Елді мекендердегі көшелердің атауын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Елді мекендердегі көшелердің атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Береке ауылындағы Шоссейная көшесі Байбосын Тамабаев атына, Набережный көшесі Әшім Нұрлыбаев атына, Гагарин көшесі Бақтыораз Бейсекбаев атына, Елтай ауылындағы Космонавт көшесі Сәт Жылқышев атына, Көкөзек ауылындағы Орталық көшесі Жұмаділ Ақымжанов атына, Садовая көшесі Бауыржан Момышұлы атына, Көктоған ауылындағы Чапаев көшесі Жауғаш батыр атына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзімде қалдырамын.