелері бойынша жеке немесе заңды тұлғаның жолданым беру сервисі көзделген сақтандыру ұйымының қолма-қол, пошта не сақтандыру ұйымының интернет-ресурсы немесе мобильді қосымшасы арқылы не ақпараттандыру нысандары арқылы келіп түскен жазбаша жолданымдармен;
сақтанушы телефон арқылы не сақтандыру ұйымының кеңсесіне жеке келген кезде келіп түскен ауызша жолданымдармен жұмысты қамтиды.
Интернет-ресурста және (немесе) мобильді қосымшада нақты уақыт режимінде хабарлармен алмасу жүйесі арқылы жіберілген және (немесе) сақтандыру ұйымының атына тіркелген абоненттік нөмірлерге келіп түскен хабарлар сақтанушылардың жолданымдары болып танылмайды және ақпараттық сипаттағы ретінде қаралады. Сақтанушы нақты уақыт режимінде хабарлармен алмасу жүйесі арқылы шағым, талап жіберген немесе сақтандыру ұйымының әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда, сақтанушыға осы Талаптарға сәйкес жолданым беру тәртібі түсіндіріледі.
Мынадай жолданымдар:
Тармақша 1
1) қызметкердің бір мезгілде сақтанушы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, сақтандыру ұйымы қызметкерлерінің, егер олар сақтандыру қызметтерін ұсынумен байланысты болмаса, еңбек және әлеуметтік мәселелер бойынша жұмыс берушіге жүгінуі;
Тармақша 2
2) акционерлер, қатысушылар, басқару органдарының мүшелері және сақтандыру ұйымдары арасындағы сақтандыру қызметтерін көрсетуге байланысты емес корпоративтік жанжалдар мен даулар;
Тармақша 3
3) сақтандыру қызметтерін көрсетуге жатпайтын (жалдау, жеткізу, мердігерлік, аутсорсинг, АТ-сүйемелдеу) сақтандыру шарттары бойынша сақтанушы болып табылмайтын контрагенттердің жолданымдары;
Тармақша 4
4) сақтандыру ұйымының іс-әрекеттеріне қанағаттанбаушылық білдіруді қамтымайтын ақпаратқа немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіруге сұрау салулар;
Тармақша 5
5) егер сақтанушының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы мәліметтерді қамтымайтын болса, сақтандыру ұйымының есептілік (салық есептілігі, статистикалық немесе басқа да есептілік) беруіне байланысты сұрау салулар;
Тармақша 6
6) нақты сақтанушының құқықтарының бұзылуын көрсетпей, Қазақстан Республикасының заңнамасын болжамды бұзу, сыбайлас жемқорлық, теріс пайдалану туралы жолданымдар;
Тармақша 7
7) нақты сақтанушының мүддесі үшін жолданымдарды қоспағанда, нақты сақтандыру шарты бойынша сақтанушылар болып табылмайтын бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіптік және қоғамдық бірлестіктердің жолданымдары;
Тармақша 8
8) сақтанушылардың дербес жолданымдарын қамтымайтын бақылау, қадағалау және құқық қолдану мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен хат алмасу;
Тармақша 9
9) мазмұнын және (немесе) өтініш берушінің талаптарын анықтауға мүмкіндік бермейтін (оқуға келмейтін мәтіндер, байланыссыз хабарлар немесе жаппай автоматтандырылған таратылымдар) жолданымдар жатпайды.
Сақтандыру ұйымының уәкілетті адамдары оның ішінде филиалдарда және өкілдіктерде бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді. Егер жолданым жеке қабылдау кезiнде шешілмейтін болса және қосымша пысықтауды талап етсе, сақтанушы оны жазбаша нысанда ресімдейді және ол жазбаша жолданым ретiнде қаралады.
Телефон арқылы ауызша жолданымдар міндетті түрде тіркелуге жатады, әңгімелесулерді жазу сақтанушының келісімімен әңгіме басында бұл туралы хабарлаған кезде жүргізіледі. Сақтандыру ұйымына ауызша нысанда (телефон арқылы не жеке өзі барған кезде) келіп түскен жолданымдар жүгінген уақытта қаралады. Егер ауызша жолданымды жүгінген шешу мүмкін болмаса, сақтанушыға жазбаша жолданым беру тәртібі және оны қарау мерзімдері түсіндіріледі.
Сақтанушылардың жазбаша жолданымдары, оның ішінде сақтандыру ұйымының интернет-ресурсы немесе мобильді қосымшасы арқылы келіп түскен жолданымдар сақтандыру ұйымының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен тіркеледі. Сақтанушы оның жазбаша жолданымының қабылданғанын растайтын құжат беріледі не жолданымның көшірмесінде тиісті белгі қойылады. Жолданымдарды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.
Жолданымды қарау үшін ақпарат жеткіліксіз болған кезде сақтандыру ұйымы сақтанушыдан қосымша құжаттар мен мәліметтерді сұратады.
Сақтандыру ұйымы жолданымдарды объективті түрде, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз етеді және сақтанушыны оларды қарау нәтижелері туралы және қабылданған шаралар туралы хабардар етеді.
Жазбаша жолданым ұсынылған тілде беріледі және мыналарды:
әрбір мәселе бойынша негізделген және уәжделген дәлелдерді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына, сақтандыру ұйымының ішкі құжаттарына және сақтандыру шартының талаптарына сілтемелерді;
белгіленген нақты мән-жайлардың сипатын;
шешімге шағым беру құқықтарын түсіндіруді қамтиды.
Жауапқа уәкілетті адам қол қояды және сақтанушыға сақтандыру шартында көзделген тәсілмен беріледі. Қолтаңбаны факсимильді көшіру немесе сақтандыру ұйымының ішкі нормативтік құжаттарында көзделген өзге де тәсілді пайдалануға жол беріледі. Жеке өзі келген жағдайда жауап сақтанушыға немесе оның өкіліне қол қойдыра отырып, тіркеу журналына белгі қойылып тапсырылады.
Сақтандыру ұйымы келіп түскен жолданымдардың жіктелуін жүргізеді, ол мыналарды:
барлық жазбаша жолданымдардың тіркелуін;
жолданым бойынша негізгі ақпаратты;
сақтандыру қызметтерін ұсыну процесінде келіп түскен клиенттердің жолданымдарын қараудың ішкі тәртібінің талаптарына сәйкес жолданымдардың жіктелуін;
ақпараттың кемінде 5 (бес) жыл сақталуын қамтамасыз етеді.
Жолданым бойынша негізгі ақпарат мыналарды:
жеке тұлғалар үшін: сақтанушының (пайда алушының) тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірін, тұрғылықты жерін және байланыс деректерін;
заңды тұлға үшін: атауын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін, орналасқан жерін және байланыс деректерін;
сақтандыру сыныбы туралы ақпаратты;
сақтандыру түрін;
жолданымның тіркеу нөмірін және күнін;
сақтанушының деректерін, тұрғылықты мекенжайын және байланыс деректерін;
жолданымның келіп түсу арнасын;
сақтандыру өнімінің типін;
мәселенің жіктеуішін;
жауапты қызметкерлер туралы мәліметтерді;
ішкі тексерулер туралы мәліметтерді;
қабылданған шешімді қамтиды.
Жеке тұлғалар клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін сақтау мақсатында сақтандыру ұйымы функцияларына мыналар кіретін құрылымдық бөлімшелердің қандай да бір қызметіне тәуелсіз бөлімшенің болуын қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) ұйымның қызметкерлері мен агенттерінің ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен сақтандыру шарттарын бақылау сатып алуды жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйым клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін сақтау саясаты мен рәсімдерін сақтауына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) сақтандыру шарттарының ашықтығын және сатудың дұрыстығын тексеру (сәйкес келмейтін өнімдерді сату);
Тармақша 3
3) ұйым клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін сақтау мәселелері бойынша директорлар кеңесіне басқарушылық есептілік беру;
Тармақша 4
4) ұйымның сақтандыру өнімдерін ілгерілету және жарнамалау практикаларын талдау;
Тармақша 5
5) сақтандыру омбудсманының шешімдерін орындау мониторингі;
📌 Ескерту. 30-тармақтың 5) тармақшасының осы редакциясы 01.01.2027 дейін қолданылады - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2026 № 82 қаулысымен.
Тармақша 6
6) жолданымдарды, оның ішінде жолданымдар беруге арналған арналарды (интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаны қоса алғанда) қарау процестерінің тиімділігін бағалау;
Тармақша 7
7) клиенттердің жолданымдарына талдау жүргізу;
Тармақша 8
8) сақтандыру қызметтерін көрсету процестерінде, оның ішінде интернет-ресурста және мобильді қосымшада жүйелік проблемаларды анықтау;
Тармақша 9
9) сақтандыру қызметтерін көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныстар, жолданымдарды, оның ішінде сақтандыру шартына өзгерістер енгізу туралы өтініштерді қарау процестерін әзірлеу;
Тармақша 10
10) жосықсыз практикаларды сәйкестендіру және алдын алу рәсімдері.
Басқа 1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы сақтандыру ұйымының аналитикалық есебінде және программалық қамтамасыз етуінде көрсетілу үшін қажетті ақпараттардың барынша аз тізбесі
Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарға, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарға
1-қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы сақтандыру ұйымының аналитикалық есебінде және программалық қамтамасыз етуінде көрсетілу үшін қажетті ақпараттардың барынша аз тізбесі
Тармақ 1
1. Сақтандыру шартын сәйкестендіргіш1
Тармақ 2
2. Сақтандыру шартын өзгерту сәйкестендіргіші
Тармақ 3
3. Сақтанушы2
Тармақ 4
4. Сақтандырылушы2
Тармақ 5
5. Сақтанушының экономикалық қызметінің түрі
Тармақ 6
6. Бухгалтерлік есептегі тиісті операциялардың күні
Тармақ 7
7. Бухгалтерлік есептегі операциялардың түрі
Тармақ 8
8. Бухгалтерлік есептегі операциялардың сомасы
Тармақ 9
9. Сақтандыру сыныбы
Тармақ 10
10. Сақтандыру объектілерінің саны
Тармақ 11
11. Облыс, астана, республикалық маңызы бар қала
Тармақ 12
12. Сақтандыру шартының нөмірі
Тармақ 13
13. Сақтандыру шартын жасау күні
Тармақ 14
14. Сақтандыру шартын қолданудың басталу күні
Тармақ 15
15. Сақтандыру шартын қолданудың аяқталу күні
Тармақ 16
16. Сақтандыру сомаларының мөлшері
Тармақ 17
17. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
Тармақ 18
18. Сақтандыру делдалы2
Тармақ 19
19. Комиссиялық сыйақының мөлшері
Тармақ 20
20. Қайта сақтандыру шартын сәйкестендіргіш
Тармақ 21
21. Қайта сақтандырушының атауы
Тармақ 22
22. Қайта сақтандыру шартының нөмірі
Тармақ 23
23. Қайта сақтандырушы резиденттігінің мәртебесі
Тармақ 24
24. Қайта сақтандырушының рейтингілік бағасы
Тармақ 25
25. Рейтингілік агенттік
Тармақ 26
26. Қайта сақтандыру шартын қолданудың басталу күні
Тармақ 27
27. Қайта сақтандыру шартын қолданудың аяқталу күні
Тармақ 28
28. Қайта сақтандыруға берілген жауапкершілік көлемі
Тармақ 29
29. Сақтандыру шарты бойынша жауапкершілікті өздігінен ұстап қалу мөлшері
Тармақ 30
30. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері
Тармақ 31
31. Сақтандыру сыйлықақыларын өздігінен ұстап қалу мөлшері
Тармақ 32
32. Қайта сақтандырушыдан алынатын комиссия мөлшері
Тармақ 33
33. Цедентке (қайта сақтанушыға) берілетін комиссия мөлшері
Тармақ 34
34. Шығынды жариялаушы2
Тармақ 35
35. Сақтандыру жағдайының белгісі бар оқиғаларды сәйкестендіргіш
Тармақ 36
36. Сақтандыру жағдайының белгісі бар оқиғаның күні
Тармақ 37
37. Жарияланған шығынды сәйкестендіргіш
Тармақ 38
38. Сақтандыру жағдайының белгісі бар оқиға туралы сақтандырушыға хабарлау күні
Тармақ 39
39. Сақтандыру жағдайының басталу фактісін сақтандырушының растау күні, яғни сақтандырушының шығынды жарияланған шығын ретінде тануы
Тармақ 40
40. Сақтандыру төлемдерін алушы2
Тармақ 41
41. Сақтандыру шартының талаптарына сәйкес барлық шегерімдерді ескере отырып, жарияланған шығынның мөлшері
Тармақ 42
42. Шығындарды реттеуге жұмсаған сақтандырушы шығыстарының сомасы
Тармақ 43
43. Қайта сақтандыру шартының талаптарына сәйкес қайта сақтандырушыға қатысты жарияланған шығынның мөлшері
Тармақ 44
44. Қайта сақтандырушыға (қайта сақтандырушыларға) қатысты шығындарды шегергендегі жарияланған шығынның таза сомасы
Тармақ 45
45. Сақтандыру төлемдерін немесе сақтандыру төлемдерінен бас тартуды сәйкестендіргіш
Тармақ 46
46. Сақтандыру төлемдерінің немесе сақтандыру төлемдерінен бас тарту күні
Тармақ 47
47. Сақтандыру төлемдерінің мөлшері
Тармақ 48
48. Кері талап бойынша төленген ақыны сәйкестендіргіш
Тармақ 49
49. Кері талапты төлеу күні
Тармақ 50
50. Кері талап бойынша төленген ақының мөлшері
1теңдесі жоқ белгі
2жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы;
жеке сәйкестендіру нөмірі;
экономика секторының коды;
резиденттік (Қазақстан Республикасының резиденті/бейрезиденті) белгісі;
заңды тұлға үшін:
атауы;
бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
экономика секторының коды;
резиденттік (Қазақстан Республикасының резиденті/бейрезиденті) белгісі.
Басқа 2
Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарға, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарға
2-қосымша
Нысан
№
Сақтандыру агентінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))
Сақтандыру агентінің нақты мекенжайы (нақты тұрғылықты жері)
Сақтандыру агентінің заңды мекенжайы (тұрақты тұрғылықты жері)
Сақтандыру агентінің заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының нөмірі мен күні немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні
Сақтандыру агентінің байланыс телефонының нөмірі
1
2
3
4
5
6
1
Бас
2
Филиал
кестенің жалғасы:
Сақтандыру агентінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін)
Шарттың нөмірі және күні
Сақтандыру агентінде заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ екендігін растайтын құжаттың күні мен нөмірі (жеке тұлға үшін)
Сақтандыру агенті туралы мәліметтерді тізілімге енгізу үшін жауапты тұлға
Сақтандыру агентін тізілімнен алып тастау күні
Сақтандыру агентін тізілімнен алып тастау себептері
7
8
9
10
11
12
Басқа 2-1
Сақтандыру ұйымының
сақтандыру, оның ішінде сақтандыру
нарығына қатысушылармен өзара
қарым-қатынастағы қызметін
жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы
мен сақтандыру агентінің арасында
жасалатын тапсырма шартына
қойылатын талаптарға, сақтандыру
агентінің сақтандыру нарығында
делдалдық қызметті жүзеге асыруға
өкілеттіктеріне, сондай-ақ сақтандыру
агенттерiн оқытудың ең қысқа
бағдарламасына және оқытуды
жүргізудің тәртібіне қойылатын
талаптарға 2-1-қосымша
Нысан
№
Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қызметкердің нақты мекенжайы (нақты тұрғылықты жері)
Қызметкердің заңды мекенжайы (тұрақты тұрғылықты жері)
Қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні
Қызметкердің байланыс телефонының нөмірі
Қызметкердің жеке сәйкестендіру нөмірі
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы:
Қызметкердің заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ екендігін растайтын құжаттың күні мен нөмірі
Оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихан тапсырғанын растайтын құжаттың күні мен нөмірі
Қызметкердің тізімге енгізілген күні
Қызметкердің тізімнен шығарылған күні
Қызметкердің тізімнен шығару себептері
8
9
10
11
12
Басқа 3
Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарға, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарға
3-қосымша
Нысан
Сақтандыру полисі бланкісінің нөмірі (бұдан әрі – СПБ)
Филиал атауы немесе сақтандыру агентінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
СПБ-ны филиалға (сақтандыру агентіне) беру күні
СПБ-ны пайдалану
Сақтанушыға берілгені
Бүлінгені
Пайдаланылмағаны
1
2
3
4
5
6
Жиынтығы
Басқа 4
Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарға, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарға
4-қосымша
Басқа 5
Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарға, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарға
5-қосымша
Тармақ 1
1. Сақтандыру теориясы:
Тармақша 1
1) сақтандыру мәні;
Тармақша 2
2) сақтандыру қағидаттары мен нысандары;
Тармақша 3
3) негізгі ұғымдар мен терминдер;
Тармақша 4
4) сақтандыруды жіктеу, сақтандырудың міндетті түрлері;
Тармақша 5
5) міндетті және ерікті сақтандыру;
Тармақша 6
6) жүктелген сақтандыру.
Тармақ 2
2. Сақтандыру қызметінің негіздері:
Тармақша 1
1) сақтандыру шарты (түрлері мен нысандары, жасасу талаптары мен тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, қолданылуын тоқтату);
Тармақша 2
2) сақтандыру ұйымының кірістері мен шығыстары;
Тармақша 3
3) сақтандыру резервтері, қалыптастыру тәртібі;
Тармақша 4
4) делдалдық қызметті мемлекеттік реттеу, сақтандыру агенттеріне қатысты шектеулер;
Тармақша 5
5) делдалдық қызметті жүзеге асырған кезде сақтандыру заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі;
Тармақша 6
6) сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері.
Тармақ 3
3. Мүліктік сақтандыру:
Тармақша 1
1) мүліктік сақтандырудың мәні;
Тармақша 2
2) автомобиль көлігін сақтандыру;
Тармақша 3
3) су көлігін сақтандыру;
Тармақша 4
4) әуе көлігін сақтандыру;
Тармақша 5
5) жүктерді сақтандыру;
Тармақша 6
6) қарыздарды сақтандыру;
Тармақша 7
7) мүліктік сақтандырудың басқа түрлері.
Тармақ 4
4. Жеке сақтандыру:
Тармақша 1
1) жеке сақтандырудың мәні;
Тармақша 2
2) медициналық сақтандыру;
Тармақша 3
3) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
Тармақша 4
4) жеке сақтандырудың басқа түрлері.
Тармақ 5
5. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру. Міндетті сақтандырудың түрлері:
Тармақша 1
1) жауапкершілікті сақтандыру мәні;
Тармақша 2
2) кәсіби жауапкершілікті сақтандыру;
Тармақша 3
3) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
Тармақша 4
4) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
Тармақша 5
5) жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
Тармақша 6
6) аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
Тармақша 7
7) экологиялық сақтандыру;
Тармақша 8
8) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы;
Тармақша 9
9) жауапкершілікті сақтандырудың және міндетті сақтандыру түрлерінің басқа түрлері.
Басқа 6
Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарға, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарға
6-қосымша
Тармақ 1
1. Сақтандыру теориясы:
Тармақша 1
1) сақтандыру мәні;
Тармақша 2
2) сақтандыру қағидаттары мен нысандары;
Тармақша 3
3) сақтандыруды жіктеу;
Тармақша 4
4) негізгі ұғымдар мен терминдер;
Тармақша 5
5) міндетті, ерікті және жүктелген сақтандыру.
Тармақ 2
2. Сақтандыру қызметінің негіздері:
Тармақша 1
1) сақтандыру шарты (түрлері мен нысандары, жасасу талаптары мен тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, қолданылуын тоқтату);
Тармақша 2
2) сақтандыру ұйымының кірістері мен шығыстары;
Тармақша 3
3) сақтандыру резервтері, қалыптастыру тәртібі;
Тармақша 4
4) делдалдық қызметті мемлекеттік реттеу, сақтандыру агенттеріне қатысты шектеулер;
Тармақша 5
5) делдалдық қызметті жүзеге асырған кезде сақтандыру заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі;
Тармақша 6
6) сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері.
Тармақ 3
3. Мүліктік сақтандыру:
Тармақша 1
1) мүліктік сақтандырудың мәні;
Тармақша 2
2) медициналық сақтандыру;
Тармақша 3
3) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
Тармақша 4
4) өмірді сақтандыру;
Тармақша 5
5) жинақтаушы сақтандыру;
Тармақша 6
6) жеке сақтандырудың басқа түрлері.
Тармақ 4
4. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру. Міндетті сақтандыру:
Тармақша 1
1) жауапкершілікті сақтандыру мәні;
Тармақша 2
2) кәсіби жауапкершілікті сақтандыру;
Тармақша 3
3) қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
Тармақша 4
4) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың және міндетті сақтандыру түрлерінің басқа түрлері.
Басқа 7
Сақтандыру ұйымының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент- сақтандыру ұйымы
филиалының сақтандыру қызметін,
оның ішінде сақтандыру нарығына
қатысушылармен өзара
қарым-қатынастарда
жүзеге асыруға, сақтандыру ұйымы
мен сақтандыру агенті арасында
жасалатын тапсырма шартына және
сақтандыру агентінің сақтандыру
нарығында сақтандыру қызметін
жүзеге асыруға өкілеттіктерге,
сондай-ақ сақтандыру агенттерін және
сақтандыру агенттерін оқытудың
минималды бағдарламаларына
және оқытуды өткізу тәртібіне
қойылатын талаптарға
7-қосымша
Сақтандыру агенттерін оқытудың ең төменгі бағдарламасы бойынша емтиханнан өткені
туралы № ______ куәлік
________________________________________________________________________________________
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің бірлестіктерінің атауы
Берілді: ___________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Емтиханның жиынтық нәтижесі _______________________________________________________
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің бірлестіктерінің басшысы
________________________________________________________________________________________
қолы __________________ берілген күні ____________