Об утверждении Правил о порядке обеспечения обучающихся и воспитанников организаций образования учебниками Күшін жойған
Басқа 0
Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Ескерту Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.02.19. N 173 қаулысымен.
"Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Оқулықтарды жалпы білім беретін мектептерге бөлшек сатуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1338 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.
Басқа 4. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы
3 ақпандағы
N 157 қаулысымен
бекітілген
Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ереже
Тармақ 1
1. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі туралы осы ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30 және 36-бабына сәйкес қабылданды.
📌 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.11. N 489
қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз ету, әдетте, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражаттың шегінде қор жасау циклы бойынша жыл сайын толықтырылып отыратын, олардың кітапханалары арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік білім беру ұйымдары кітапханаларының ақпараттық ресурстарын білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері өздерінің оқуы кезінде тегін пайдаланды.
Тармақ 4
4. Білім беру ұйымдарының кітапханалары қорының оқулықтарымен бірінші кезекте жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, көп балалы отбасыларының балалары, сондай-ақ жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқу кезінде атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы отбасыларының балалары қамтамасыз етіледі.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік білім беру ұйымдары кітапханаларының оқулықтарын сақтау, есепке алу, беру, қайтару және есептен шығару тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі белгілейді.
Тармақ 6
6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері оқулықтарды бөлшек сауда желісі арқылы өздері сатып алуға құқылы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері кітап шығаратын баспалар мен оқулықтарды таратушыларды жыл сайын республиканың білім беру ұйымдарының оқулықтарға деген сұраныстары жөніндегі қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп отыруға міндетті.
📌 Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.11. N 489 қаулысымен.
Тармақ 7
7. Орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларын жаңарту үшін даналар саны, атаулары, оқыту сыныптары мен тілдері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға және жеткізуге кезекті қаржы жылына арналған мемлекеттік тапсырыстың көлемін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қалыптастырады.
Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қалыптастыратын мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу, республикалық жалпы білім беретін мекемелердің оқушыларын және шетелдердегі оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.04.11. N 489 қаулысымен.
Тармақ 7-1
7-1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері орта білім беретін мемлекеттік мекемелерді мемлекеттік тапсырыс бойынша тек қана Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі пайдалануға рұқсат еткен оқулықтар саны мен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етеді.
📌 Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметініңі 2001.04.11. N 489 қаулысымен.