Вопросы Комитета автомобильных дорог и строительства инфраструктурного комплекса Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінің мәселелері ЕСКЕРТУ. Тақырыбы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.03. N 1665 қаулысымен.
Ескерту Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N 1232 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитеті туралы ереже бекітілсін.
📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.03. N 1665
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Тақырыбы және 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.19. N
916 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар
министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық
кешен құрылысы комитеті туралы
Ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы
3 ақпандағы N 151
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар
министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық
кешен құрылысы комитеті туралы
Ереже
📌 ЕСКЕРТУ. Тақырыбы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.03. N 1665
қаулысымен.
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының автожолдар секторында және көлiктiк, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымының құрылысы саласында арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттiң облыстарда аумақтық органдары болады.
📌 Ескерту. 1-тармақ абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.10.14.
N 1527 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.03. N 1665
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Тақырыбы және 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.19. N 916 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Комитеттің, егер оған заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен ашылған шоттар арқылы есеп айырысуды жүзеге асырады.<*>
📌 Ескерту. 3-тармақ абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.07.12.
N 944 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Комитет өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар бұйрықтар шығарады.
Тармақ 5
5. Комитеттің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тармақ 6
6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
Астана қаласы, Әуезов көшесі, 71.
Тармақ 7
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы және автомобиль көлігі комитеті" мемлекеттік мекемесі. <*>
📌 ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.19. N 916
қаулысымен.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана
жүзеге асырылады.
Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып
табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым
салынады.
Комитетке заң актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру
жөнінде құқық берілген жағдайда мұндай қызметтен алынған кірістер
республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары
және құқықтары
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары
және құқықтары
Тармақ 10
10. Комитеттің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары желілерін, дамытудың тұжырымдамасын және автомобиль тасымалдары мен автомобиль жолдарының желісін жетілдіру мен дамытудың бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ көліктік, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымы құрылысының бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу; <*>
Тармақша 2
2) жол саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; <*>
Тармақша 3
3) жол секторында бірыңғай инвестициялық, ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру, жүргізу және кадрларды даярлау; <*>
Тармақша 4
4) жол секторының қызмет көрсету және көлiктік, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымының құрылысырыногын қалыптастыруға қатысу болып табылады;
📌 ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000.11.03. N 1665 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.19. N 916
қаулысымен.
Тармақ 11
11. Комитет өзіне жүктелген негізгі міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) республикалық жол желілерін дамыту бағдарламалары мен сызбаларын әзірлеуді ұйымдастырады, кешенді салааралық бағдарламалар мен жол-көлік кешенінің жобаларын дайындауға қатысады, сондай-ақ республикалық бюджеттің қаражаты мен басқа да көздердің есебінен қаржыландырылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың құрылысын салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге арналған жобалау-сметалық құжаттамаларға талдау жүргізеді; <*>
Тармақша 2
2) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды жобалау, құрылысын салу, жөндеу және ұстау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды; <*>
Тармақша 3
3) жол шаруашылығы және көлiктік, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымының құрылысы саласындағы тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыруға қатысады, тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асырады; <*>
Тармақша 4
4) жол секторын басқару жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша көлік саясатын әзірлеуге қатысады; <*>
Тармақша 5
5) жол шаруашылығы жұмылдырушылық дайындауға қатысады; <*>
Тармақша 6
6) мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, мемлекеттік органдармен автомобиль жолдары желілерінің құрылысын салу, ұстау және пайдалану мәселелері бойынша үйлестіреді және өзара іс-қимыл жасайды; <*>
Тармақша 6-1
6-1) көліктiк, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымының мәселелері жөнiндегi мемлекеттік саясатты iске асыруға қатысады; <*>
Тармақша 7
7) мемлекетаралық шарттар мен келісімдерді, республикалық бағдарламаларды іске асыру үшін қаржы қаражатына, материалдық және еңбек ресурстарына қажеттілікті негіздейді;
Тармақша 8
8) автомобиль жолдарының, жол құрылыстарының сақталуын, техникалық және көліктік-пайдалану деңгейінің өсуін, автомобиль жолдары желілері мен ондағы құрылыстардың дамуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде қоршаған ортаның экологиялық қорғалуын және қорғауды қамтамасыз етуге қатысады; <*>
Тармақша 9
9) өз құзыретінің шегінде автомобиль жолдарының желісін, автомобиль тасымалдарын жобалау, құрылысын салу, пайдалану және дамыту мәселелері жөніндегі халықаралық шарттар мен келісімдердің жобаларын әзірлейді, шетелдік инвестицияларды тарту жөнінде ұсыныс енгізеді, бірлескен жобаларды іске асыруда шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимыл жасасады;
Тармақша 10
10) жол секторын және көлiктік ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымын дамытудың мемлекетаралық шарттары мен келісімдерін, бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындауға, өнімдерді сатып алуға және жеткізіп беруге арналған тапсырыстарды қалыптастыру және орналастыру жөнінде ұсыныс енгізеді; <*>
Тармақша 11
11) ақылы автомобиль жолдарын салу және пайдалану туралы ұсыныстарды қарайды және қорытынды дайындайды, олардың техникалық және пайдалану параметрлерін келіседі;
Тармақша 12
12) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
📌 ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Тармақ 2000.11.03
2000.11.03. N 1665 қаулысымен. P001665_
📌 ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.19. N 916
қаулысымен. P020916_
Тармақ 12
12. Комитеттің негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңда белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) республикалық автомобиль жолдарының желілерін дамыту бағдарламаларын қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қатысуға;<*>
Тармақша 2
2) республикалық бюджеттен автомобиль жолдарын және көлiктік, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымын ұстауға, жөндеуге және салуға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуға; <*>
Тармақша 3
3) өз құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың жол секторы қызметінің мәселелері бойынша нормалар мен стандарттардың, халықаралық шарттар мен келісімдердің талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;<*>
Тармақша 4
4) жол саласының қызметі мен жұмыс істеуі, олардың экономиканың басқа салаларымен өзара қатынастарын реттеудің принциптері мен тетіктерін пысықтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;<*>
Тармақша 5
5) өз құзыретінің шегінде автомобиль жолдары мен автомобиль көлігі саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі шарттар мен келісімдерге қол қою үшін келіссөздер мен дайындық іс-шараларын жүргізуге;
Тармақша 6
6) қажет болған кезде меншік нысандарына қарамастан жол шаруашылығы мен автомобиль көлігі ұйымдарынан Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттарды, материалдарды, анықтамалық деректерді сұратуға;
Тармақша 7
7) автомобиль жолдары мен автомобиль көлігі саласында қызметті жүзеге
асыратын мемлекеттік ұйымдардың құрылтай құжаттарын әзірлеуге қатысуға;
Тармақша 7-1
7-1) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк
меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын соларға қатысты жүзеге асыратын
мемлекеттiк басқару органы болуға;<*>
Тармақша 8
8) заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
📌 Ескерту. 7-1-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.10.14.
N 1527 қаулысымен. P001527_
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Тармақ 2000.11.03
2000.11.03. N 1665 қаулысымен. P001665_
📌 ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.19. N 916
қаулысымен. P020916_
Тарау 3. 3. Комитеттің мүлкі
3. Комитеттің мүлкі
Тармақ 13
13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Тармақ 14
14. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 15
15. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға
немесе өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке
иелік ету құқығы берілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитетті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның өзінің ұсынуымен Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын үш орынбасары, соның ішінде бір бірінші орынбасары болады. <*>
📌 ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.06. N 1027
қаулысымен. P001027_
Тармақ 17
17. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
Тармақ 18
18. Төраға осы мақсатта:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
Тармақша 1-1
1-1) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;<*>
Тармақша 2
2) заңдарға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін қызметке тағайындайды
және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлеріне
тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
Тармақша 5
5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді және аумақтық
органдар туралы үлгілiк ережелердi бекітеді;<*>
Тармақша 6
6) Мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан
өкілдік етеді;
Тармақша 7
7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 18-тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
Тармақ 2001.07.12
2001.07.12. N 944 қаулысымен. P010944_
Тармақ 5
Тарау 5. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 19
19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату заңдарға сәйкес жүзеге
асырылады.