Қоғамдық жұмысқа тартылған сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық жұмысқа тартылған сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 42-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес 2010 жылы қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _____________ Ә. Сансызбаев Қостанай облысы бойынша қылмыстық- атқару жүйесі комитеті басқармасының Науырзым аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының аға маман-аға инспекторы __________________________ Б. Айсенов
Басқа 4
Әкімдіктің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 66 қаулысына қосымша Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері
Тармақ 1
1. Тұрмыстық қалдықтарды жинау
Тармақ 2
2. Аумақты мұздан тазалау
Тармақ 3
3. Аумақты қардан тазалау
Тармақ 4
4. Аумақты қоқыстан тазалау
Тармақ 5
5. Аумақты арамшөптен тазалау
Тармақ 6
6. Қоқысты жинау және шығару
Тармақ 7
7. Бұталарды қию
Тармақ 8
8. Ағаштарды ақтау
Тармақ 9
9. Ағаш отырғызу
Тармақ 10
10. Қоршауды сырлау
Тармақ 11
11. Ғимаратты ақтау
Тармақ 12
12. Ғимаратты сырлау
Тармақ 13
13. Газондарды, шөпті шабу