Об областной конкурсной (тендерной) комиссии по государственным закупкам товаров, работ и услуг Күшін жойған
Басқа 0
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі облыстық конкурстық (тендерлік) комиссия туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі № 163 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізудің тәртібі жөніндегі нұсқауды бекіту туралы» 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1268 қаулысына сәйкес және осы мақсаттарға бөлінген бюджеттік қаржыны тиімді пайдалану мақсатында ШЕШІМІ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі облыстық конкурстық (тендерлік) комиссия құрамы, оларға белгіленген тәртіппен сарапшыларды қатыстыру құқығын бере отырып бекітілсін (қосымша).
Комиссияның жұмыс органы облыстық экономика басқармасы болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Облыстық конкурстық комиссия:
- мемлекеттік сатып алу процестерін үйлестіруді және мониторинг жариялауды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушылардың мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңдарын сақтауын қадағалауды жүзеге асырады;
- мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың айлық есептік көрсеткіш мөлшері белгіленген норма көлемінен артық болған жағдайда олар үшін тауар, жұмыстар мен қызметтер сатып алу жөнінде тендерлер өткізу;
- егер бірнеше тапсырыс берушіге конкурс ұйымдастырушының жалғыз екендігі өкілетті органдар арқылы анықталған жағдайға конкурс ұйымдастырушыға конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті ақпараттарды олар белгілеген мерзімде тапсырады.
Тармақ 3
3. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың облыстық мемлекеттік әкімші-мекемелеріне өздерінің жандарынан және ведомствосына қарайтын мемлекеттік кәсіпорындарда облыстық қаржы басқармасы өкілдерінің қатысуымен облыстық бюджет қаржысы есебінен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялар құрсын.
Тармақ 4
4. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері осыған ұқсас аудандық (қалалық) конкурстық (тендерлік) комиссиялар құратын болсын.
Тармақ 5
5. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі тендерлер барлық деңгейдегі бюджеттер бекітілгеннен кейін өткізілетін болып белгіленсін.
Мемлекеттік сатып алуды жүргізгенде жергілікті тауар өндірушілерге басымдық құқықтар берілсін.
Тармақ 6
6. Әкімшіл бағдарламалар мемлекеттік мекемелері тоқсан сайын әр айдың 15-не дейінгі мерзімде келесі есепті кезеңі мен облыстық экономикалық басқармаға мемлекеттік сатып алудың жүргізілуі туралы есепті белгіленген үлгіге сәйкес тапсырып отырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) мемлекеттік сатып алу келісім-шартына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді беру фактісі бойынша дер кезінде төлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Облыс әкімі бірінші орынбасарының «Қазақстан Республикасында тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 13 мамырдағы № 586 қаулысын жүзеге асыру туралы» 1996 жылғы 23 шілдедегі №2\110р және «Облыс әкімі бірінші орынбасарының № 2-110р өкіміне өзгерістер енгізу туралы» 1997 жылғы 25 сәуірдегі № 2-22р өкімдерінің, сондай-ақ облыс әкімінің «1998-1999 жылдары от жағу маусымына көмір сатып алу жөнінде тендерлік комиссия құру туралы» 1998 жылғы 8 шілдедегі № 1-45р әкімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 9
9. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ф. Маючийге жүктелсін.
Басқа 10. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі облыстық конкурстық (тендерлік) комиссияның
ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің 1997 жылғы
9 сәуірдегі № 70
шешіміне қосымша
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі облыстық конкурстық (тендерлік) комиссияның
ҚҰРАМЫ
Е.М. Жұмағалиев - облыстық экономика басқармасының бастығы, комиссия төрағасы
А.С. Жабалбаева - облыстық қаржы басқармасы бастығының бірінші орынбасары, комиссия
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Ә.Қ. Ізтелеуов - Орал қаласы әкімінің орынбасары
Ш.М. Қадырбеков - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Е.С. Қатаев - облыстық білім басқармасының бастығы
А.Қ. Нұғманов - кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің директоры
Б.Н. Нұржанов - облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
О.А. Васильев - облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
Ә.Б. Сытдықов - облыстық сәулет, тұрғын үй құрылысы және аумаққа құрылыс салу
басқармасының бастығы
М.К. Омарғалиев - облыстық мәдениет басқармасының бастығы
Қ.Ғ. Шалабаев - облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы