Құжат мәтініне өту

Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 51 · қабылданған 16.03.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.10.2014 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-52041/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 51 ·16.03.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

ҚАЗЖастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 51 · қабылданған 16.03.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
51
Қабылданған күні
16.03.2010
Көрсетілген редакция
20.10.2014 · қолданыстағы 52041_207681.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
20.10.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10ZE000111
ЭКБ идентификаторы
52041
Редакция идентификаторы
52041_207681
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:47

0 Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері "Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелген жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралары ретінде жастар тәжірибесі ұйымдастырылсын.

2 2. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, уәкілетті орган жастар тәжірибесін бағыттау үшін жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасынан жұмыссыздар санын анықтасын.

3 3. Уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектеріне жастар тәжірибесі төңірегіндегі уақытша жұмыс орындарын ұсынуға өтініш білдірген жұмыс берушілермен (келісімі бойынша) шарт жасасын.

4 4. Жастар тәжірибесін өткізу жөніндегі іс-шаралар жергілікті бюджет қаражаты мен республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері есебінен жүзеге асырылады.

5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары З. Ж. Сисенғалиға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 наурызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.