Об утверждении Правил о порядке повышения размеров пенсионных выплат из Государственного центра по выплате пенсий Күшін жойған
Басқа 0
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттырудың тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.01.11 N 31 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы"
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталықтан зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттырудың тәртібі туралы
ережелер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан
төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін
арттырудың тәртібі туралы
Ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 3 желтоқсандағы
N 1854 қаулысымен
бекітілген
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан
төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін
арттырудың тәртібі туралы
Ереже
Тармақ 1
1. Осы зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттырудың тәртібі туралы ереже "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Ережеге сәйкес жыл сайын оларды арттыруды қоса есептегенде 10000 теңгеден аспауға тиісті Орталықтан төленетін көрсетілген сомадан аспайтын зейнетақы төлемдерінің мөлшері арттырылады.
📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.13. N 42
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.05. N 329
қаулысымен.
Тармақ 3
3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Орталықтан төленетін ең аз зейнетақы төлемінің мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Тармақ 5
5. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi өткен жылғы ең аз зейнетақы мөлшерiнен тұтыну бағаларының болжамдық орташа жылдық индексi ескерiле отырып есептелген сомаға арттырылады.
📌 ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.01.13. N 42
қаулысымен.
Тармақ 6
6. Инфляцияның индексі жағдайында зейнетақы төлемдерінің мөлшерін
арттыру жүргізілмейді.
📌 ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.13. N 42
қаулысымен.
Тармақ 6
7.
📌 ЕСКЕРТУ. 7-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.01.13. N 42
қаулысымен.
Тармақ 8
8. Арттырылған ең аз зейнетақы төлемiнiң мөлшерiнен кем болатын
зейнетақы төлемдерiнiң толық емес көлемiндегi мөлшерi, Орталықтан
төленетiн арттырылған ең аз зейнетақы төлемінен нақты еңбек стажына
барабар белгіленеді.
📌 ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.01.13. N 42
қаулысымен.