О переименовании улицы Заводская города Аксу Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу қаласының Заводская көшесінің атын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағы 4) тармақшасына және 31-бабының 2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 13-бабы 4) және 5) тармақшалары негізінде, Ақсу қаласы тұрғындарының пікірлерін және қалалық ономастикалық комиссияның 2010 жылғы 3 наурыздағы қорытындысын есепке ала отырып, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласының Заводская көшесінің аты Ілияс Оспанов атындағы көше болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі қала бюджетіне түзету енгізген кезде жоғарыда аталған көшенің атын өзгертумен байланысты жұмыстарды орындауға ақшалай қаражат қарастырсын.
Тармақ 3
3. "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Заводская көшесінің атын өзгертуге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.