О переименовании улиц города Уральска Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Орал қаласы көшелерінің атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабына сәйкес, қалалық ономастикалық комиссияның 2010 жылғы 17 ақпандағы № 1 хаттамасы негізінде және мемлекеттік пен қоғамдық ұйымдардың Жеңістің 65-жылдығын мерекелеу қарсаңында Орал қаласы көшелерінің атауларын өзгерту бойынша ұсыныстарын қарап, Орал қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Орал қаласының келесі көшелерінің атаулары: Архитектурная көшесі – Кеңес Одағының батыры Г. Рамаев көшесі; Взлетная көшесі – Кеңес Одағының батыры Ф. Волков көшесі; Кооперативная көшесі – Кеңес Одағының батыры И. Зрелов көшесі; Высотная көшесі – Кеңес Одағының батыры Е. Ниетқалиев көшесі; Дружная көшесі – Кеңес Одағының батыры Г. Наумов көшесі; Кавказская көшесі – Кеңес Одағының батыры А. Гребнев көшесі; Казахстанская көшесі – Кеңес Одағының батыры С. Жақсығұлов көшесі; Кирпичная көшесі – Кеңес Одағының батыры И.Куличев көшесі; Котельная көшесі – Кеңес Одағының батыры Н. Чуриков көшесі; Низовая көшесі – Кеңес Одағының батыры И. Мордасов көшесі; Меховой комбинат көшесі – Кеңес Одағының батыры В. Тарасенко көшесі; Раздольная көшесі – Кеңес Одағының батыры М. Абдолов көшесі; Сенная көшесі – Кеңес Одағының батыры Қ. Ахмиров көшесі; Районная көшесі – Кеңес Одағының батыры А. Чурилин көшесі; Столбовая көшесі – Кеңес Одағының батыры Н. Видяшев көшесі; Элеваторная көшесі – Кеңес Одағының батыры А. Коровин көшесі; Ясеневая көшесі – Кеңес Одағының батыры Н. Черненко көшесі; Чичерная көшесі – Кеңес Одағының батыры А. Стрижаченко көшесі; Тепловая көшесі – Кеңес Одағының батыры П. Садомсков көшесі; Щорс көшесі – Кеңес Одағының батыры Е. Орақбаев көшесі; Черноморская көшесі – Кеңес Одағының батыры Б. Хитев көшесі; Футбольная көшесі – Кеңес Одағының батыры Г. Чумаев көшесі; Коммерческая көшесі – Кеңес Одағының батыры А. Тихоненко көшесі; Коммунальная көшесі – Кеңес Одағының батыры Г. Шевцов көшесі; Новая көшесі – Кеңес Одағының батыры Г. Губаров көшесі; Огородная көшесі – Кеңес Одағының батыры Н. Әбдіров көшесі; Нижегородская көшесі – Халық қаһарманы Х. Доспанова көшесі; Монетная көшесі – Даңқ орденінің толық иегері М. Шамов көшесі; Равнинная көшесі – Даңқ орденінің толық иегері А. Балашов көшесі; Фруктовая көшесі – Даңқ орденінің толық иегері А. Ковалев көшесі; Тупиковая көшесі – Даңқ орденінің толық иегері Қ. Имашев көшесі; Инструментальная көшесі – Даңқ орденінің толық иегері В. Захаров көшесі; Чувашинская көшесі – Даңқ орденінің толық иегері Б. Мұхамбетов көшесі; Космическая көшесі – Ш. Айталиев көшесі; Камышинская көшесі – Ш. Жексенбаев көшесі; Нефтяная көшесі – Мұнайшылар көшесі; Объездная көшесі – Алаш көшесі; Парковая көшесі – Қ. Рысқұлбеков көшесі деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім мен қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.