О мерах по охране,воспроизводству и использованию животного мира в Алматинской области Күшін жойған
Басқа 0
Алматы облысында жануарлар әлемiн қорғау, өркендету және пайдалану жөнiндегi шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Әкімінің 29.09.2004 № 9-96 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Жануарлар әлемiн қорғау, өркендету және пайдалану туралы" Заңына сәйкес және фауна қорғау мақсатында облыс әкiмi шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Аң шаруашылығын жүргiзуге немесе балық және басқа су жануарларын аулауға құқық берiлгенi, аң аулайтын жердiң немесе балық өсiретiн су қоймаларының бекiтiлiп берiлгенi туралы қолдарында облыстық атқарушы органдардың шешiмдерi жоқ заңды және жеке тұлғалар сонымен бiрге мемлекеттiк кәсiпорындар жануарлар әлемiн заңсыз пайдалануды тоқтатсын.
Тармақ 2
2. Бұрын берілген аңшылық билеттердің бәрі, аңшылық маусым ашылғанға дейін, аң аулау құқығы үшін, заңда берілген мемлекеттік баж салығын төлей отырып Алматы облыстық орман, балық және аң аулау шаруашылығы басқармасында қайта тіркеуден өтуге жататыны белгіленсін.
Жабайы аңдарды аулауға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, өндіру лимитіне сәйкес белгіленген тәртіппен Алматы облыстық орман, балық және аң аулау шаруашылығы басқармасында жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 2 тармақ өзгертілді - Алматы облысы Әкімінің
1998.06.30 N 6-217 шешімімен.
Тармақ 3
3. Жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін алынатын төлемдер, Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы уақытта алу тәртібін анықтағанға дейін, табиғатты пайдалануға рұқсат беріп, арнайы табиғат пайдалану, шартына отыратын мемлекеттік органдардың арнайы шотына жіберілсін.
📌 Ескерту. 3 тармақ өзгертілді - Алматы облысы Әкімінің
1998.06.30 N 6-217 шешімімен.
Тармақ 4
4. Облыстық орман, балық және аулау шаруашылығы басқармасы шетелден келген азаматтардың жануарлар әлемін пайдалануына бақылауды күшейтсін.
📌 Ескерту. 4 тармақ өзгертілді - Алматы облысы Әкімінің
1998.06.30 N 6-217 шешімімен.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В. Меренковқа жүктелсін.
📌 Ескерту. 5 тармақ өзгертілді - Алматы облысы Әкімінің
1998.06.30 N 6-217 шешімімен.