Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып және "Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы N 1114 Қаулысын орындау үшін, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Қ.Қ. Адамова) нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі анықталсын:
Тармақша 1
1) оқу орындарының түлектері;
Тармақша 2
2) ұзақ уақыт (он екі және одан да көп ай) жұмыс істемеген жұмыссыздар;
Тармақша 3
3) қырық бес жастан асқан жұмыссыздар.
Тармақ 4
4. Бір қатысушыға аударымдар мөлшері республикалық бюджеттен жиырма мың теңге және жұмыс берушінің салымы бір еселік ең төменгі жалақыдан төмен емес сомада бекітілсін.
Тармақ 5
5. Бір қатысушыға аударымдар мөлшері жергілікті бюджеттен он бес мың теңге және жұмыс берушінің салымы бір еселік ең төменгі жалақыдан төмен емес сомада бекітілсін.
Тармақ 6
6. "Балқаш қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.Қ. Томпиева) 2010 жылғы қалалық бюджетте және мақсатты республикалық трансферттерде қарастырылған қаражаттардан әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтардағы жұмыссыздарға еңбегі үшін төлемді қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы 2010 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарды реттейді.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Людмила Мырзахметқызы Түкбаеваға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді және 2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Басқа 13
Балқаш қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі N 12/02 қаулысына қосымша Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
Тармақ 1
1. Жұмыс беруші "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі Уәкілетті орган) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім береді.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеуде төмендегі талаптар ескеріледі: жұмыс берушінің төлем қабілеттілігі, жалақыны уақытында төлеуі, жұмыс орнының техникалық қауіпсіздік нормаларына сәйкес болуы, жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларын сақтауы, Уәкілетті органмен жасалған шарт мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызға тұрақты жұмыс орнын ұсыну мүмкіндігі.
Тармақ 3
3. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға Уәкілетті органмен келісім-шарт жасайды. Келісім-шартта тараптардың міндеттері, жұмыстардың түрлері, көлемі, еңбек төлемдерінің мөлшері және шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен мерзімі, жіберілетін жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары пайдаланбауы тиіс.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыздарына әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жолдама береді.
Тармақ 5
5. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орынына жіберілген жұмыссызды қабылдайды, онымен еңбек келісім-шартын жасайды, қауіпсіздік техника нормаларына сәйкес жұмыс орнын ұсынады. Әлеуметтік жұмыс орынындағы жұмыссыздар жұмыспен алты айға дейін қамтылады.
Тармақ 6
6. Жұмыс берушілер еңбек төлемі бойынша шығындарды өтеу үшін ағымдағы айдың 20-на дейін Уәкілетті органға белгіленген тәртіпте: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақытын есептеу табелін, әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыскерлер туралы есепті және орындалған жұмыстар актісін ұсынады.
Тармақ 7
7. Осы нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің іріктеу тәртібінің орындалуын бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.