О переименовании некоторых административно-территориальных единиц Катон-Карагайского, Зайсанского, Уланского и Тарбагатайского районов Восточно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай, Зайсан, Ұлан және Тарбағатай аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Катонқарағай ауданы мәслихатының 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 5/57-IV шешімі және әкімдігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 3282 қаулысы, Зайсан ауданы мәслихатының 2009 жылғы 20 шілдедегі № 14-4/6 шешімі және әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамыздағы № 826 қаулысы, Ұлан ауданы мәслихатының 2008 жылғы 12 ақпандағы № 36 шешімі және әкімдігінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 394 қаулысы, және мәслихатының 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 52 шешімі және әкімдігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 629 қаулысы, Тарбағатай ауданы мәслихатының 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 5-10 шешімі және әкімдігінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 208 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай, Зайсан, Ұлан және Тарбағатай аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктері: Катонқарағай ауданы бойынша: Коробиха ауылдық округіндегі Печи ауылы Барлық ауылы, Черемошка ауылы Үшбұлақ ауылы; Зайсан ауданы бойынша: Айнабұлақ ауылдық округінің Октябрь ауылы Қайнар ауылы; Ұлан ауданы бойынша: Бозанбай ауылдық округінің Екатериновка ауылы Ақжартас ауылы; Аблакет ауылдық округіндегі Васильевка ауылы Мамай батыр ауылы, Горняк ауылы Желдіөзек ауылы; Тарбағатай ауданы бойынша: Жантікей ауылдық округі Ырғызбай ауылдық округі болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім мен қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.