О переименовании парка, улицы и присвоении нового наименования улице города Қолданыста
Басқа 0
Қала паркінің, көшесінің атын өзгерту және көшесіне жаңа атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13-бабының 4) тармақшасы негізінде Тараз қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Тараз қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Жеңіс» паркінің аты Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» паркі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Шота Руставели көшесі Мұқаш Қойшыбековтің есіміне өзгертілсін.
Тармақ 3
3. «Арай» алқабындағы жаңа көшелердің біріне Шота Руставелидің есімі берілсін.
Тармақ 4
4. Осы нормативтік құқықтық акт Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.