О внесении изменений и дополнений в Положение о порядке проведения экспертизы Национальным Банком Республики Казахстан проспектов эмиссий ценных бумаг банков и их отчетов об итогах выпуска и размещения ценных бумаг Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктердің бағалы қағаздар эмиссиясының проспектілеріне және олардың бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептеріне сараптама жүргізу тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 220 V970339_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктердің бағалы қағаздар эмиссиясының проспектілеріне және олардың бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептеріне сараптама жүргізу тәртібі туралы ережеге Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы мақұлдаған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.) Банктерді қадағалау департаментімен (Жұмағұлов Б.Қ.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктердің бағалы қағаздар эмиссиясының проспектілеріне және олардың бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептеріне сараптама жүргізу тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін.
Тармақ 3
3. Банктерді қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктердің бағалы қағаздар эмиссиясының проспектілеріне және олардың бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептеріне сараптама жүргізу тәртібі
туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің облыстық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктердің бағалы
қағаздар эмиссиясының проспектілеріне және олардың
бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары
туралы есептеріне сараптама жүргізу тәртібі туралы
ережеге өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1997 жылғы 23 мамырдағы
N 220 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөніндегі
Ұлттық комиссиясы
1999 ж. 20 қыркүйек
Келісілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктердің бағалы
қағаздар эмиссиясының проспектілеріне және олардың
бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары
туралы есептеріне сараптама жүргізу тәртібі туралы
ережеге өзгерістер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. Ереженің атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктердің бағалы қағаздар эмиссиясының проспектілеріне және олардың бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептеріне сараптама жүргізу ережелері".
Тармақ 2
2. Кіріспедегі және одан әрі мәтін бойынша "Осы Ереже", "Ереже", "Осы Ережеде", "Осы Ережемен" деген сөздер тиісінше "Осы Ережелер", "Ережелер", "Осы Ережелерде", "Осы Ережелермен" деген сөздермен ауыстырылсын. (Қазақша мәтінде басқа сөздер өзгермейді.)
Тармақ 3
3. І тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: "1-тарау. Жалпы ережелер".
Тармақ 4
4. 1.2. тармақтың в), г), д) тармақшаларындағы "жарғылық қорының" деген сөздер "жарғылық капиталының" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 5
5. 1.6. тармақта:
Тармақша 1
1) және одан әрі мәтін бойынша қазақша мәтінде "Ұлттық комиссия" деп толық алынған.
Тармақша 2
2) "бағалы қағаздар шығару" деген сөздер "бағалы қағаздар эмиссиясының" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 6
6. 1.8. тармақтағы "жарғылық қорының" деген сөздер "жарғылық капиталының" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 7
7. ІІ тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: "2-тарау. Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясының проспектілеріне сараптама жүргізу тәртібі".
Тармақ 8
8. 2.1. тармақтың:
Тармақша 1
1) г) тармақшасындағы "акциялар шығару туралы", "бағалы қағаздар шығару", "жарғылық қорды" деген сөздер тиісінше "акциялар эмиссиясы туралы", "бағалы қағаздар эмиссиясының" және "жарғылық капиталды" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақша 2
2) ж) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"ж) құрылтайшылардың және (немесе) акционерлердің уәкілетті аудиторлық қызмет растаған соңғы аяқталған қаржы жылындағы баланстық есептері және пайда мен шығын туралы есептері, құрылтайшы және (немесе) акционер болып саналатын ұйымның бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөрмен растаған соңғы есеп беру күніндегі уәкілетті аудиторлық қызмет растамаған баланстық есептері және пайда мен шығын туралы есебі".
Тармақ 9
9. 2.3. тармақтың:
Тармақша 1
1) в) тармақшасындағы "Байқаушы кеңес" деген сөздер "директорлар кеңесі" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақша 2
2) г) тармақшасындағы "жарғылық қордың" деген сөздер "жарғылық капиталдың" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 10
10. ІІІ тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: "3-тарау. Бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептерге сараптама жүргізу тәртібі".
Тармақ 11
11. 3.1-тармақтың:
Тармақша 1
1) г) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"г) банктің жарғылық капиталындағы үлесі бес процентке тең немесе бес проценттен асатын акционерлердің соңғы аяқталған қаржы жылының уәкілетті аудиторлық қызмет куәландырған, баланстық есептері және пайдасы мен шығыны туралы есептері, сондай-ақ банктің жарғылық капиталындағы үлесі бес процентке тең немесе артық акционер болып саналатын ұйымның бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөрмен куәландырған баланстық есептері және пайда мен шығын туралы есептері"
Тармақша 2
2) мынадай мазмұндағы д) тармақшасымен толықтырылсын:
"д) банктің жарғылық капиталындағы үлесі бес процентке тең немесе артық акционерлердің құрылтай құжаттарының нотариус куәландырылған көшірмелері"
Тармақ 12
12. 3.2. тармақтың а) тармақшасындағы "бағалы қағаздар шығару" деген сөздер "бағалы қағаздар эмиссиясы" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 13
13. 3.5. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.5. Банк бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептің сарапатамасынан өту үшін бағалы қағаздар орналастырылған соң әрбір алты айдан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде, сондай-ақ бағалы қағаздар орналастыру аяқталғаннан кейін 15 кұнтізбелік күні ішінде құжаттар пакетін ұсынады. Егер алты айдан кейін эмиссиясы тіркелген бағалы қағаздың бір де біреуі орналастырылмаған болса, банк 15 күннің ішінде бұл жөнінде Ұлттық Банкке еркін нысанда жазылған хабарлама ұсынатын болады.
Ұлттық Банк есеп келіп түскеннен кейінгі күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есепті қарап, ескертпелер болмаған жағдайда қабылдайды немесе осы Ереженің
3.9 тармағына сәйкес есепті қабылдаудан бас тартатыны туралы эмитентке хабарлайды."
Тармақ 14
14. 3.6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.6. Банк тіркелген бағалы қағаздар эмиссиясының көлемін толық орналастырмаған жағдайда осы Ереженің 3.1. тармағында көрсетілген құжаттарды ("г") тармағындағыдан басқасын) заңда белгіленген мерзімде береді, сондай-ақ банктің жарғылық капиталындағы үлесі бес процентке тең немесе бес проценттен асатын акционерлердің соңғы аяқталған қаржы жылының уәкілетті аудиторлық қызмет куәландырған баланстық есептерін және пайдасы мен шығыны туралы есептерін, сондай-ақ банктің жарғылық капиталындағы үлесі бес процентке тең немесе артық акционер болып саналатын ұйымның бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөрмен куәландырған баланстық есептерін және пайда мен шығын туралы есептерін береді."
Бұрынғы, оның ішінде ағымдағы эмиссиясының нәтижелері бойынша жарғылық капиталда 5 процент және одан да көп болатын акционерлердің үлесі олардың қосымша акциялар сатып алуына байланысты көбейген жағдайда, осы акционерлердің соңғы аяқталған қаржы жылының уәкілетті аудиторлық қызмет куәландырған баланстық есептері және пайдасы мен шығыны туралы есептері, акционер болып саналатын ұйымның бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөрмен куәландырған баланстық есептері және пайда мен шығын туралы есептері Ұлттық Банкте болмаған жағдайда беріледі.
Ұлттық Банк бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептің сараптамасынан өту үшін банк берген құжаттар пакетін қарау қорытындылары бойынша бағалы қағаздар эмиссиясының нақты орналастырылған көлемінің есебін қабылдайды.
Тармақ 15
15. 3.7. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.7. Есеп беріліп отырған кезең ішінде бағалы қағаздардың орналастырылмағаны жөнінде банк берген хабарламаны Ұлттық Банк назарда ұстау үшін қабылдайды."
Тармақ 16
16. 3.8. тармақтағы "нақты қабылданған шығару көлемін" деген сөздер "бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есеп берілген кездегі бағалы қағаздар эмиссиясының нақты төленген көлемін" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 17
17. 3.9. тармақтың үшінші азатжолындағы "эмиссия қорытындылары туралы
есеп" деген сөздер "қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы
есеп" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 18
18. ІҮ тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: "4-тарау.
Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясының проспектілерін және олардың бағалы
қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептерін есепке
алу және ресімдеу".
Тармақ 19
19. 4.2. тармақтағы "бағалы қағаздар шығару" деген сөздер "бағалы
қағаздар эмиссиясының" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 20
20. 4.3. тармақтағы "қорытындыларын" деген сөз "қорытындылары туралы
есепті" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 21
21. Ү тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын. "5-тарау. Қорытынды
ережелер".