Шашубай кентіндегі көшелердің атауларын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Шашубай кентіндегі көшелердің атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық – географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына және аудандық ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 16 қарашасындағы N 2 ұйғарымы, Шашубай кентінің ардагерлер ұйымының мүшелерінің ұсынысы негізінде шығарылған кент тұрғындарының жиналысының 2009 жылғы 13 қарашадағы жиналыс хаттамасына сәйкес Шашубай кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақтоғай ауданы Шашубай кентіндегі көшелердің атаулары өзгертілсін:
Киров көшесі – Шашубай көшесі деп;
Комсомол көшесі – Қараменде би көшесі деп;
Набережная көшесі – Жағалау көшесі деп;
Космонавт көшесі – Ғарышкер көшесі деп;
Ленин көшесі – Жағыпар Ақбергенұлы көшесі деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.