Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов Министерства внутренних дел Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі тергеу изоляторларының ішкі тәртібі Ережелерін бекіту туралы"
📌 Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 15.07.2004 № 417 бұйрығымен.
Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпкерлерді күзетті ұстаудың тәртібімен шарттары Қазақстан Республикасы Заңның 15 бабына сәйкес Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ішкіісминінің тергеу изоляторларының ішкі тәртіп Ережелері, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен келіскен, бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. ҚАЖ комитетінің төрағасы, облыстардың Астана және Алматы қаласының ІІББ, ІІБ бастықтары:
Тармақша 1
1) бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаларды атқарушы мекемелердің және тергеу изоляторлары жеке құрамының осы бұйрықпен бекітілген Ережелерді, оқуын ұйымдастырсын және тергеу изоляторларының жұмысын талапқа сай қамтамасыз етсін;
Тармақша 2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тергеу изоляторларының ішкі тәртіп Ережелері <*>
2) бекітілген Ережелер жөнінде сезіктілер мен айыпталушыларды оларға қатысты бөліктерінде кеңінен хабардар ету, сондай-ақ олардың негізгі міндеттерімен және құқықтарымен кеңінен таныстыру шараларын қолдансын.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
1999 жылғы 14 желтоқсан
N 630 бұйрығына
N қосымша
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының орынбасары
3-ші дәрежелі мемлекеттік
әділет кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тергеу изоляторларының ішкі тәртіп Ережелері <*>
Ескерту: Ережелердiң барлық мәтiнi бойынша "күзет қамауына алынған
адамдар" деген сөздер "сезiктiлер мен айыпталушылар" деген
сөздермен ауыстырылды - ҚР Ішкі істер министрінің
2001 жылғы 29 қазандағы N 769 бұйрығымен.
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тергеу изоляторының осы ішкі тәртіп ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (N 353-1 ҚРЗ 30.03.99 ж. бұдан әрі - Заң) 15-бабына сәйкес күзет қамауына алынған адамдарды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тергеу изоляторында күзетте ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында ішкі тәртіпті реттейді.
Тармақ 2
2. Тергеу изоляторларында:
Тармақша 1
1) үстінен қозғалған қылмыстық іс тергеу және анықтау органдарының өндірісіне қабылданған сезiктiлер мен айыпталушылар;
Тармақша 2
2) үстінен қозғалған қылмыстық іс соттың өндірісіне қабылданған сезiктiлер мен айыпталушылар (сотталушы);
Тармақша 3
3) үкімі әлі заң күшіне енбеген, қылмыстық іс бойынша сотталғандар;
Тармақша 4
4) басқа қылмыстық істер бойынша жауапқа тартылып, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған сотталғандар ұсталады.
Тармақ 3
3. Бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны тергеу изоляторларында өтейтін сотталғандардың санаты:
Тармақша 1
1) қылмыстық жазаларын белгіленген тәртіппен бас бостандығынан айыру түрінде немесе еріксіз емдеу үшін мекемелерге жіберуге жатқызылған қылмыстық іс бойынша сотталғандар;
Тармақша 2
2) басқа адамдар жасаған қылмыстар бойынша тергеу жүргізілуіне немесе бұл істердің сотта қаралуына байланысты тергеу изоляторларында қалдырылған немесе оған жазаны орындаушы мекемелерден ауыстырылған сотталғандар;
Тармақша 3
3) тергеу изоляторларына шаруашылық, қызмет көрсету жұмысына тартылған сотталғандар.
Аталған санаттағы сотталғандарды тергеу изоляторларында ұстау тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексімен Z970208_ және түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерімен реттеледі. Өлім жазасына сотталғандарды ұстау тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару Z970208_ кодексiмен және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің нұсқаулығына сәйкес реттеледі.
Ескерту: 3-тармақ толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 29 қазандағы N 769 бұйрығымен .
Тармақ 4
4. Режим деп Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережелермен және басқа да құқықтық актілермен реттелген сезiктiлер мен айыпталушыларды ұстау тәртіптері мен шарттары танылады. Режим сезiктiлер мен айыпталушылардың құқығын сақтау, олардың өз міндеттерін атқару, оларды оқшаулауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында орнатылады.
Тармақ 5
5. Тергеу изоляторларының режимін қамтамасыз ету, оның ішкі тәртібін сақтау тергеу изоляторларының әкімшілігіне, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе салғырт орындағаны үшін заңмен белгіленген жауапқа тартылатын қызметкерлерге жүктеледі.
Сонымен қатар, тергеу изоляторының бастығы күн тәртібін белгілеп, бұйрық бойынша жариялайды. Онда сегіз сағаттық үздіксіз ұйқы, тұру, дәрет алу, тамақтану, жұмыс, тәрбиелік іс-шаралар, ұйқыға жату уақыты көзделеді.
Қамауға алынған адамдарды тергеу изоляторында жауап алуға күнделікті сағат 9-дан бастап сағат 22-ге дейінгі кезеңде шақыруға болады.
Тармақ 6
6. Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар оларға Заңмен жүктелген тергеу изоляторларындағы тәртіп ережелерінің (N 11 қосымша) міндеттері мен талаптарын бұлжытпай орындауға тиіс.
Олардың өз міндеттерін орындамауы белгіленген тәртіптегі жауапкершілікке әкеліп соқтырады.
Тармақ 7
7. Тергеу изоляторларын инспекциялау құқығын: Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Күзет Сезіктілер мен тергеу қамауындағыларды алдын ала оқшаулау департаментiнiң бастығы, облыстар және Астана, Алматы қаласы ІІБ (ІІББ)-ның бастықтары, Астана, Алматы қалалары ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің сезіктілер мен тергеу қамауындағыларды алдын ала оқшаулау бөлімшелерінің бастықтары, жоғарыда көрсетілген лауазымды адамдардың орынбасарлары мен олардың тапсырмахаттары бойынша басқа адамдар пайдаланады.
📌 Ескерту. 7-тармақ өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 29 қазандағы N 769 бұйрығымен; ҚР Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 24 мамырдағы N 360 бұйрығымен.
Тармақ 8
8. Әрбір тергеу изоляторы жыл сайын Астана, Алматы қалалары ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің тарапынан кешенді инспекциялауға жатады. Кешенді инспекциялаудың нәтижелері Алқада немесе жедел кеңесте қаралады.
📌 Ескерту. 8-тармақ өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 24 мамырдағы N 360 бұйрығымен .
Тармақ 9
9. Әрбір тергеу изоляторында инспекциялаушылардың өз ескертулерін және ұсыныстарын енгізетін тергеу изоляторын инспекциялаушы адамдардың ескертулері мен ұсыныстарының кітабы (N 2 қосымша) жүргізіледі. Инспекциялау немесе тексеру нәтижелері бойынша анықтамалар толтыру кезінде кітапқа белгі қойылады.
Тармақ 10
10. Тергеу изоляторында заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оның қарамағындағы прокурорлар жүзеге асырады.
Тергеу изоляторларында ұсталушы сезiктiлер мен айыпталушылар өздеріне Заңмен жүктелген міндеттерді және тергеу изоляторында жүріп-тұру ережелерінің (N 1 қосымша) талаптарын бұлжытпай орындауға тиіс. Олардың өз міндеттерін орындамауы белгіленген тәртіпте жауапкершілікке әкеліп соқтырады.
Тармақ 2. 2. Сезiктiлер мен айыпталушыларды қабылдау және оларды камераларға орналастыру
2. Сезiктiлер мен айыпталушыларды қабылдау және оларды камераларға орналастыру
Тармақ 11
11. Тергеу изоляторларына келіп түскен сезiктiлер мен айыпталушыларды тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі (бұдан әрі "кезекші көмекші") немесе оның орынбасары тәулік бойы қабылдайды, тергеу изоляторына жеткізілген адамды қабылдауға негіз болатын құжаттардың түгелдігін тексереді, аталған адамнан сұрастыру жүргізеді және оның берген жауаптарын жеке ісінде көрсетілген мәліметтермен салыстырады.
Тармақ 12
12. Тергеу изоляторына қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес шығарылған қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы прокурордың рұқсаты берілген тергеушінің немесе анықтаушының қаулысы, прокурордың және судьяның қаулысы не соттың қаулысы негізге алынатын құжаттар болып табылады.
Тармақ 13
13. Тергеу изоляторына 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелді қабылдау үшін аталған құжаттардан басқа баланың тууы туралы куәлігі немесе баласы екендігін растайтын басқа құжаттар, ал бұндай құжаттар болмаған жағдайда - қылмыстық істі жүргізуші анықтаушының, тергеушінің, прокурордың немесе соттың жазбаша нұсқауы болуы керек.
Тармақ 14
14. Тергеу изоляторларына қабылдау үшін негіз болатын құжаттар тиісті лауазымды адамдардың қолымен және елтаңбалы мөрмен бекітілулері тиіс.
Тергеу изоляторларына судьяның не соттың қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулысынан үзінді ұсынылған жағдайларда, ол құжатта осы бұлтартпау шарасы қолданылған адамның жеке басы туралы толық деректер көрсетілген болуы керек. Үзінді лауазымды адамның қолымен куәландырылып, елтаңбалы мөрмен бекітілген болуға тиіс және үш күннен кешіктірілмей қаулының көшірмесімен ауыстырылуға жатады.
Тармақ 15
15. Транзиттік-қоныс аударылушы адамдар тергеу изоляторына жеке істері бойынша қабылданады және жеткізілуге тиіс орындарға жөнелтіледі.
Тармақ 16
16. Күзет қамауында ұстау мерзімдері аяқталған адамдар жоспарлы айдауыл тобынан тергеу изоляторларына қабылданғаннан кейін белгіленген тәртіпте тергеу изоляторы бастығының қаулысы бойынша босатылады.
Тармақ 17
17. Тергеу изоляторы дәрігерінің қорытындысы бойынша шұғыл стационарлық емдеуді қажет ететін адамдар мекемеге қабылданбайды. Қажеттілігіне қарай оларға медициналық көмек көрсетіледі және стационарға жеткізу үшін шаралар қолданылады.
Тармақ 18
18. Тергеу изоляторларына қабылданған соң күзет қамауына алынған адамдар өздерінің құқықтары мен міндеттері, күзетте ұстау режимі, тәртіп талаптары, ұсыныстар мен арыз-шағымдар беру тәртібі туралы хабардар етіледі. Бұл хабарламаны жазбаша түрде де, ауызша жеткізуге болады.
Алдағы уақытта мұндай хабарлама радио арқылы, камераларды аралау тергеу изоляторының бастығы және ол өкілеттік берген қызметкерлер сезiктiлер мен айыпталушыларды жеке қабылданған кездерінде жеткізіліп тұрады.
Сезiктiлер мен айыпталушылардағы олардың өтініші бойынша Заңның және осы Ережелердің өздеріне қатысты бөлігінің көшірмесі беріледі. Әрбір камерада мемлекеттік тілде және ресми пайдаланылушы орыс тілінде жазылған тергеу изоляторларында ұсталушы адамдардың негізгі құқықтары және міндеттері туралы ақпараттар қабырғада ілініп қойылады.
Тармақ 19
19. Айдауылдан қабылданған адамдар есепке алу құжаттарын ресімдеу кезеңінде оқшаулау талаптары сақтала отырып, құрама бөлімшенің камераларына бір тәуліктен аспайтын уақытқа немесе орындықтармен және жасанды жарықпен жабдықталған бір кісілік бөлмеге екі сағаттан аспайтын уақытқа орналастырылады.
Тармақ 20
20. Тергеу изоляторында ұсталатын адамдар тергеу изоляторының қызметкерлері тарапынан сыпайы қатынас талап етуге құқылы. Олармен "сіз" деп сөйлесулері керек және оларды "азамат" немесе "азаматша" және әрі қарай тегімен немесе ретіне қарай "сезікті", "айыпталушы" немесе "сотталған" деп атауы керек.
Тармақ 21
21. Тергеу изоляторына қабылданған адамдар тәртіп бойынша, келіп түскен күннен бастап бір тәуліктің ішінде алғашқы медициналық куәландырудан және санитарлық тазарудан өтеді. Медициналық куәландырудың қорытындысы медициналық амбулаториялық картаға жазылады. Санитарлық тазарудан өткеннен және медициналық куәландыру нәтижелерiн алғаннан кейін олар төсек жабдықтарын, ал қажет болған жағдайда, белгіленген үлгідегі киім алады. Әскери қызметшінің немесе құқық қорғау органдары қызметкерінің нысанды киімімен келіп түскендердің киімдері міндетті түрде ауыстырылады. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмағандардың, қылмыстың аса қауіпті рецидиві бойынша сотталғандардың, ату жазасына кесілгендердің және карцерге қамалғандардың киімдері ауыстырылады. Олардың киімдері алынып, сақтауға тапсырылады.
Ескерту: 21-тармақ толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 29 қазандағы N 769 бұйрығымен .
Тармақ 22
22. Камералар бойынша орналастыру Заңның 32 бабының талаптарына сәйкес тергеу изоляторы бастығының қолымен бекітілген камераларға орналастыру жоспарының негізінде жүргізіледі. Бір қылмысты іс бойынша немесе өзара байланысты бірнеше іс бойынша сезіктілер мен айыпталушылар бір-бірінен бөлек орналастырылады. Тергеу изоляторының әкімшілігі оларды бір-бірімен байланыс жасатпау үшін шара қолданады.
Сезiктiлер мен айыпталушыларды камераларға жедел қызмет жөніндегі қызметкердің келісімімен кезекші немесе оның орынбасары орналастырады, ал кәмелетке толмағандарды, оған қоса тәрбие жұмысы нұсқаушысының келісімімен орналастырылады. Ауру адамдар медицина қызметкерлерінің нұсқауымен орналастырады. Жұқпалы ауруы бар деген күдікті адамдар карантин камераларына орналастырылады. Карантин-мерзімі медициналық айғақтар бойынша белгіленеді.
Тармақ 23
23. Жұқпалы аурумен ауыратын немесе ерекше медициналық күтімді және байқауды қажет ететін аурулар басқа сезiктiлер мен айыпталушылардан бөлек орналастырылады.
Тармақ 24
24. Тергеу изоляторларының ауруханалары мен стационарлық медициналық бөлімшелерінде сезiктiлер мен айыпталушылар ауру түрлеріне қарай орналастырылады. Ерлер мен әйелдер, ересектер мен кәмелетке толмағандар бір-бірінен бөлек орналастырылады. Ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған деп сезіктелінгендер мен айыпталушылар, аса қауіпті кәнігі қылмыс жасап сотталғандар, сондай-ақ ату жазасына кесілген адамдар оқшауландырылады.
Тармақ 25
25. Кәмелетке толмағандар әдетте 4-6 адамдық секцияларда немесе жастарына, денесінің жетілуі, педагогикалық бақылаусыздықтарына қарай режимді корпустардың әр қабаттарындағы аз орындық камераларға орналастырылады.
Тармақ 26
26. Ерекше жағдайларда Заңның 32 бабына сәйкес, алғаш қылмыстық жауапқа тартылушылар, жағымды мінездемесі бар ересек сезіктілер мен айыпталушылар қатарынан іріктеліп алынғандар кәмелетке толмағандармен бір камераға орналастырылады.
Аз орындық камераларға кәмелетке толмағандармен бірге мұндай ересектердің бір-екеуі, үш адамнан аспаса жалпы камераларға орналастырыла береді.
Тармақ 27
27. Шаруашылық жөнінде қызмет көрсету жұмыстары үшін қалдырылған сотталушылар режимді аймақтың аумағындағы жеке үй-жайға немесе корпустағы оқшауланған секцияның камерасына орналастырылады. Бұл камералар құлыппен жабылмауы да мүмкін.
Тармақ 28
28. Сезiктiлер мен айыпталушылар құлыппен жабылатын жалпы камераларда ұсталады (16-қосымша). Сезiктiлер мен айыпталушыларды тергеу изоляторы бастығының дәлелді қаулысы бойынша жеке адамға арналған камераларға орналастыруға төмендегідей жағдайда рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1) Осы Заңның 32 бабында көрсетілген бөлек орналастыру талаптарын орындауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігі болмағанда;
Тармақша 2
2) өмір және денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде;
Тармақша 3
3) күзет қамауындағы адам жеке ұстау жөнінде жазбаша өтініш берген жағдайда;
Тармақша 4
4) сезiктiлер мен айыпталушыларды егер олар күндіз жалпы камерада ұсталатын болса, түнгі уақытта жеке камераларға орналастыру кезінде;
Сезiктiлер мен айыпталушыларды жеке камераларда жоғарыда көрсетілген жағдайлардан басқа бір тәуліктен артық ұстау үшін прокурордың санкциясы (N 4 осымша) қажет.
Ескерту: 28-тармақ толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 29 қазандағы N 769 бұйрығымен.
Тармақ 29
29. Осы Ереженің 22 тармағында көрсетілген оқшаулау тәртібі күзет қамауындағылардың барлық орын ауыстыруы (серуендеу, еңбек объектісінде санитарлық тазалау жүргізу кезінде тергеу изоляторының аумағында және дәлізде қозғалуы) кезінде қамтамасыз етілуі қажет.
Тармақ 30
30. Оқшаулауды қамтамасыз ету үшін карцерлердің терезесі қалқан-жалюзбен жабдықталады. Қажет болған жағдайда тергеу изоляторы бастығының өкімі бойынша оқшаулауды күшейту үшін қалқан-жалюздер басқа камералардың терезелеріне де орнатылуы мүмкін.
Тармақ 31
31. Жүкті әйелдер, қолында үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдер жеке режимдік корпустардағы неғұрлым және құрғақ камераларға немесе оқшауланған бөлмелерге орналастырылады.
Тармақ 32
32. Жүкті әйелдер мен қолында үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдер орналастырылған камералардың терезесіне пердесіз темір тор орнатылады.
Тармақ 3. 3. Сезiктiлер мен айыпталушыларды суретке түсіру, жеке тінту, дактилоскопияға, суретке түсіру және заттарын тексеруді жүргізу
3. Сезiктiлер мен айыпталушыларды суретке түсіру, жеке тінту, дактилоскопияға, суретке түсіру және заттарын тексеруді жүргізу
Тармақ 33
33. Тергеу изоляторларына түскен сезiктiлер мен айыпталушылар толық жеке тiнтуден өткiзіледi, дактилоскопияға, суретке түсiрiледi, ал олардың жеке заттарына тiнту жүргiзiледi.
Тармақ 34
34. Сезiктiлер мен айыпталушыларды жеке тiнту және олардың заттарын тексеру сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдарды, заттарды және тамақ өнiмдерiн немесе өзiне тиесiлi емес заттарды тауып, алу мақсатында жүргiзiледi.
Тармақ 35
35. Сезiктiлер мен айыпталушыларға сақтауға және пайдалануға тыйым салынатын заттарға адам өмiрiне және денсаулығына қауiп төндiретiн заттар мен тағамдар, қылмыс жасау құралы ретiнде пайдаланбақ болған немесе күзетте ұстауға қарсыласу мақсатында пайдаланылмақ болған, сондай-ақ күзет қамауындағы адамдардың ұстауына болатын, сәлемдеме, посылка арқылы және ақшасыз есеп айырысу арқылы сатып ала алатын күнделiктi қажеттi заттар: киiм, аяқ киiмдер, басқа да өндiрiстiк тауарлар тiзiмiне (N 2 қосымша) кiргiзiлмеген немесе белгiленген мөлшерден асып кеткен тамақ өнiмдерi, аяқ киiмдер және басқа өндiрiс заттары кiредi.
Тармақ 36
36. Жеке тiнту толық және жартылай болады. Сезiктiлер мен айыпталушылар тергеу изоляторларына келген кезде, одан сырт жерге жөнелтiлер алдында, карцер камерасына немесе бiр кiсiлiк орынға қамалар алдында, сондай-ақ басқа да жағдайларда тергеу изоляторы бастығының немесе орынбасарының нұсқауымен жеке тiнтуден өтедi.
Толық тiнту кезiнде тiнтiлушiнiң денесi, оның киiмдерi, аяқ киiмдерi, сондай-ақ протезi мұқият тексерiледi. Сезiктiлер мен айыпталушыларға толық шешiнiп, денесiнiң тиiстi жерiн көрсету ұсынылады. Пластырлы жапсырма, гипс және басқа да байлауыштар медицина қызметкерiмен бiрге тексерiледi. Киiмге тiгiлген заттар табылған жағдайда, матасы сөгiледi. Аяқ киiм болса оның жапсырмасы, темiр тағалары суырылып алынады.
Сезiктiлер мен айыпталушыларға тек осы Ережемен белгiленген өзiмен алып жүруге болатын және камерада сақтауға болатын заттар мен тамақ өнiмдерi ғана қалдырылады. Сезiктiлер мен айыпталушыларға қалдырылған олардың жеке заттары мен құралдары камера карточкаларына жазылады. Басқа құралдары, заттары және тамақ өнiмдерi сақталып қойылуға алынады немесе тергеу изоляторы бастығының қаулысы бойынша жойылып, тиiстi акт жасалады.
Тармақ 37
37. Жартылай тiнту сезiктiлер мен айыпталушыларды тергеу изоляторынан тыс жерге алып шыққанда (саусағының таңбасын алуға, дәрiгерге, тергеушiге алып шыққанда, туыстарымен және басқа да адамдармен кездестiру алдында және кейiн, басқа камераға ауыстыру кезiнде т.б.) жүргiзiледi. Жартылай тiнту сезiктi мен айыпталушыны шешiндiрмей-ақ киiмiн және аяқ киiмiн қарап, саусақпен басып көру арқылы жүргiзiледi.
Тармақ 38
38. Сезiктiлер мен айыпталушыларды жеке тiнтудi онымен жынысы бiр тергеу изоляторының қызметкерi жүргiзедi. Толық тiнту кезiнде қарсы жынысты адамның қатысуына болмайды, тек қажет болған жағдайда медицина қызметкерiнiң қатысуына болады.
Тармақ 39
39. Сезiктiлер мен айыпталушылардың заттарын тексеру олар тергеу изоляторына түскен кезде, одан сырт жерге жөнелтiлерде, басқа камераға, медициналық стационарға ауыстырылғанда немесе карцерге қамаларында өзiнiң қатысуымен жүргiзiледi. Кезектен тыс жағдайда тергеу изоляторының бастығының немесе оның орынбасарының нұсқауы бойынша сезiктiлер мен айыпталушылардың заттары иесiнсiз тексерiледi.
Тармақ 40
40. Сезiктiлер мен айыпталушыларды толық жеке тiнту мен олардың заттарын тексеру хаттамамен ресiмделедi, оған қоса тыйым салынған тамақ өнiмдерi мен заттардың алынғаны туралы акт тiркелiнедi. Толық тiнту мен заттарды тексеру қатар жүргiзiлген жағдайда бiр хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға сезiктiнiң немесе айыпталушының және жеке тiнту жүргiзген тергеу изоляторы қызметкерiнiң қолдары қойылады. Сезiктiлер мен айыпталушылардың хаттамаға қол қоюдан бас тартуы және оның тiнту немесе заттарын тексеру кезiндегi талаптары хаттамада жазылады. Хаттама мен акт жеке iске тiркеледi. Толық жеке тiнту немесе заттарды тексеру туралы күзет қамауындағы адамның камералық карточкасында тiнту мен заттарын тексерушiнiң тегi мен тексерiлген күнi көрсетiлiп белгiленедi.
Тармақ 41
41. Жартылай жеке тiнту жүргiзiлгенде алынған тыйым салынған заттар мен тамақ өнiмдерi туралы рапорт жазылады.
Тармақ 42
42. Сезiктiлер мен айыпталушыларға жеке тiнту жүргiзгенде тыйым салынған заттар мен тамақ өнiмдерiн табуға техника құралдарын пайдалануға болады. Рентген аппаратурасы тек сезiктiлер мен айыпталушылардың заттарын тiнтiп тексеруге ғана пайдаланылады.
Тармақ 4. 4. Сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдарды, заттарды және азық-түлiктердi сезiктiлер мен айыпталушылардан алып қою
4. Сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдарды, заттарды және азық-түлiктердi сезiктiлер мен айыпталушылардан алып қою
Тармақ 43
43. Сезiктiлер мен айыпталушылардан сақтауға қабылданған немесе одан алынған ақшасы өзiнiң жеке есеп-шотына салынады. Қымбат мүлiктер (қымбат металлдар және одан жасалған бұйымдар, қымбат тастар, iнжу және одан жасалған бұйымдар, әртүрлi, әр маркалы сағаттар, бағалы қағаздар, валюта) тергеу изоляторының қаржы бөлiмiне (кассасына) тапсырылады. Жеке құжаттары (паспорт, жеке басын куәландыратын құжаты және басқа) тергеу изоляторының арнайы бөлiмiне сақтауға тапсырылады. Пайдалануға және сақтауға тыйым салынған құралдар, заттар және тамақ өнiмдерi мекеменiң қоймасына тапсырылады немесе жойылады.
Тармақ 44
44. Сақталуға келiп түскен немесе сезiктiлер мен айыпталушылардан алынған қымбат мүлiктерге белгiленген үлгiде үш данамен акт толтырылады. Бiрiншi данасы сезiктiлер мен айыпталушылардың қолына берiледi, екiншi данасы қаржы бөлiмiне берiледi, ал үшiншi данасы жеке iсте сақталады.
Тармақ 45
45. Сезiктiлер мен айыпталушылардан алынған немесе сақталуға қабылданған ақша немесе қымбат мүлiктер туралы тергеу изоляторы әкiмшiлiгi өндiрiсiнде қылмыстық iс тұрған органға оның сұратуы бойынша хабарлайды.
Тармақ 46
46. Сезiктiлер мен айыпталушылардың басқа құралдары мен заттары және тамақ өнiмдерi тергеу изоляторы бастығының тағайындаған комиссиясының жасаған актiсi бойынша сақтауға қабылданады. Акт үш данамен толтырылады. Актiнiң бiрiншi данасы күзет қамауындағы адамның қолына берiледi, екiншi данасы қоймада сақталады, ал үшiншi данасы күзет қамауындағы адамның жеке iсiнде сақталады.
Тармақ 47
47. Сезiктiлер мен айыпталушылардан алынған және сақтауға қабылданбаған заттар мен тамақ өнiмдерiн жою тергеу изоляторы бастығының дәлелденген қаулысы бойынша аталған адамның қатысуымен комиссиялық түрде iске асырылады, бұл туралы акт жасалады.
Тыйым салынған құралдар, оның iшiнде: заттар және тамақ өнiмдерi, спирттi iшiмдiктер немесе спирт негiзiнде дайындалған тамақтар, оларды дайындауға арналған өнiмдер; есiрткiлер (оларды тарату фактiсi бойынша қылмысты iс қозғаудан басқа жағдайда) және оларды пайдалануға арналған құралдар; өрттен қауiптi құралдар мен заттар, тергеу изоляторы медициналық қызметкерiнiң қорытындысы бойынша арналған мақсатқа қолдануға жарамсыз деп табылған дәрi-дәрмектер; ойын карталары; эротикалы, парнографиялық немесе зорлықты насихаттайтын графикалы, баспадан шыққан, фото және бейне өнiмдерi; пайдалануы адам өмiрiне және денсаулығына қауiп төндiретiн немесе сақталуын тергеу изоляторында қамтамасыз ету мүмкiн емес, сақтауға ерекше жағдайды қажет ететiн; пайдалануын немесе құрамын анықтауға келмейтiн немесе өзiнiң алғашқы тұтынушылық маңызын жоғалтқан және N 2 қосымшаға кiрмейтiн тамақ өнiмдерi мен басқа да заттар жойылуға жатқызылады.
Тармақ 48
48. Сезiктiлер мен айыпталушылардың күзетте ұсталынуы кезiнде одан ақша немесе қымбат мүлiк табылған немесе алынған әрбiр Фактi бойынша олардың қайдан пайда болғанын және нақты иесiн анықтау үшiн тексеру жүргiзiледi.
Тармақ 49
49. Сезiктiлер мен айыпталушылардан табылған және алынған бөтен құралдар, заттар мен тамақ өнiмдерi өз иелерiне қайтарылады.
Егер алынған құралдардың, заттардың және тамақ өнiмдерiнiң иелерi анықталмаса, ақша, бағалы қағаздар және қымбат мүлiктер тергеу изоляторының қаржы бөлiмi арқылы тарату және тиiстi бюджет кiрiсiне енгiзу үшiн салық органдарына тапсырылады.
Тармақ 50
50. Сезiктiлер мен айыпталушылардың өтiнiшi бойынша және қылмысты iс өндiрiсiнде болған адамның немесе органның келiсiмiмен тергеу изоляторында сақталуда жатқан құралдар, заттар және тамақ өнiмдерi сезiктiлердiң немесе айыпкерлердiң туыстарына немесе басқа адамдарға берiлуi мүмкiн.
Тармақ 51
51. Күзет қамауындағы адам қайтыс болған жағдайда оның сақталуда жатқан ақшалары, қымбат мүлiктерi, басқа да құралдары, заттары және тамақ өнiмдерi заңмен белгiленген
тәртiппен мұрагерлерiне беріледі.
Тармақ 5. 5. сезiктiлер мен айыпталушыларды материалдық-тұрмыстық қамсыздандыру
5. сезiктiлер мен айыпталушыларды материалдық-тұрмыстық қамсыздандыру
Тармақ 52
52. Сезiктiлер мен айыпталушылар жеке пайдалануы үшiн мына заттармен қамтамасыз етiледi:
Тармақша 1
1) жатар орынмен (Заңның 22 бабына сәйкес)
Тармақша 2
2) төсек қажеттерiмен: матрац, жастық, көрпемен;
Тармақша 3
3) төсек жабдығымен: екi жаймамен, жастық тысымен;
Тармақша 4
4) орамалмен;
Тармақша 5
5) асхана ыдыстарымен және асхана құралдарымен; табақпен, кружкамен, қасықпен;
Тармақша 6
6) жыл уақытына сай киiммен (өзiнiкi болмаған жағдайда);
Тармақша 7
7) тергеу изоляторының кiтапханасынан кiтап-журналдармен.
Аталған заттар күзет қамауында ұсталатын мерзiмде уақытша берiледi.
Тармақ 53
53. Мына заттар камераларда жалпы пайдалану үшiн белгiленген нормаларға сәйкес және ондағы адамдардың санына қарай есептелiп берiледi:
Тармақша 1
1) шаруашылық сабыны;
Тармақша 2
2) гигиеналық мақсатта қолданылатын қағаз;
Тармақша 3
3) газеттер;
Тармақша 4
4) стол ойындары: дойбылар, шахматтар, домино, нардалар;
Тармақша 5
5) камераны жинауға арналған құралдар;
Тармақша 6
6) тiгiн инелерi, қайшы, тамақ өнiмдерiн турайтын пышақ (әкiмшiлiктiң бақылауымен сезiктiлер мен айыпталушыларға қысқа мерзiмге берiлуi мүмкiн).
Балалы әйелдер бала күтiмiне қажет құралдарды алады.
Тармақ 54
54. Тергеу изоляторларының камералары мыналармен жабдықталады:
Тармақша 1
1) стол және орындықтармен және камерадағы орындар бойынша отырғызу орындарымен;
Тармақша 2
2) санитарлы ұямен;
Тармақша 3
3) суы бар құбыр кранымен;
Тармақша 4
4) электр құралдарын қосатын розеткалармен;
Тармақша 5
5) азық-түлiк шкафымен;
Тармақша 6
6) сыртқы киiм iлгiштерiмен;
Тармақша 7
7) қажеттi заттарға арналған сөремен;
Тармақша 8
8) қабырғаға бекiтiлген айнамен;
Тармақша 9
9) ауыз суға арналған ыдыспен;
Тармақша 10
10) жалпы мемлекеттiк бағдарламамен құлақтандыратын радиодинамикамен;
Тармақша 11
11) әкiмшiлiк өкiлiн шақыратын кнопкамен;
Тармақша 12
12) қоқысқа арналған ыдыспен;
Тармақша 13
13) күндiзгi және түнгi жарықбергiштермен;
Тармақша 14
14) қосымша ақылы қызмет көрсетiлген жағдайда желдеткiш жабдығымен, сондай-ақ тұрмыс құралдарымен;
Тармақша 15
15) балалы әйелдер жататын камераларда балалардың кереуеттерімен;
Тармақша 16
16) кір жуатын және гигиеналық қажеттілікке керек ыдыспен;
Тармақ 55
55. Камерада су ысытатын құралдар немесе су құбырында ыстық су болмағанда кір жууға және гигиеналық мұқтаждылыққа қажет ыстық су және қайнаған су белгіленген уақытта қажет мөлшерде беріледі.
Тармақ 56
56. Лица, заключенные под стражу, содержащиеся в камерах и карцерах, не имеющих санитарных узлов выводятся в туалет для оправки покамерно два раза в сутки (утром - после подъема и вечером перед отходом ко сну). В камерах и карцерах, где нет санитарных узлов, устанавливаются специальные баки с крышками, прикрепленными к ним.
Ескерту: 56-тармақтың қазақша ресми аудармасы болмағандықтан мәтін
орысша беріліп отыр.
Тармақ 57
57. Сезiктiлер мен айыпталушыларға аптасына бір рет 15 минуттан кем емес уақытқа душта жуынатын мүмкіндік беріледі. Апта сайын душта шомылғаннан кейін төсек жабдықтары ауыстырылады.
Тармақ 58
58. Сезiктiлер мен айыпталушыларға өздерінде болмағанда олардың өтінішімен белгіленген уақытта аптасына кемінде екі мәрте қырынатын құралдар беріледі.
Тармақ 59
59. Стол ойындары он адамға бір комплектіден немесе ішінде он адамнан кем болмаса бір камераға бір комплектіден беріледі.
Тармақ 60
60. сезiктiлер мен айыпталушыларға олардың өтініші бойынша ұсыныс, өтініш, шағым жазуға жазу құралдары (қағаз, шарикті қалам) беріледі.
Тармақ 61
61. Тергеу изоляторының кітапханасынан газеттер келіп түсуі мөлшері бойынша он адамға бір газет немесе егер ішінде он адамнан кем болмаса бір камераға бір газеттен беріледі.
Тармақ 62
62. Тергеу изоляторының кітапханасынан кітап және журнал айырбастау аптасына бір мәрте жүргізіледі. Кітапхана абонементін пайдалану ережесін тергеу изоляторының бастығы бекітеді.
Тармақ 63
63. Сезiктiлер мен айыпталушыларға күзетте ұсталу кезінде төмендегідей келтірген зияндығы үшін материалдық жауапкершілік жүктеледі:
Тармақша 1
1) заңмен қарастырылған тәртіппен және мөлшерінде жұмыс міндетін атқаруда келтірген зиянына орай;
Тармақша 2
2) заңмен қарастырылған тәртіппен және мөлшерінде басқа іс-әрекетімен мемлекетке келтірген зиянына орай.
Тармақ 64
64. Материалдық зиян келтірген кінәлілерді анықтау үшін тергеу изоляторының әкімшілігі тексеру жүргізеді, оны тергеу изоляторының бастығы тағайындайды және ол зиян келтірілген фактіні анықтаған күннен бастап бір айдан кешіктірмей аяқталуы тиіс.
Тармақ 65
65. Тексеру барысында материалдық жауапкершілік басталатын кездің жағдайлары, келтірілген зиянның нақты мазмұны және мөлшері немесе материалды жауапкершілікке негіздің жоқтығы анықталады. Тексеру жүргізу кезінде міндетті түрде шығын келтірген адамнан жазбаша түсінік алынуы керек. Ол адам жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан жағдайда бұл жайлы тексеру материалдарында қамтылып көрсетіледі.
Тармақ 66
66. Шығынның мөлшерін тергеу изоляторы бастығының қызметтік тексеру нәтижесіне орай шығарылған мөрі қаулысының негізінде анықталады. Қаулы шығын келтірген күзет қамауындағы адамға оқылып, одан қолхат алынады. Шығын күзет қамауындағы адамның жеке есеп шотындағы ақшадан өндіріледі.
Сезiктiлер мен айыпталушылардың өтiнiшi бойынша ол келтiрген шығынның орнын оның туыстары немесе басқа адамдар өз келiсiмдерiмен толтыруларына болады.
Тармақ 67
67. Күзет қамауындағы адамның жеке есеп шотында ақша болмаған жағдайда, сондай-ақ тергеу изоляторында шығынның орны толық толтырылмаған болса, ол адамды қылмыстық жазасын бас бостандығынан айыру түрiнде өтейтiн мекемеге жiберер кезде одан шығынның өтемiн ұстап қалу туралы қаулы оның тұрып жатқан жерiне жiберiледi, ол жерде өндiрiлмеген шығынды сотталған адамның жеке есеп шотына түскен қаржыдан аталған мекеменiң әкiмшiлiгi өндiрiп алады.
Тармақ 68
68. Тергеу изоляторы бастығының келтiрiлген шығынды өндiрiп алу жөнiндегi қаулысына лауазымды қызметкерге, прокурорға немесе сотқа шағым жазуға болады. Берiлген шағым шығынның орнын толтыруын тоқтатпайды. Шағым қанағаттандырылған жағдайда бұрынғы ұсталынған сомалары күзет қамауындағы адамның жеке есеп шотына аударылады.
Тармақ 69
69. Күзет қамауындағы адам босатылған жағдайда орны толтырылмаған материалдық шығынды соттың шешiмiмен өндiруге болады.
Тармақ 70
70. Тергеу әкiмшiлiгiнiң кiнәсiмен сезiктiлер мен айыпталушыларға келтiрiлген шығын заңға сәйкес өндiрiледi.
Тармақ 6. 6. сезiктiлер мен айыпталушылардың тамақ өнiмдерiн, сондай-ақ күнделiктi қажет құралдарын сатып алуы
6. сезiктiлер мен айыпталушылардың тамақ өнiмдерiн, сондай-ақ күнделiктi қажет құралдарын сатып алуы
Тармақ 71
71. Сезiктiлер мен айыпталушылар тамақ өнiмдерiн, күнделiктi қажет құралдарын және басқа сақтауға, пайдалануға тыйым салынбаған өндiрiс тауарларын ақшасыз есеп айырысу арқылы тергеу изоляторының дүкенiнен (ларегiнен) немесе тергеу изоляторында дүкен (ларек) болмаған жағдайда, басқа сауда орындарынан сатып алады.
Тармақ 72
72. Тергеу изоляторының дүкенiнде (ларекте) сатылуға рұқсат етiлген тамақ өнiмдерiнiң, күнделiктi қажет құралдардың және өндiрiс тауарларының ассортиментi тiзбемен белгiленедi (N 2 қосымша). Күзет қамауындағы адамның тауар алуға жұмсайтын ақшасының мөлшерi шектелмейдi.
Тармақ 73
73. Бiр адамға берiлетiн тамақ өнiмдерiнiң және басқа да тауарлардың мөлшерiн, ассортиментiн саны және салмағын тергеу изоляторының әкiмшiлiгi сатып алушы сұранымын қолдағы тауардың саны және тауардың жергiлiктi сауда торабындағы бiр адамға босатылатын шегiн ескере отырып белгiлейдi. Сатып алынған тауардың босатылуы айына екi реттен кем болмауы керек.
Тармақ 74
74. Сезiктiлер мен айыпталушыларға дүкенге (ларекке) бару үшiн тыйым салынады. Дүкендегi (ларектегi) бар тауарлардың ассортиментi және олардың құны күзет қамауында ұсталатын адамдардың назарына жеткiзiлiп отырады.
Тармақ 75
75. Тамақ өнiмдерi, күнделiктi қажет заттар және өндiрiс тауарларын сатып алғысы келетiн адамдар тергеу изоляторы бастығының атына белгiленген үлгiде өтiнiш жазып, жеке есеп шотында ақшасы бар екендiгi туралы көрсетiлген ақша квитанциясымен бiрге әкiмшiлiк өкiлiне тапсырады. Дүкен (ларек) қызметкерi тауар сатып алғысы келген күзет қамауындағы адамның жеке есеп шотында ақшасының бар-жоғын қаржы бөлiмiнен тексередi. Сатып алынған тауарлар камераларға таратылып, қолхат арқылы берiледi.
Тармақ 76
76. Егер тауар әперiлген адамның жеке есеп шотында ақша қалса, оған тиiстi белгi қойылған түбiртегi қайтарылады, ал егер қалдық ақша болмаса түбiртегi өтiнiшке тiркеледi. Жұмыс күнiнiң соңында дүкен (ларек) қызметкерi аванс есебiн жасап, оны өтiнiшпен бiрге жеке есеп шоттағы ақшаны жазу үшiн қаржы бөлiмiне тапсырады.
Тармақ 77
77. Тергеу изоляторында дүкен (ларек) болмаған жағдайда тергеу изоляторынан тыс жерде орналасқан сауда нүктесiнен тауар сатып алу үшiн, сезiктiлер мен айыпталушылар ондағы қызметкерге талап етiлген ақша сомасын өз есебiнен алуға мекеменiң қаржы бөлiмiнiң кассасындағы өзiнiң жеке есеп шотынан алуына, белгiленген тәртiппен куәландырылған сенiмхат бередi. Берiлген ақша өз есебiне алынған адамның есебiнен авансты есеп және өтiнiш берушiге сатып алынған азық-түлiк және күнделiктi қажет заттар берiлгенiн дәлелдейтiн құжат негiзiнде шығарылады. Тергеу изоляторының әкiмшiлiгi сезiктiлер мен айыпталушылардың тамақ өнiмдерi және күнделiктi қажет заттарын сатып алуға жұмсаған ақшасы туралы оның жеке iсiнде белгiлейдi.
Тармақ 7. 7. Сезiктiлер мен айыпталушыларға арналған сәлемдемелердi, посылкаларды қабылдау және беру
7. Сезiктiлер мен айыпталушыларға арналған сәлемдемелердi, посылкаларды қабылдау және беру
Тармақ 78
78. Сезiктiлер мен айыпталушыларға арналған сәлемдемелердi қабылдау және беру тергеу изоляторының осы мақсатта жабдықталған арнайы орнында жүргiзiледi. сезiктiлер мен айыпталушыларға сәлемдеме мен посылканың салмағы пошта ережесiмен қарастырылған мөлшерден аспаса алуға шек келтiрiлмейдi. Сәлемдеме мен посылка жеткiзушiлердiң кезектесуi тәртiбiмен берiледi. сезiктiлер мен айыпталушылардың өзiнде ұстауына, сақтауына, сәлемдемемен алуына және ақшасыз есеп айырысу арқылы сатып алуына болатын тамақ өнiмдерiнiң, күнделiктi қажет заттардың, аяқ киiмдердiң, киiмдердiң және басқа өндiрiс тауарларының тiзбегi мемлекеттiк және ресми қолданылатын орыс тiлiнде сәлемдеме қабылдайтын бөлмеде iлiнедi.
Тармақ 79
79. Сәлемдеменi жеткiзген адам белгiленген үлгiде екi дана өтiнiш жазып, қолын қояды. Өтiнiштiң екi данасы, сәлемдеме, сондай-ақ сәлемдеме жеткiзген адамның төлқұжаты немесе жеке басын куәландыратын құжаты тергеу изоляторының қызметкерiне берiледi.
Тармақ 80
80. Сәлемдеменiң түгендiгiн және салмағын өлшеп тексеру оны жеткiзген адамдардың қатысуымен жүргiзiледi. Төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын құжат сәлемдеменi салыстырып тексергеннен кейiн қайтарылып берiледi.
Тармақ 81
81. Тергеу изоляторының қызметкерi сәлемдеменi алғаннан кейiн жеткiзушiге жеке құжаттарын және өтiнiштiң бiрiншi данасын қабылдағаны жайлы қолын қойып қайтарады, ал екiншi данасын күзет қамауындағы адамның алғаны туралы қолы қойылғаннан кейiн оның жеке iсiне тiркейдi. Бұл адамның анықтама карточкасында сәлемдеменiң қабылданғаны туралы белгi қойылады. Күзет қамауындағы адам өтiнiшке қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл жайлы өтiнiште тиiстi белгi қойылады. Сәлемдеме мен посылканың салмағы және салынған заттардың тiзбегi арнайы журналға тiркеледi, содан кейiн тиесiлi адамға берiледi.
Тармақ 82
82. Сәлемдемелер төмендегi жағдайда қабылданбайды және керi қайтарылады:
Тармақша 1
1) күзет қамауындағы адам күзеттен босатылғанда немесе ол тергеу изоляторынан үш тәулiктен артық уақытқа шығарылған жағдайда;
Тармақша 2
2) күзет қамауындағы адам қайтыс болғанда;
Тармақша 3
3) күзет қамауындағы адамның өзiне арналған сәлемдеменi өз қолымен алуына немесе iшiндегi затты керегiне жаратуға мүмкiндiгi болмаса;
Тармақша 4
4) сәлемдеме салмағы белгiленген мөлшерге сай келмесе;
Тармақша 5
5) сәлемдеменi жеткiзген адам төлқұжатын немесе жеке басын куәландыратын құжатын көрсетпесе;
Тармақша 6
6) сәлемдеменi қабылдауға арналған өтiнiш дұрыс жазылмаса;
Тармақша 7
7) күзет қамауындағы адам өзiне арналған сәлемдеменi қабылдаудан жазбаша түрде бас тартса.
Тармақ 83
83. Тергеу изоляторында немесе ауруханада емделу курсынан өтiп жатқан сезiктiлер мен айыпталушыларға келген сәлемдемелердi қабылдарда емдеушi дәрiгердiң кепiлдемесi ескерiледi.
Тармақ 84
84. Сәлемдемелердi ашып анықтауды тергеу изоляторының құрамы үш адамнан кем емес комиссиясы жүзеге асырады, сол бойынша акт жасалады. Актiде мыналар көрсетiледi: тамақ өнiмдерiнiң, заттардың атаулары мен тiзбегi, олардың сыртқы пiшiнi, сапасы, одан нақты алынғаны немесе сақтауға тапсырылғаны көрсетiледi. Актiге комиссия мүшелерiнiң қолдары қойылып, сезiктiлер мен айыпталушыларға хабарланып, қолхат алынады және оның жеке iсiне қосылады.
Тармақ 85
85. Сәлемдемелерден және посылкалардан табылған күзет қамауындағы адамдардың сақтауына немесе пайдалануына тыйым салынған құралдар, заттар және азық-түлiктер сәлемдеменi жеткiзген адамға қайтару себебi көрсетiлiп, қайтарылып берiледi де, сезiктелушiнiң немесе айыпталушының қатысуымен сақтауға берiледi немесе жойылады. Ақшалары оның есеп шотына аударылады.
Тармақ 86
86. Тергеу изоляторында ұсталушы адамдарға тыйым салынған заттарды заңсыз бергенi үшiн сәлемдеменi жеткiзушi немесе посылканы жiберушi адамдарға қатысты заңмен қарастырылған жағдайда қылмыстық жауапкершiлiкке немесе әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға материалдар рәсiмделедi.
Тармақ 87
87. Осы Ереженiң 7.5. тармағының "а", "б", "в", "ж" тармақшаларында көрсетiлген жағдайда посылка жөнелтушiге қайтарылады. Посылка пошта арқылы үстеме төлеммен "керi қайтарылады" деген таңбамен қайтарылады.
Тармақ 88
88. Карцерде отырған қамалушының атына келiп түскен сәлемдеме және посылка сақтау үшiн қоймаға тапсырылады және сезiктiлер мен айыпталушыларға карцерде отыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн тапсырылады.
Тармақ 89
89. Сезiктiлер мен айыпталушылардың туыстарына немесе басқа адамдарға сәлемдемелердiң орнына тергеу изоляторының қаржы бөлiмi арқылы дүкендерде (ларектерде) бар тамақ өнiмдерiн, күнделiктi заттарды және басқа өндiрiс тауарларын кейiн сезiктiлер мен айыпталушыларға табыс ету үшiн олардың құнын төлеуге мүмкiншiлiк бередi. Мұндай жағдайда туысы немесе басқа адам тергеу изоляторының қаржы бөлiмiне екi данамен өтiнiш жазып, онда тамақ өнiмдерiнiң және басқа да тауарлардың санын және салмағын, өзiнiң төлемек болған бағасын көрсетедi және қажеттi соманы төлейдi. Күзет қамауындағы адам сатып алынған товарды қабылдап алғаннан кейiн өтiнiштiң бiрiншi данасы оның қойған қолымен тауардың құнын төлеген төлеушiге қайтарылып, ал екiншi данасы жеке iсiне тiркеледi. Анықтама картотекасына тиiстi белгi қойылады.
Тармақ 90
90. Тергеу изоляторы әкiмшiлiгi сәлемдеме мен посылка iшiне салынған заттардың сақталуын қамтамасыз етедi, алайда көп уақыт сақталу салдарынан табиғи бұзылуын, сондай-ақ тексеру нәтижесiнде тауарлық бейнесiнiң жойылуын жауапкершiлiгiне алмайды.
Тармақ 91
91. Сәлемдеме немесе посылка қабылданған күннен бастап күзет қамауындағы адамға бiр тәулiктен кешiктiрiлмей, ал оның уақытша болмаған кезiнде ол қайтып оралғасын табыс етiлуi тиiс.
Тармақ 8. 8. Сезiктiлер мен айыпталушылардың жеделхаттарды, хаттарды, ақша аударымдарын алуы және жөнелтуi
8. Сезiктiлер мен айыпталушылардың жеделхаттарды, хаттарды, ақша аударымдарын алуы және жөнелтуi
Тармақ 92
92. Сезiктiлер мен айыпталушыларға туыстарынан және басқа адамдардан айына екi рет қана хаттар мен жеделхаттар алуына және жiберуiне рұқсат етiледi.
Тармақ 93
93. Сезiктiлер мен айыпталушылардың хат жазысуы тек тергеу изоляторы арқылы олардың өз есебiнен, өндiрiсiнде қылмыстық iс бар адамның немесе органның рұқсатымен жүзеге асырылады және прокурор мен сотқа арналған хаттан басқалары цензураға жатқызылады.
Тармақ 94
94. Сезiктiлер мен айыпталушылар пошта қажеттерiн (конверттер, маркiлер, жеделхат бланкiлерiн) тергеу изоляторының дүкенiнен (ларегiнен) сатып алады.
Тармақ 95
95. Сезiктiлер мен айыпталушылардың хаттарын және толтырылған жеделхат бланктерiн күн сайын әкiмшiлiк өкiлi қабылдайды. Хаттар тек қана желiмделмеген конвертте қабылданады, онда жөнелтушiнiң тегi, аты-жөнi және тергеу изоляторының пошта мекен-жайы көрсетiледi, қабылданады. Толтырылған жеделхат бланкiсiне күзет қамауындағы адамның тергеу изоляторының бастығының атына жеделхаттың төлемiн өтеуге жеке есеп шотынан ақша алынуын сұрап жазған өтiнiшi тiркеледi. Өтiнiш ақша квитанциясымен бiрге әкiмшiлiк өкiлiне тапсырылады.
Тармақ 96
96. Қаржы бөлiмiнiң қызметкерi жеделхат жiбермекшi болған күзет қамауындағы адамның жеке есеп шотында ақша бар екенiн тексерiп және поштамен жөнелтiлер заттың құнын есептей келiп, одан қажетiнше ақша бөледi.
Тармақ 97
97. Жеделхат жөнелтiлгеннен кейiн күзет қамауындағы адамға пошта түбiртегi, ал жеке есеп шотында ақшасы болса оған сәйкес белгi қойылған ақша квитанциясы тапсырылады. Егер есеп шотта ақша қалмаса ақша түбiртегi өтiнiшке тiркеледi. Жеделхат жөнелтушi адамның өтiнiшi пошта квитанциясын алғаны туралы қолхатымен бiрге оның жеке iсiне тiркеледi.
Сезiктiлер мен айыпталушылардан тапсырысты және бағалы хаттар, сондай-ақ ақшалай аударымын жөнелткенде дәл осындай тәртiп талап етiледi.
Тармақ 98
98. Аталған мекеме әкiмшiлiгi сезiктiлер мен айыпталушылардан жеделхат немесе хат қабылданған сәттен бастап оларды жөнелткенге дейiн, сондай-ақ тергеу изоляторына жеделхат немесе хат келiп түскен сәттен оларды адрес иесiне тапсырғанға дейiн жеделхат пен хаттардың сақталуына жауап бередi, хат алмасудағы құпиялылықты қамтамасыз етедi.
Тармақ 99
99. Күзет қамауындағы адамның атына келiп түскен хаттарды, жеделхаттарды тапсыру, сондай-ақ оның хаттарын адрес иесiне жөнелтудi тергеу изоляторының әкiмшiлiгi мереке күндерiнен басқа күндерi, хаттың келiп түскен немесе оны күзет қамауындағы адамның тапсырған күнiнен бастап үш күн мерзiм iшiнде жүзеге асырады. Хатты мемлекеттiк немесе ресми қолданылатын орыс тiлiне аудару қажет болғанда хатты тапсыру мерзiмi аударма жасауға қажет болған уақытқа ұзартылады. Күзет қамауындағы адамға жақын туысының өлiмi немесе ауыр науқасы туралы хабар алынысымен, кешiктiрiлмей хабарланады.
Тармақ 100
100. Куәлерге, жәбiрленулершiге арналған, сондай-ақ iшiнде қылмыстық iс бойынша қорлау, қорқыту, кек алу, қылмыс жасауға немесе басқа тәртiп бұзушылыққа шақыру, тергеу изоляторының күзетi, оның қызметкерлерi жайлы ақпараттар, тыйым салынған заттарды берiп жiберу тәсiлдерi және қылмыстық iс бойынша шындықты анықтауға кесiрiн тигiзетiн, қылмыс жасауға септiк ететiн басқа да мәлiметтер бар құпия жазбамен, мемлекеттiк немесе басқа да заңмен қорғалған құпиялар шифрленiп жазылған хаттар мен жеделхаттар адрес иесiне тапсырылмайды және өндiрiсiнде қылмыстық iс бар адамға немесе мекемеге тапсырылады.
Тармақ 101
101. Сезiктiлер мен айыпталушылардың барлық корреспонденциялары келіп түскен және жөнелтiлген уақыты көрсетiлiп, арнайы журналға тiркеледi.
Тармақ 102
102. Сезiктiлер мен айыпталушыларға арналған ақша пошта арқылы тергеу изоляторының мекен-жайына аударылып, олардың жеке есеп шотына салынады. Күзет қамауындағы адамның жеке есеп шотынан ақша алып аудару үшiн, олар тергеу изоляторы бастығының атына дәлелдi өтiнiш жазады. Ақша күзет қамауындағы адамның жеке есеп шотындағы қаржыдан пошта арқылы аударылады.
Тармақ 9. 9. Күзет қамауындағы қамауындағы адамдардың ұсыныс, өтiнiш және шағым жолдауы
9. Күзет қамауындағы қамауындағы адамдардың ұсыныс, өтiнiш және шағым жолдауы
Тармақ 103
103. Әкiмшiлiк өкiлдерi күн сайын камераларды аралап, күзет қамауындағы адамдардың жазбаша және ауызша ұсыныстарын, өтiнiштерiн және шағымдарын қабылдайды. Ұсыныстарға, өтiнiштерге және шағымдарға берiлген жауаптар сезiктiлер мен айыпталушыларға хабарланады және хабарланғаны туралы қолхат алынып, ол жеке iсiне тiркеледi.
Тармақ 104
104. Ауызша түрде қабылданған ұсыныстар, өтiнiштер және шағымдар журналға жазылады және осыған рұқсат беруге жауапты адамға баяндалады.
Тармақ 105
105. Тергеу изоляторы әкiмшiлiгiне арналған жазбаша ұсыныстар, өтiнiштер және шағымдар журналда тiркеледi және тергеу изоляторының бастығына баяндалады, ол рұқсат беру жөнiнде шешiм қабылдайды. Мұндай мүмкiншiлiк болмаған жағдайда сезiктiлер мен айыпталушыларға тиiстi түсiнiктемелер берiледi.
Тармақ 106
106. Прокурорға немесе сотқа жолданған ұсыныстар, өтiнiштер және шағымдар желiмделген конвертте қабылданады және цензураға жатқызылмайды. Оларды ашуға қатаң тыйым салынады. Келiп түсулерiне орай олар кешiктiрiлмей адрес иесiне жолданады.
Тармақ 107
107. Мемлекеттiк органдарға жолданған ұсыныстар, өтiнiштер және шағымдар тергеу әкiмшiлiгiнiң талқылауынан өтуге және ол қабылданған уақытынан бастап бiр тәулiктен кешiктiрiлмей арналған жерiне жөнелтiлуi тиiс.
Тармақ 108
108. Егерде өтiнiш пен шағымда қылмыстық iспен байланысы жоқ, тергеу изоляторы әкiмшiлiгiнде шешiлетiндей заңды талаптар мен ұсыныстар болса, онда олар сезiктiлер мен айыпталушылардың келiсiмiмен адрес иесiне жiберiлмейдi. Мұндай жағдайда әкiмшiлiк шағымда және өтiнiште талап етiлген мәселелердi шешу үшiн шара қолданады және оның қорытындысы туралы күзет қамауындағы адамды хабарландырады.
Егер әкiмшiлiк шағымда, өтiнiште талап етiлген мәселелердi шешуге құзыреттi болмаса немесе автор оларды адрес иесiне жiберудi табанды талап етсе, олар арналған жерiне жiберiледi.
Мұндай жағдайда тергеу изоляторының әкiмшiлiгi өтiнiш пен шағымға талап етiлген мәселелерге тiкелей байланысты берген түсiнiктемелерi мен атқарған шаралары туралы баяндалған хат тiркейдi.
Ұсыныстардың, шағымдардың және өтiнiштердiң iшiнде қылмысты iс бойынша ақиқатты ашуға кедергi болатын немесе қылмыстың жасалуына септiгiн тигiзетiн, iшiнде мемлекеттiк немесе басқа да заңмен қорғалған құпиялар құпия жазумен, шифрмен жазылған мәлiметi бар болса онда ол адрес иесiне жiберiлмейдi және өндiрiсiнде қылмыстық iс бар адамға немесе органға жiберiледi.
Тармақ 109
109. Егер ұсыныста, өтiнiште және шағымда аталған мәселелердi адрес иесiнiң шешуiне құқығы немесе құзыретi болмаса, онда күзет қамауындағы адамдарға тиiстi түсiнiктеме берiледi. Егер автор оларды адрес иесiне жiберудi табанды талап етсе, олар арналған адреске жiберiледi.
Тармақ 110
110. Шағым мен кассациалы шағымнан басқа, осы Ереженiң 9.4. тармағында аталған ұсыныстар, өтiнiштер мен шағымдар жөнелтушiнiң есебiнен жiберiледi. Күзет қамауындағы адамның жеке есеп шотында ақшасы болмағанда шығын (жеделхаттан басқа) тергеу изоляторы есебiнен өтеледi.
Тармақ 10. 10. Сезiктiлер мен айыпталушылардың дiни салттарды атқаруы
10. Сезiктiлер мен айыпталушылардың дiни салттарды атқаруы
Тармақ 111
111. Сезiктiлер мен айыпталушылар дiни салттарды камерада, ал мүмкiндiк болса тергеу изоляторындағы осы мақсатқа арнайы жабдықталған, дiни конфессияның дәстүрлерiне сай бөлмелерде атқарады.
Тармақ 112
112. Осы Ереженi және күзет қамауындағы адамның құқығын бұзатын дiни салттарды атқаруға жол берiлмейдi.
Тармақ 113
113. Сезiктiлер мен айыпталушыларға өзiнде ұстауға және пайдалануға дiни кiтаптарға, жеке пайдаланылатын, денеге тағылатын немесе қалтаға салып жүретiн дiни табыну заттарына, шаншығыш-кескiш құралдардан, қымбат тастардан, металл бұйымдарынан немесе табиғи және мәдени құндылығы бар заттардан басқа заттарға рұқсат етiледi.
Тармақ 114
114. Өндiрiсiнде қылмыстық iс бар органның немесе адамның рұқсатымен және өтiнiшiмен сезiктiлер мен айыпталушыларға рухани көмек көрсету үшiн тергеу изоляторына дiн қызметшiсiн шақыртуға болады.
Дiн қызметшiсiнiң қызметiне ақы сезiктiлер мен айыпталушылардың жеке есеп шотындағы қаржы есебiнен төленедi.
Тармақ 11. 11. Сезiктiлер мен айыпталушыларды еңбекке тарту
11. Сезiктiлер мен айыпталушыларды еңбекке тарту
Тармақ 115
115. Сезiктiлер мен айыпталушылардың жұмысы тек тергеу изоляторы аумағында, камераларда, өндiрiс алаңдарында, шеберханаларда және жөндеу-құрылыс жұмыстарында ұйымдастырылады. Сонымен бiрге белгiленген оқшаулау талаптарының және заңмен белгiленген сезiктiлер мен айыпталушыларды жеке орналастыру ережесiнiң, сондай-ақ азаматтық және еңбек заңдарының, жұмыс өндiрiсi кезiнде техника қауiпсiздiгi ережелерiнiң орындалуы қамтамасыз етiледi.
Тармақ 116
116. Сезiктiлер мен айыпталушылар тергеу изоляторының арнаулы бөлiмдерiндегi, фотолабораториялардағы, радиотрансляциялық жүйедегi жұмыстарға, сондай-ақ инженерлiк-техникалық күзет құралдарын, дабыл және байланыс, транспорт құралдарының барлық түрлерiн және көбейткiш аппаратураларды жөндеумен және пайдаланумен байланысты жұмыстарға жiберiлмейдi.
Тармақ 117
117. Жұмыс iстеуге ықылас бiлдiрген сезiктiлер мен айыпталушылар тергеу изоляторы бастығының атына өтiнiш жазады, ол оны үш күннiң iшiнде қарап және тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi. Айыпталушыны мекемеде жұмысқа орналастыру мүмкiншiлiгi болмағанда, оған тиiстi түсiнiктеме берiледi. Айыпталушылардың еңбекақысы заңмен көрсетiлген ұсталымдардан кейiн олардың жеке есеп шотына аударылады.
Тармақ 118
118. Тергеу изоляторының әкiмшiлiгi барлық ниет бiлдiрген айыпталушыларды жұмысқа тарту мүмкiншiлiктерiн қарастыруы тиiс.
Тармақ 12. 12. сезiктiлер мен айыпталушылардың отбасылық-құқықтық қатынастарға және азаматтық-құқықтық iстерге қатысуы
12. сезiктiлер мен айыпталушылардың отбасылық-құқықтық қатынастарға және азаматтық-құқықтық iстерге қатысуы
Тармақ 119
119. Сезiктiлер мен айыпталушылардың некеге тiркелуiн осы тергеу изоляторы орналасқан аумаққа қызмет көрсететiн АХАЖ мекемесi тергеу изоляторында жүргiзедi.
Тармақ 120
120. Күзет қамауындағы адаммен некеге тұрғысы келетiн адам тергеу изоляторына өзi тұратын жердiң немесе тергеу изоляторы орналасқан жердiң АХАЖ мекемесi куәландырылған өтiнiшiн, сондай-ақ өндiрiсiнде қылмыстық iс бар адамның немесе органның күзет қамауындағы адамның аталған адаммен кездесуiне берген рұқсатын әкелiп бередi.
Некеге тiркеу туралы өтiнiш келiп түскенде тергеу изоляторы әкiмшiлiгi оны күзет қамауындағы адамға өзiне қатысты бөлiгiн толтыру үшiн бередi. Өтiнiшке жетiспейтiн мәлiметтер кiргiзiлгеннен кейiн тергеу изоляторының әкiмшiлiгi өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер мен күзет қамауындағы адамның жеке iсiндегi құжаттарын салыстырады. Күзет қамауындағы адамның қолының түпнұсқасы және көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығы тергеу изоляторы бастығының қолымен куәландырылады және мекеменiң мөрi басылып, содан кейiн әкiмшiлiк бiрлескен некеге тiркелу өтiнiштерiн тергеу изоляторы орналасқан жердегi АХАЖ мекемесiне жiбередi. Күзет қамауындағы адамның жеке iсiнде оның отбасы жайлы мәлiметтердiң дұрыстығын дәлелдейтiн құжаттар болмаса, онда оларды туыстары берулерi керек.
Тармақ 121
121. Егерде күзет қамауындағы адам некеге тұрғысы келсе, ол тергеу әкiмшiлiгiне жазбаша түрде өтiнiш бередi. Тергеу изоляторы орналасқан жердегi АХАЖ-ның некеге рұқсаты және өндiрiсiнде қылмыстық iс бар органның немесе адамның кездесуге рұқсаты болса, изолятор әкiмшiлiгi күзет қамауындағы адамды белгiленген үлгiдегi некеге тұру туралы бланкпен оның есебiнен қамтамасыз етедi. Күзет қамауындағы адам өтiнiштiң өзiне қатысты бөлiгiн толтырғаннан кейiн, тергеу изоляторының әкiмшiлiгi өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi күзет қамауындағы адамның жеке iсiндегi құжаттармен салыстырып, оның қолын, сондай-ақ өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығын куәландырады. Күзет қамауындағы адамның жеке iсiнде оның отбасы жайлы мәлiметтердiң дұрыстығын куәландыратын құжаттар болмағанда оларды туыстары берулерi керек. Содан кейiн тергеу изоляторының әкiмшiлiгi бұл өтiнiштi күзет қамауындағы адаммен некеге тұру ниетi бар адамға жiбередi. Сонымен қатар аталған адамға тергеу изоляторы орналасқан жердегi некеге тiркейтiн АХАЖ-ның атауын және мекеменiң мекен-жайын хабарлайды.
Тармақ 122
122. Мұндай өтiнiш алған адам некеге тұруға келiсетiн болса, онда оның өзiне қатысты бөлiгiн толтырады және өтiнiштегi қойылған қолдар мен көрсетiлген мәлiметтердi куәландыру үшiн өзi тұратын жердегi АХАЖ-ға тапсырады, содан кейiн өтiнiштi өзiне тергеу изоляторы хабарлаған АХАЖ мекемесiне жiбередi.
Тармақ 123
123. Некеге тiркеу некеге отырушылардың қатысуымен тергеу изоляторында жүргiзiледi. Аталған адамдардың жағынан куәлардың жалпы саны екi адамнан аспауы керек.
Тармақ 124
124. Некеге тiркеу төлемi және көлiк шығыны некеге отырушылардың есебiнен өткерiледi.
Тармақ 125
125. Тәртiптiк жазасын карцерде өтеп жатқан күзет қамауындағы адаммен некеге тiркелу оның бұл жазасын өтегеннен кейiн ғана жүзеге асуға тиiс.
Тармақ 126
126. Тергеу изоляторының әкiмшiлiгi өндiрiсiнде қылмыстық iс бар адамның немесе органның рұқсаты болса некеге тiркелгеннен кейiн күзет қамауындағы адамды белгiленген тәртiп бойынша жұбайымен (ерiмен) кездестiруге мiндеттi.
Тармақ 127
127. Некенi бұзу үшiн күзет қамауындағы адам сотқа немесе кәмелетке толмаған балалары жоқ жұбайлардың бiрдей келiсiмi болса АХАЖ мекемесiне өтiнiш бередi.
Тармақ 128
128. Сезiктiлер мен айыпталушылар егерде заңға немесе осы Ережеге қайшы келмеген жағдайда басқа да отбасылық-заңдылық қатынастарға қатысуға құқылы.
Тармақ 129
129. Азаматтық-құқықтық мәмiлені жүзеге асыру үшiн күзет қамауындағы адам белгiленген үлгiде сенiмхат жазады, оны Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң K941000_ 152-бабына сәйкес тергеу изоляторының бастығы куәландырады.
Тергеу изоляторының әкiмшiлiгi күзет қамауындағы адамды өтiнiшi бойынша оның өз есебiнен сенiмхат бланкiлерiмен жабдықтайды және қажет болғанда оны толтыруды түсiндiредi. Сенiмхат арналып жазылған адамға өндiрiсiнде қылмыстық iс бар адам немесе орган арқылы берiледi немесе жолданады.
Тармақ 130
130. Күзет қамауындағы адамнан сенiмхат алғысы келетiн азаматтар, тергеу изоляторының әкiмшiлiгiнiң жеке қабылдауына өтiнiш әкеледi немесе оны пошта арқылы жiбередi.
Тармақ 13. 13. сезiктiлер мен айыпталушылардың газеттерге және журналдарға жазылуын жүргiзу
13. сезiктiлер мен айыпталушылардың газеттерге және журналдарға жазылуын жүргiзу
Тармақ 131
131. Айыпталушыларға Қазақстан Республикасының байланыс бөлiмшелерi арқылы таратылатын газеттер мен журналдарға жазылуға құқық берiледi.
Тармақ 132
132. Жазылу үшiн айыпталушы тергеу изоляторы бастығының атына өтiнiш жазады. Жазылуға ниет бiлдiрген адамға, оның өз есебiнен абонемент және тасымалдау карточкасының бланктерi берiледi.
Тармақ 133
133. Жазылуды тергеу изоляторының қызметкерi оның жеке есеп шотындағы қаржыдан оның өз есебiнен байланыс бөлiмшесiнде жүргiзедi.
Тармақ 134
134. Жазылуды басқа мекен-жайға ауыстыру жазылушының жазбаша өтiнiшi бойынша, тергеу изоляторы әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен оның өз есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 135
135. Айыпталушының басылымдарға жазылуын оның туыстары немесе басқа адамдар да жүзеге асыруына болады.
Тармақ 136
136. Жазылуға болатын басылымдардың саны шектелмейдi.
Тармақ 14. 14. Сезiктiлер мен айыпталушыларды медициналық-санитарлық қамсыздандыру
14. Сезiктiлер мен айыпталушыларды медициналық-санитарлық қамсыздандыру
Тармақ 137
137. Сезiктiлер мен айыпталушылар тергеу изоляторына келiп түскен кезде үш күн iшiнде: хирург, терапевт, фтизиатор, психиатор, дермато-венеролог дәрiгерлердiң мiндеттi медициналық тексеруiнен, сондай-ақ флюорографиялық және лабораториялық тексерулерден өтедi. Медициналық тексеруден өтпегендер басқа сезiктiлер мен айыпталушылардан бөлек ұсталады.
Медициналық тексерудiң нәтижесi күзет қамауындағы адамның медициналық-амбулаториялық картасында белгiленедi.
Тармақ 138
138. Сезiктiлер мен айыпталушылар тергеу изоляторының медицина қызметкерi күнделiктi камераларды аралаған кезде одан медициналық көмек сұрап өтiнiш жасайды, ал кенеттен қысылып ауырған жағдайда тергеу изоляторы қызметкерiнiң қайсысына болса да өтiнiш жасайды.
Күзет қамауындағы адам өтiнiш жасаған қызметкер оған медициналық көмек көрсету үшiн шара қолдануға мiндеттi.
Тармақ 139
139. Сезiктiлер мен айыпталушыларға амбулаториялық көмек камераларда, басқа бөлмелерде, сондай-ақ тергеу изоляторының медициналық бөлiмiнiң мамандандырылған кабинеттерiнде көрсетiледi. Дәрi-дәрмектер дәрiгердiң белгiлеген мөлшерiнде әркiмге қолхат арқылы бөлiнедi. Мөлшерден артық дәрi-дәрмектер тек ерекше жағдайларда берiледi.
Тармақ 140
140. Тергеу изоляторының медицина бөлiмдерiнiң жанынан стационарлық бөлiмшелер ұйымдастырылады. Сезiктiлер мен айыпталушыларға тергеу изоляторында жедел немесе арнайы медициналық көмек көрсету мүмкiн болмағанда, олар стационарлық емдеу үшiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы азаматтардың денсаулығын сақтау саласында жетекшiлiк ететiн уәкiлеттi орталық атқарушы органның медициналық мекемесiне немесе Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң жақын жердегi мамандандырылған медициналық түзеу мекемесiне орналастырылады.
Ескерту: 140-тармақ өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің
2001 жылғы 29 қазандағы N 769 бұйрығымен.
Тармақ 141
141. Сезiктiлер мен айыпталушылар жарақат алған жағдайда оның өтiнiшi бойынша және әкiмшiлiктiң ынтасымен (бiр тәулiктен кешiктiрiлмей) оған тергеу изоляторының медицина қызметкерi медициналық куәландыру жүргiзедi. Медициналық куәландырудың нәтижесi күзет қамауындағы адамның медициналық-амбулаторлық картасында белгiленедi және жәбiрленушiге хабарланады. Қажет болған жағдайда медициналық жәрдем көрсетiледi.
Тармақ 142
142. Күзет қамауындағы адам жарақат алған жағдайда Заңның 23 бабына сәйкес медициналық куәландыруды Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында жетекшiлiк ететiн уәкiлеттi орталық атқарушы органның медициналық мекемесiнiң қызметкерi мынандай жағдайларда жүргiзуi мүмкiн:
Тармақша 1
1) тергеу изоляторы бастығының шешiмi бойынша;
Тармақша 2
2) қадағалаушы прокурордың нұсқауы бойынша;
Тармақша 3
3) өндiрiсiнде қылмыстық iс бар адамның немесе органның шешiмi бойынша;
Тармақша 4
4) жарақат алған күзет қамауындағы адамның мәлiмдемесi бойынша;
Тармақша 5
5) жарақат алған күзет қамауындағы адамның қорғаушысының мәлiмдемесi бойынша.
Ескерту: 142-тармақ өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің
2001 жылғы 29 қазандағы N 769 бұйрығымен .
Тармақ 143
143. Қазақстан Республикасы азаматтардың денсаулығын сақтау саласында жетекшiлiк ететiн уәкiлеттi орталық атқарушы органның медицина мекемесi қызметкерлерi медициналық куәландыру жүргiзулерi үшiн жарақат алған адам немесе оның қорғаушысы тергеу изоляторы бастығының атына өтiнiш бередi. Өтiнiш бiр тәулiктiң iшiнде қаралуға тиiс. Күзет қамауындағы адамның немесе оның қорғаушысының мәлiмдемесi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтардың денсаулығын сақтау саласында жетекшiлiк ететiн уәкiлеттi орталық атқарушы органның медицина мекемесiнiң қызметкерлерi жүргiзген медициналық куәландыруы күзет қамауындағы адамның жеке есеп шотындағы бар қаржыдан төленедi. Мұндай куәландыру жүргiзуден бас тартылған жағдайда қадағалаушы прокурорға шағым беруге болады. <*>
Ескерту: 143-тармақ өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің
2001 жылғы 29 қазандағы N 769 бұйрығымен .
Тармақ 15. 15. Сезiктiлер мен айыпталушылардың күнделiктi серуендеулерiн ұйымдастыру
15. Сезiктiлер мен айыпталушылардың күнделiктi серуендеулерiн ұйымдастыру
Тармақ 144
144. Сезiктiлер мен айыпталушылардың күнделiктi серуендеудi пайдалану уақыты бiр сағаттан, ал кәмелетке толмағандардiкi екi сағаттан кем болмауы тиiс. Серуеннiң уақыты тергеу изоляторының бастығы iшкi тәртiптi, ауа райын, мекеменiң адамдармен толығуын және басқа жағдайларды ескере отырып тағайындайды. Жүктi әйелдердің және қолында үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдердiң серуенi үш сағатқа дейiн ұзартылады.
Тармақ 145
145. Сезiктiлер мен айыпталушыларға серуендеу уақыты тәулiктiң жарығы басымырақ кезiнде берiледi. Әр камерада ұсталушыларды серуенге шығару уақыты жылжымалы кестемен белгiленедi.
Тармақ 146
146. Серуен арнайы серуен ауласында жүргiзiледi. Серуен ауласы орындықтармен және жаңбырдан қорғайтын шатырмен жабдықталады. Серуен кезiнде кәмелетке толмағандарға денешынықтыру жаттығуларына және спорттық ойындарға мүмкiншiлiк берiледi. Балалы әйелдерге арналған аулалар көгалдандырылады және құмсалғышпен жабдықталады.
Тармақ 147
147. Сезiктiлер мен айыпталушылар серуендi мезгiлiнен бұрын тоқтату үшiн серуенге жауапты адамға өтiнiш жасауына болады, ол тергеу изоляторының бастығына немесе оның орынбасарына баяндалады. Аталған лауазымды адам өтiнiштiң мәнi бойынша шешiм қабылдайды.
Тармақ 16. 16. Сезiктiлер мен айыпталушылардың қорғаушыларымен, туыстарымен және басқа адамдармен кездесуiн өткiзу
16. Сезiктiлер мен айыпталушылардың қорғаушыларымен, туыстарымен және басқа адамдармен кездесуiн өткiзу
Тармақ 148
148. Сезiктiлер мен айыпталушыларға туыстарымен және басқа адамдармен кездесу өндiрiсiнде қылмыстық iс бар адамның немесе органның жазбаша рұқсаты негiзiнде берiледi. Рұқсат бiр рет кездесуге ғана жарамды.
Кездесуге берiлген жазбаша рұқсатта ол кiмге және қандай адамдармен кездесуге берiлгенi көрсетiлуi тиiс. Күзет қамауындағы адаммен кездесуге бiр мезгiлде екi ересек адамға ғана рұқсат берiледi.
Тармақ 149
149. Өндiрiсiнде қылмыстық iс бар адамның немесе органның жазбаша рұқсаты негiзiнде, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттар негiзiнде тергеу изоляторының бастығы немесе оның орынбасары кездесуге рұқсат етiп, жазбаша нұсқау бередi және кездесу уақытын жалпы кезекке байланысты белгiлейдi, содан кейiн кездесу өткiзудi ұйымдастыру үшiн кезекшi көмекшiге әмiр бередi.
Тармақ 150
150. Кездесу жалпы кезек тәртiбiмен берiледi. Кездесудi бастар алдында оған келген адамдарға кездесу кезiндегi тәртiп сақтау ережелерi хабарланады және белгiленген тәртiп бұзылған жағдайда кездесудiң тоқтатылатыны жайлы ескерту жасалады.
Тармақ 151
151. Кездесуге оның жеке басын анықтайтын құжатсыз немесе мас күйiнде келген, сондай-ақ рұқсат қағазында көрсетiлмеген адамдарға рұқсат берiлмейдi. Кездесуге рұқсат берiлмеу себебi кездесуге келген адамға жарияланады.
Тармақ 152
152. Сезiктiлер мен айыпталушылардың туыстарымен және басқа адамдармен кездесуi тергеу изоляторы қызметкерiнiң бақылауымен осы мақсатқа арнайы жабдықталған, қандай да бiр құрал бергiзбейтiн, екi адам арасын бөлiп тұратын, бiрақ көзбе көз жүздесуге тосқауыл болмайтын қабырға арқылы жүргiзiледi.
Сезiктiлер мен айыпталушылардың кездесуге келгендермен тiл қатысуы бетпе-бет немесе сөйлесу құралдары арқылы iске асырылады және оны тергеу изоляторы қызметкерiнiң тыңдап отыруы мүмкiн.
Тармақ 153
153. Күзет қамауындағы адамның қорғаушысымен кездесуi жұмыс уақытында, оңаша өткiзiледi және олардың арасында бөлгiш қабырға болмайды, кездесудiң саны мен ұзақтығына шек қойылмайды. Кездесу тергеу изоляторы қызметкерiнiң күзет қамауындағы адамның және қорғаушының бет жүзiн көре алатындай, бiрақ сөздерi естiлмейтiндей жағдайда жүргiзiледi.
Тармақ 154
154. Iске қорғаушы есебiнде қатысатын басқа адамның күзет қамауындағы адаммен кездесуiне қылмыстық процестi жүргiзушi жеке адамдар мен органдарға қылмыстық-iс жүргiзу заңдылықтарының нормаларына сай қылмыстық iске қатысуға рұқсат берiлген құжаты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаты бар болса ғана рұқсат берiледi.
Тармақ 155
155. Iске қорғаушы есебiнде қатысатын адвокатқа - ол заң кеңесiнiң ордерiн көрсеткенде; кәсiптiк одақ немесе басқа қоғамдық ұйымның қорғаушы болып табылатын өкiлiне - қоғамдық бiрлестiктiң тиiстi шешiмiн көрсеткенде; iске қорғаушы ретiнде қатысатын басқа адамдарға - сот анықтамасын, соттың, тергеушiнiң немесе анықтаушының қаулысын көрсеткенде күзет қамауындағы адаммен кездесуiне рұқсат берiледi.
Тармақ 156
156. сезiктiлер мен айыпталушылармен кездесуге рұқсат алған адамдарға тергеу изоляторы бастығының немесе оның орнындағы адамның рұқсатынсыз тергеу изоляторына техникалық байланыс құралдарын, компьютерлердi, киноға, суретке түсiретiн, дыбыс және бейнелеу және көбейткiш аппаратураларын алып кiруге және оларды кездесу кезiнде пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 157
157. Кездесудi мезгiлiнен бұрын тоқтатуға төмендегiдей жәйттер негiз болады:
Тармақша 1
1) кездесуге келген адамдар кездесудi өткiзуге жауапты тергеу изоляторы қызметкерiнiң заңды талаптарын орындамаса;
Тармақша 2
2) күзет қамауындағы адамға қандай да бiр құралдар, заттар, тамақ өнiмдерiн бермекшi болса немесе одан алмақшы болса;
Тармақша 3
3) қылмыстық iс бойынша ақиқатты ашуға кедергi болатын, қылмыс жасауға немесе басқа да құқық бұзушылыққа септiгiн тигiзетiн мәлiметтер бермекшi болса;
Тармақша 4
4) кездесуге келген адамдар өзара байланыс үшiн шартты дабылдарды, шифр немесе мәлiмет берудiң басқа құйтұрқы әдiстерiн пайдаланса.
Тармақ 158
158. Кездесу дереу тоқтатылған жағдайда оны өткiзуге жауапты тергеу изоляторының қызметкерi тергеу изоляторы бастығына кездесудi тоқтатудың себептерiн атап көрсетiп, жазбаша түрде баяндайды.
Тармақ 159
159. Сезiктiлер мен айыпталушылармен кездесу қысқа мерзімге тоқтатылғанда (карантинге байланысты, ерекше жағдай кестесiн енгiзгенде және басқа жағдайда) тергеу изоляторының бастығы бұл туралы тергеу изоляторында заңның сақталуын қадағалайтын прокурорға, тиiстi сот және тергеу органдарына хабарлайды, келген адамдар үшiн қабылдау бөлмесiне хабарлама iлiнедi.
Тармақ 17. 17. Сезiктiлер мен айыпталушылардың тергеу әрекеттерiне және сот отырыстарына қатысуларын қамтамасыз ету
17. Сезiктiлер мен айыпталушылардың тергеу әрекеттерiне және сот отырыстарына қатысуларын қамтамасыз ету
Тармақ 160
160. Тергеу изоляторы әкiмшiлiгi қылмыстық iс жүргiзушi соттардың, прокурорлардың, тергеушiлердiң, анықтаушылардың жұмыс уақытында тергеу изоляторына кедергiсiз кiрулерiн және тергеу iстерiн жүргiзу үшiн күзет қамауындағы адамдарды шақырту бойынша жеткiзiп отыруды қамтамасыз етедi.
Тармақ 161
161. Сезiктiлер мен айыпталушыларды шақыртып алу құқығы осы қылмыстық iстiң жүргiзiлуiн қадағалаушы прокурорға, оданда жоғары лауазымды прокурорға, осы iстiң жүргiзiлуiне және анықталуына жетекшiлiк етушi лауазымды адамдарға жiберiледi.
Тармақ 162
162. Кезекшi ауысымның кезекшiлiктi қабылдап-тапсыру кезеңiнде (бiр сағаттан аспау керек), iшкi тәртiп кестесiне сәйкес тамақ iшетiн уақытта (таңертеңгi, түскi, кешкi ас), сондай-ақ түнгi мезгiлде (кешкi сағат 22-ден келесi күнгi таңғы сағат 6-ға дейiн), Қазақстан Республикасы Қылмыстық-iс жүргiзу кодексiнде Z970208_ қаралғандағыдан басқа жағдайда күзет қамауындағы адамдарды кездесу үшiн және шақырту бойынша камерадан шығаруға тыйым салынады. Аталған мерзiмдерде шақырту бойынша шыққан күзет қамауындағы адамдар камераларға қайтуы керек.
Тармақ 163
163. Тергеушiнiң, анықтама жүргiзушiнiң, прокурордың немесе соттың (судьяның) нұсқауы бойынша тергеу изоляторы аумағында тергеу жүргiзу, амбулаторлық соттық-психиатрлық және басқа да сараптама жасау үшiн оның әкiмшiлiгi төмендегiдей жәйттерге мiндеттi:
Тармақша 1
1) жабдықталған бөлме беруге;
Тармақша 2
2) күзет қамауындағы адамды алып келуге және оның күзетiн қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) тергеу iсiне қатысу үшiн тартылған басқа адамдардың тергеу изоляторына кiрулерiне рұқсат берудi қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) күзет қамауындағы адамның мекеменiң қоймасында сақталуда жатқан немесе оның пайдаланып жүрген мүлкiн тiнтуге, оған арест салуға.
Тармақ 164
164. Сезiктiлер мен айыпталушылар тергеу изоляторы әкiмшiлiгiнен қолда сақтау үшiн мына құжаттарды қолхат арқылы алады: айыптау қорытындысының көшiрмесi; тергеушiнi, қорғаушыны, сотты ауыстыру туралы хабарлама; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң басқа бабы бойынша қылмыстық iс қозғау туралы қаулы; үкiмнiң немесе сот ұйғарымының көшiрмесi.
Тармақ 165
165. Iстi кассациялық инстанциялардың қарайтыны туралы хабарлама; күзетте ұстаудың мерзiмiн ұзарту туралы хабарлама; бiр органнан екiншi органға ауыстырылғаны туралы хабарлама сезiктiлер мен айыпталушыларға хабарланғанда қолхат алынып, ол жеке iске тiркеледi.
Тармақ 166
166. Сезiктiлер мен айыпталушылар тергеу iсiне немесе сот отырысына қатысу үшiн тергеу изоляторының аумағынан сырт жерге жiберiлерде ыстық тамақ алуға тиiстi. Олар жыл мезгiлiне сай киiнiп, сыртқы бейнесi ұқыпты болуы керек. Қажет болған жағдайда аталған адамдар құрғақ тамақпен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 18. 18. Тергеу изоляторында ұсталатын адамдарға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану тәртібі
18. Тергеу изоляторында ұсталатын адамдарға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану тәртібі
Тармақ 167
167. Көтермелеу және жазалау шаралары қамауға алынған, тергеу изоляторында ұсталатын барлық адамдарға қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды қамауда ұстаудың тәртібі және шарттары туралы Заңда көзделген тәртіпте қолданылады. Көтермелеу шаралары ретінде:
Тармақша 1
1) бұрын қолданылған шараны мерзімінен бұрын алып тастау;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға спорт сабақтарына арналған жайларға қосымша баруға, сондай-ақ уақытын пайдаланудың басқа да нысандарына рұқсат беру қолданылуы мүмкін.
Тармақ 168
168. Карцерге қамау түріндегі шара тергеу изоляторы бастығының дәлелді қаулысы (N 12 қосымша) бойынша қолданылады. Жазалауды қолдану туралы бұйрықтар, қаулылар жазаланушыға қолхатын алу арқылы жарияланады. Бұйрықтың көшірмесі немесе одан үзінді, қаулы тексеру материалдарымен бірге сол адамның жеке ісіне қосылады.
Ауызша жарияланғандардан басқа барлық көтермелеудер мен жазалауларды корпус бойынша аға қызметкер камералық карточкаларға енгізеді және тәрбие бөлімі жүргізетін қамауға алынған адамдарды жазалаулар мен көтермелеулерді есепке алу кітабында (N 13 қосымша) есепке алады. Сонымен қатар, кезекші карцерге қамалған адамдардың есебін карцерге қамалған адамдарды есепке алу кітабында жүргізеді.
Тармақ 169
169. Карцерге қамау арқылы жазаланғандарға мұқият тінту жүргізіледі және олар карцерлерге бекітілген киімдерді киеді.
Карцерге қамалған адамның тергеушіге немесе сотқа шақырылуы, сондай-ақ тергеу изоляторынан уақытша кетуі оны қолданылған жазаны әрі қарай өтеуден босатпайды. Бұл жағдайда тергеу изоляторында ұзақтығы бір тәуліктен астам болмаған уақыты карцерде ұсталу мерзіміне есептелмейді.
Карцерге қамалған адамды санитарлық өңдеу ол шараны өтегеннен кейін, ал дәрігердің (фельдшердің) нұсқауы бойынша оның карцерде ұсталу кезеңінде де жүргізіледі. Дәрігердің (фельдшердің) сырқаттанғанды карцерден мерзімінен бұрын босату қажеттілігі туралы нұсқауы дереу орындауға жатады.
Карцерлер сипаттамаға (N 14 қосымша) сәйкес жабдықталады.
Тармақ 19. 19. сезiктiлер мен айыпталушыларды тергеу изоляторы бастығының немесе оның уәкiлiнiң жеке қабылдауы
19. сезiктiлер мен айыпталушыларды тергеу изоляторы бастығының немесе оның уәкiлiнiң жеке қабылдауы
Тармақ 170
170. Сезiктiлер мен айыпталушыларды тергеу изоляторының бастығы немесе оның уәкiлi демалыс және мереке күндерiнен басқа уақытта күн сайын жұмыс уақытында жеке қабылдайды.
Тармақ 171
171. Сезiктiлер мен айыпталушыларды тергеу изоляторы бастығынан басқа оның орынбасарлары және кесте бойынша бөлiм бастықтары да жеке қабылдайды, бұл туралы сезiктiлер мен айыпталушыларға хабарланады, қажет болғанда аталған лауазымды адамдар сезiктiлер мен айыпталушыларды қосымша кестеден тыс уақытта да қабылдайды.
Тармақ 172
172. Сезiктiлер мен айыпталушыларды жеке қабылдауға жазуды тергеу изоляторы қызметкерлерi күн сайын камераларды аралаған кезде жүзеге асырады. Қабылдау туралы тергеу изоляторы бастығының атына жазбаша өтiнiш берiледi немесе ауызша айтылады және берген уақытына қарай кезек тәртiбiмен жеке қабылдау журналына тiркеледi, күзет қамауындағы адамның қандай лауазым иесiнiң қабылдауында болғысы келетiнi атап көрсетiледi.
Тармақ 173
173. Қабылдау өтiнiш беруiне және жеке қабылдау журналындағы реттiк номерiне қарай кезек тәртiбiмен жүргiзiледi. Қабылдау аяқталған соң журналда оның нәтижесi жазылып қойылады, ал, жеке қабылдауды сұраған өтiнiшiнде ол туралы белгi қойылады. Өтiнiш күзет қамауындағы адамның жеке iсiне тiгiледi.
Тармақ 174
174. Тергеу изоляторының бастығы, оның орынбасарлары немесе бөлiм бастықтары сезiктiлер мен айыпталушылардың туыстарын немесе басқа адамдарды жеке қабылдауды келушiлер бөлмесiнде iлiнiп тұратын кесте бойынша тергеу изоляторының қабылдау бөлмесiнде жүзеге асырады. Азаматтардың жеке қабылдауға жазылуы да осы бөлмеде жүргiзiледi. Аталған лауазымды қызметкерлер қажет болған жағдайда азаматтарды олардың өтiнiштерi бойынша белгiленген кестеден тыс уақытта да қабылдайды.
Тармақ 175
175. Сезiктiлер мен айыпталушылардың туыстарын және басқа адамдарды жеке қабылдаудың нәтижелерi арнайы журналда белгiленедi.
Тармақ 20. 20. Тергеу изоляторында өлген адамдар денелерiнiң берiлуi
20. Тергеу изоляторында өлген адамдар денелерiнiң берiлуi
Тармақ 176
176. Тергеу изоляторының әкімшілігі күзет қамауындағы адамның өлімі туралы оның жеке ісінде көрсетілген туыстарына, осы факт бойынша тексеру жүргізетін прокурорға, сондай-ақ өндірісінде қылмыстық іс бар адамға немесе органға дереу хабарлайды.
Егер өлген адамның туыстары тергеу изоляторы орналасқан қалада тұрмаса хабар телеграф арқылы жіберіледі.
Шетел азаматтарының өлімі туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне дереу хабарланады. Сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарында заңның қолданылуын қадағалайтын прокурорға, сондай-ақ өлген адам азаматы болып саналатын мемлекеттің еншілігіне немесе өкілдігіне жазбаша түрде хабарланады.
Тармақ 177
177. Күзет қамауында өлген адамның денесі алуды талап еткенге дейін, бірақ жеті тәуліктен асырылмай немесе өкілетті органның өлім фактісі бойынша тексеруді аяқтағанға дейін денсаулық сақтау органының жақын жердегі емдеу мекемесіндегі мәйітханаға тапсырылады. Өлген адамның денесін алуға оның туыстарының айрықша құқығы бар. Олар болмағанда немесе денені алудан бас тартса, ол дене беруді талап еткен адамға беріледі.
Тармақ 178
178. Өлген адамның денесі беруді талап еткен адамның жазбаша өтініші бойынша өндірісінде қылмыстық іс бар адамның немесе органның рұқсатымен беріледі. Өлген адамның денесін алу үшін төлқұжатын немесе жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуі керек.
Тармақ 179
179. Өлген адамның туыстарына немесе басқа адамдарға өлгені туралы куәлік алу үшін қайда бару керектігі түсіндіріледі. Жерлеу жабдықтарымен өлген адамның денесін беруді талап еткен адам қамтамасыз етеді. Жерлеу оның есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 180
180. Егерде өлген адамның туыстары немесе басқа адамдар денені алуға уақытында келе алмаса, олар бұл туралы хабарлауға тиіс және денені белгіленген уақыттан артық сақтау төлемақысын төлеуге тиіс.
Тармақ 181
181. Күзет қамауындағы өлген адамның денесі белгіленген мерзімде талап етілмесе мемлекет есебінен жерлеуге беріледі.
Тармақ 21. 21. Сезiктiлер мен айыпталушыларды және айыпталушыларды күзетте ұстаудан босату
21. Сезiктiлер мен айыпталушыларды және айыпталушыларды күзетте ұстаудан босату
Тармақ 182
182. Соттың тиісті шешімі немесе тергеушінің, анықтау органының, прокурордың қаулысы бойынша сезіктілерді немесе айыпталушыларды күзетте ұстаудан босатуды тергеу изоляторының бастығы жүзеге асырады.
Тармақ 183
183. Тергеу изоляторының бастығы күзет қамауындағы адамды қамау мерзімі өтуіне дейін 24 сағаттан кешіктірмей тәртіп бойынша өндірісінде қылмыстық іс бар органды немесе адамды, сондай-ақ прокурорды жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 184
184. Егер бұлтартпау шаралары ретінде қамауға алудың заңмен белгіленген уақыты өтуі бойынша күзет қамауындағы адамды босату туралы шешім, немесе бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу мерзімін ұзарту туралы немесе бұл шешім туралы хабарлама келіп түспесе, тергеу изоляторының бастығы оны өзінің қаулысымен босатады.
Тармақ 185
185. Босату соттың тиісті шешімін, тергеушінің, анықтау органының немесе прокурордың қаулысын алғаннан кейін келесі күннің бірінші жартысында немесе күзет қамауында ұстау мерзімі өтіп кетуіне байланысты прокурордың, өндірісінде қылмыстық іс бар органның немесе адамның хабарламасы елеусіз қалғанда жүргізіледі.
Тармақ 186
186. Күзет қамауындағы адамды нақты босатуға дейін тұтқынға ұстау мерзімін ұзарту туралы хабар түскен жағдайда тергеу изоляторының бастығы өзінің қаулысын бұзады және бұл туралы прокурорды хабарландырады.
Тармақ 187
187. Күзет қамауындағы адам тұтқыннан босағанда оған жеке құжаттары, заттары, жеке есеп шотында сақтаулы ақшалары, сондай-ақ оның тұтқындалу мерзімі және босатылу негіздері көрсетілген анықтама беріледі.
Тармақ 188
188. Тұтқыннан босаған күзет қамауындағы адамның жеке есеп шотында тұратын мекеніне теміржолмен, автокөлікпен немесе судағы транспортпен жетуіне қажет, жол үстіндегі азығына, киіміне және жыл мерзіміне сай аяқ киіміне жетерлік ақша сомасы болмаса, ол тергеу изоляторы бастығының атына себебін айтып өзін қажеттіліктермен қамтамасыз етуін сұрап, өтініш жазады. Мекеме басшысы тұтқыннан босаған адамға тұратын мекеніне жететін жол ақысының құнына, тамағына, киіміне және жыл мезгіліне сай аяқ киіміне төлеу үшін ақша беру.
Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің
қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті
Басқа 279
Приложение N 1
К Правилам внутреннего распорядка
следственных изоляторов Министерства
внутренних дел Республики Казахстан
Ескерту: N 1 қосымшаның қазақша ресми аудармасы
болмағандықтан орысша мәтінді қараңыз .
Басқа 280
Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрлiгi
тергеу изоляторларының
iшкi тәртiп ережесiне
N 2 қосымша
Сезiктiлер мен айыпталушылардың жүрiп-түру ережелерi
Тармақ 1
1. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезiктiлер мен айыпталушылардың мiндеттерi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi тергеу изоляторының iшкi тәртiп Ережелерiмен және заңмен белгiленген күзетте ұстау тәртiбiн сақтау;
Тармақша 2
2) тергеу изоляторы әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарын орындау;
Тармақша 3
3) гигиена және санитария талаптарын сақтау;
Тармақша 4
4) күнделiктi серуенге шығу;
Тармақша 5
5) өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау;
Тармақша 6
6) тергеу изоляторының мүлiктерiне ұқыпты қарау;
Тармақша 7
7) кезекшiлiк тәртiппен камераларды және басқа жайларды жинау;
Тармақша 8
8) тергеу изоляторы қызметкерлерiнiң, сезiктiлер мен айыпталушылардың, сондай-ақ басқа да адамдардың намысын қорлайтын әрекеттер жасамау;
Тармақша 9
9) тергеу изоляторының қызметкерлерiне, сондай-ақ күзетте ұстау тәртiбiн қамтамасыз етушi басқа адамдардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруға бөгет болмау;
Тармақша 10
10) өз өмiрiне және басқа адамның денсаулығына қауiп төндiретiн қасақана әрекеттер жасамау;
Тармақша 11
11) белгiленген iшкi тәртiптi сақтау;
Тармақша 12
12) өзара және тергеу изоляторы қызметкерлерiмен сөйлескенде сыпайы болу;
Тармақша 13
13) тергеу изоляторының қызметкерiне "Сiз" деп тiл қату және оларды "азамат" немесе "азаматша" деп және әрi қарай шенiне немесе лауазымына қарай "азамат бастық" деп атау;
Тармақша 14
14) камераға тергеу изоляторының қызметкерi кiргенде олардың әмiрiмен орнынан тұру және көрсетiлген орында тiзiлiп тұру;
Тармақша 15
15) сырт пiшiнiн ұқыпты ұстау;
Тармақша 16
16) айдауылмен жүргенде немесе тергеу изоляторының қызметкерлерiне iлесiп жүргенде қолдарын артына ұстау;
Тармақша 17
17) тергеу изоляторы қызметкерлерiнiң, басқа да лауазымды адамдардың талабы бойынша өзiнiң аты-жөнiн және тегiн айту;
Тармақша 18
18) тыныштықты сақтау;
Тармақша 19
19) камерада кезек тәртiбiмен кезекшiлiк атқару.
Тармақ 2
2. Камера кезекшiсiнiң мiндеттерi:
Тармақша 1
1) камераға тергеу изоляторының қызметкерi кiргенде камерада отырған сезiктiлер мен айыпталушылардың саны туралы баяндау;
Тармақша 2
2) камера инвентарының, жабдықтардың және басқа да мүлiктердiң сақталуын бақылау;
Тармақша 3
3) камерада ұсталушы сезiктiлер мен айыпталушылар үшiн ыдыстар алуға және оны беру;
Тармақша 4
4) камераның тазалығын бақылау;
Тармақша 5
5) камераның еденiн сыпыру мен жуу, камераның сантехникалық торабын тазалау, серуен соңында серуендеу ауласын жинау;
Тармақша 6
6) ауыз суға арналған ыдысты жуу.
Тармақ 3
3. Сезiктiлер мен айыпталушыларға тыйым салынатын жағдайлар:
Тармақша 1
1) сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдарды, заттарды және тамақ өнiмдерiн сәлемдемелермен және посылкалармен алу, оларды өзiмен бiрге ұстауға;
Тармақша 2
2) басқа камерадағы сезiктiлер мен айыпталушылармен немесе тергеу изоляторының басқа жайларындағы адамдармен сөйлесуге, қандайда бiр заттарды беруге, олармен хат алысуға немесе тықылмен белгi бiлдiруге;
Тармақша 3
3) сөйлесудiң белгiленген тәртiбiн бұзуға, еркiндiкте жүрген немесе бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеп кеткен адамдарға қандайда бiр заттар беруге және олармен хат алысуға;
Тармақша 4
4) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз камерадан және басқа режимдi корпустан шығуға;
Тармақша 5
5) тергеу изоляторы объектiлерiнiң күзет желiсiн бұзуға;
Тармақша 6
6) алкогольдi iшiмдiктер дайындауға және iшуге, есiрткi және психотроптық заттарды пайдалануға;
Тармақша 7
7) материалдық және басқа табыс табу мақсатымен стол ойындарын ойнауға;
Тармақша 8
8) өздерiне немесе басқа адамдарға татуировка қондыруға;
Тармақша 9
9) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз жатақ орнын ауыстыруға және бүркемелеуге;
Тармақша 10
10) қолдан жасалған электр құралдарын пайдалануға;
Тармақша 11
11) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз электр құралдарын пайдалануға;
Тармақша 12
12) камерада от жағуға;
Тармақша 13
13) жануарлар ұстауға;
Тармақша 14
14) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз сантехника, жарықбергiш және басқа құралдарды жөндеуге немесе камера жарығын өзгертуге;
Тармақша 15
15) камерадағы сантехникалық тораптарды бiтеп тастауға;
Тармақша 16
16) камераның қабырғасынан тергеу изоляторында отырған күзет қамауындағы адамдардың негiзгi құқықтары және мiндеттерi туралы хабарламаны алып тастауға;
Тармақша 17
17) қабырғаларды, камера инвентарларын қағазбен, суреттермен, фотосуреттермен, газет және журнал қиындыларымен желiмдеуге, оларға жазулар жазуға немесе суреттер салуға;
Тармақша 18
18) айқайлауға немесе басқа тәсiлмен тыныштықты бұзуға;
Тармақша 19
19) тергеу изоляторының аумағындағы қозғалыс кезiнде саптан шығуға, темекi шегуге, сөйлесуге, камера тесiгiнен қарауға, қандай да бір құралды жоғары көтеруге, дабыл қағу
тетігін басуға;
Тармақша 20
20) терезеден бірдеңе тастауға, терезе алдына шығып тұруға, желдеткіштен ұмтылуға, есіктің қарағыш тесігіне жабыса тақалуға;
Тармақша 21
21) жеке пайдаланудағы заттарды сатуға, сыйлауға немесе басқа тәсілмен беруге.
Ескерту: N 3-4 қосымшалардың қазақша ресми аудармасы
болмағандықтан орысша мәтінді қараңыз.
Басқа 330. Сезiктiлер мен айыпталушылардың өзiмен бiрге ұстауына, сақтауына болатын, сәлемдемемен, посылкамен және ақшасыз төлем арқылы ала алатын тамақ өнiмдерiнiң, бiрiншi кезекте қажет заттардың, аяқ киiмдердiң, киiмдердiң және басқа да өнеркәсiп тауарларының Тізімі
Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрлiгi тергеу
изоляторларының iшкi тәртiп
ережесiне N 5 қосымша
Сезiктiлер мен айыпталушылардың өзiмен бiрге ұстауына, сақтауына болатын, сәлемдемемен, посылкамен және ақшасыз төлем арқылы ала алатын тамақ өнiмдерiнiң, бiрiншi кезекте қажет заттардың, аяқ киiмдердiң, киiмдердiң және басқа да өнеркәсiп тауарларының Тізімі
Сезiктiлер мен айыпталушылардың өзiмен бiрге ұстауына, сақтауына болатын, сәлемдемемен, посылкамен және ақшасыз төлем арқылы ала алатын заттар:
Тармақша 1
1) жылытуды қажет ететiн, тез бұзылатын тамақ өнiмдерiнен, сондай-ақ ашытқыдан, алкоголь iшiмдiктерiнен және сырадан басқа тамақ өнiмдерi. Тамақ өнiмдерiнiң тiзiмi санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң ескертуi бойынша шектелуi мүмкiн. Күзет қамауындағы адамның өзiмен бiрге ұстауына болатын тамақ өнiмдерiнiң жалпы салмағы 50 килограмнан аспауы тиiс;
Тармақша 2
2) темекi бұйымдары, шырпылар;
Тармақша 3
3) белдiксiз, галстуксiз, тартпасыз киiмдердiң бiр комплектiсi (оның iшiнде белгiленген үлгiдегi), сондай-ақ бас киiм, жыл мезгiлiне сай аяқ киiм (темiр табансыз, темiр жапсырмасыз);
Тармақша 4
4) бiр комплект спорт костюмi немесе әйелдердiң үйге киетiн халаты (белгiленген үлгiдегi киiм алған сезiктiлер мен айыпталушылардан басқа);
Тармақша 5
5) iшкi киiм;
Тармақша 6
6) носкилер;
Тармақша 7
7) шұлықтар немесе колготкалар (әйелдер үшiн);
Тармақша 8
8) перчаткалар немесе қолғаптар;
Тармақша 9
9) қалта орамал;
Тармақша 10
10) үйге киетiн аяқкиiмдер немесе спорттық аяқ киiмдер (бiр жұп);
Тармақша 11
11) жуыну құралдары (шаруашылық сабыны, бет сабыны, сұйық сабын немесе шампунь (тергеу изоляторы дәрiгерiнiң тағайындауымен), тiс пастасы, тiс щеткасы, сабынға және тiс щеткасына арналған пластмасса қораптар, крем, тарақ, тарауыш);
Тармақша 12
12) қалта айнасы (камерада айна болмаған жағдайда), электрлi немесе механикалы ұстара, бiр-ақ рет пайдаланылатын қауiпсiз ұстара);
Тармақша 13
13) заттарға арналған қап немесе сумка;
Тармақша 14
14) көзәйнек және көзәйнекке арналған платмасса қорап;
Тармақша 15
15) орамал, рейтуздер, белдiктер, бюсгалтерьлер, дәке, шаш түйрегiштер, мақта, гигиеналық және косметикалық заттар, пластмасса бигудилер (әйелдер үшiн);
Тармақша 16
16) балдақтар, ағаш таяқтар, протездер (дәрiгердiң рұқсатымен);
Тармақша 17
17) зауытта жасалған тұрмыстық электр қайнатқыш;
Тармақша 18
18) жөке немесе су сорғыш;
Тармақша 19
19) шариктi қалам, оның стерженi (қара, сия түстi, көк түстi), жай карандаш;
Тармақша 20
20) хат жазатын қағаз, оқушы дәптерлерi, пошта конвертi, открыткалар, пошта маркалары;
Тармақша 21
21) тергеу изоляторының дүкенiнен (ларегiнен) сатып алынған дәретхана қағаздары.
Тармақша 22
22) мойынға асынатын немесе қалтаға салып жүретiн дiнге табыну
заттары;
Тармақша 23
23) бiр комплект төсек жабдықтары (екi жайма және жастық тысы), орамал;
Тармақша 24
24) тергеу изоляторының кiтапханасынан немесе әкiмшiлiк арқылы сауда нүктелерiнен сатып алынған көркем және басқа да әдебиеттер, сондай-ақ мерзiмдi басылымдар;
Тармақша 25
25) фотосуреттер - екiден аспауы керек;
Тармақша 26
26) стол ойындары (дойбылар, шахматтар, домино, нардалар);
Тармақша 27
27) бала күтуге арналған заттар (дәрiгердiң рұқсатымен қолында үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдерге);
Тармақша 28
28) тергеу изоляторының дәрiгерi тағайындаған дәрi-дәрмектер.
Сезiктiлер мен айыпталушыларға жоғарыда аталғандардан басқа қылмыстық iске немесе олардың құқықтары мен заңды қызығушылықтарына байланысты мәселелерге қатысы бар құжаттарды және қолжазбаларды, сондай-ақ пошталық тасымалдау бланкiлерiн, сақтауға тапсырылған ақшаның квитанцияларын, бағалы заттарды, құжаттарды және басқа заттарды өзiмен бiрге ұстауға және сақтауға рұқсат етiледi.
Осы тiзiмде көрсетiлмеген заттар және құралдар тыйым салынған заттар болып табылады.
Ескерту: N 6-14 қосымшалардың қазақша ресми аудармасы
болмағандықтан орысша мәтінді қараңыз .
Басқа 359
Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрлiгi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiп ережесiне
N 15 қосымша
Қосымша ақылы қызмет көрсетудiң тәртiбi және олардың тiзiмi
Тармақ 1
1. Тергеу изоляторының әкiмшiлiгi заңның 25-бабына сәйкес тиiстi жағдай болғанда сезiктiлер мен айыпталушыларды мынандай қосымша ақылы тұрмыстық, медициналық, сауықтыру және басқа да қызмет түрлерiмен қамтамасыз етедi:
Тармақша 1
1) емдеудiң жеке түрлерiмен;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау органдарының маман-дәрiгерлерiнiң кеңесiмен;
Тармақша 3
3) киiмдi және iш киiмдi жөндеу және жуумен;
Тармақша 4
4) аяқ киiм жөндеумен;
Тармақша 5
5) шашты сәнмен алу, шашты сәндеумен, қырынумен;
Тармақша 6
6) тергеу изоляторының жеке құрамы үшiн асханадан тамақ жеткiзумен;
Тармақша 7
7) электр қайнатқышты, электр ұстарасын, электр желдеткiштi, тоңазытқышты, радиоқабылдағышты және теледидарды уақытша пайдаланумен;
Тармақша 8
8) заңгерлiк кеңеспен;
Тармақша 9
9) мекемеде ұсталушы адамның жеке iсiндегi құжаттардың көшiрмесiн алумен;
Тармақша 10
10) тамақ өнiмдерiн және өндiрiс тауарларын берудi рәсiмдеу бланкiлерiн сатумен;
Тармақша 11
11) тұрмыстық жағдайы жақсартылған камералар берумен;
Тармақ 2
2. Тергеу изоляторының қызметкерлерiне және тиiстi дайындығы мен лицензиялары бар осы мақсатқа тартылған мамандарға көрсетiлетiн қосымша ақылы қызмет сезiктiлер мен айыпталушыларға да көрсетiлуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Қосымша ақылы қызмет көрсетiлуi үшiн күзет қамауындағы адам тергеу изоляторы бастығының атына оның жеке есеп шотынан ақылы көмек көрсету үшiн ақша бөлуiн сұрап өтiнiш жазады. Тергеу изоляторының жауапты қызметкерi күзет қамауындағы адамның жеке есеп шотында ақшаның бар екенiн және тиiстi сомасын тексерiп, өтiнiшке белгi жасайды, бұдан кейiн тергеу изоляторының бастығы өтiнiштiң мәнi бойынша шешiм қабылдайды.
Тармақ 4
4. Қызмет ақысын төлеу жергiлiктi жерде қолданылатын бағамен белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Басқа 375. Жалпы камералардың сипаттамасы
16-қосымша
Ескерту: 16-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 29 қазандағы N 769 бұйрығымен .
Жалпы камералардың сипаттамасы
Сезiктiлер мен айыпталушылар ұсталатын камералар құрылымының сыртқы қоршаған ортадан және аралас үй-жайлардан сенiмдi оқшаулануы қамтамасыз етiлуi тиiс. Камералардың жоспарлы нысаны оларды есiктегi "көзшеден" шолудың ыңғайлы болуын қамтамасыз етуi керек.
Камераларда көлемi 90х200 сантиметр (бұдан әрi - см.) қосарлы есiктердiң болуы ескерiлуi тиiс. Еденнен 95 сантиметр биiктiк деңгейде тамақ таратуға арналған 18х22 см. терезе орнатылады. Жалпы камераларды габаритi 1,88х0,65 метр екi қатарлы төсектермен, үстелдiң енi және ағаш орындықтардың ұзындығы әр адамға 0,4 метрден келетiн етiп, киiм iлу үшiн жасалған орынға ұзынынан бiр метрге 5 орыннан келетiн етiп жабдықтау қажет. Бұл орындарды еденнен төбеге дейiн жасап, 0,7 метр деңгейiнде және 2,3 метр тақтайдан жасалған, металл рамкада бекiтiлген екi сөремен бөлiнуi тиiс. Камералардағы барлық құралдар еденге бекiтiлуi керек.
Әр камерада қол жуғыштан және дәреталғыштан тұратын санитарлық желi (су ағызғыш ыдысы жоқ) жабдықталады. Су ағызғыш ыдыстардың орнатылуы мүмкiн, бiрақ оны монтаждау дәлiзде (мүмкiндiгi бойынша киiм iлу үшiн жасалған орында) орындалады, ал суды ағызып жiберетiн құралдар кнопкалы қондырғы түрiнде камераға шығарылады. Санитарлық желi шымылдық қоршаумен бөлiнедi.
Терезенiң iшкi жағынан қабырғадан 25-30 см. дөңесi бар, терезе ойығына жетудi шектейтiн темiр тор орнатылады. Барлық камераларда сырланған тақтай едендер салынады.