О защите интересов перевозчиков, повышения уровня обслуживания и безопасности пассажиров Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тасымалдаушылардың мүддесiн қорғау, қызмет көрсету деңгейiн және жолаушылардың қауiпсiздiгiн арттыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 637ө өкімімен. Облыстық Көлiк департаментiмен жолаушыларды тасымалдау жөнiнде Шартқа отырған тасымалдаушыларды (меншiк түрiне қарамастан) қолдау, олардың мүддесiн қорғау, қызмет көрсету деңгейiн және жолаушылардың қауiпсiздiгiн арттыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Көлiк инспекциясының Алматы облыстық бөлiмшесi (А.Е. Тойбаев) жолаушыларды қалалық, қала маңына және облыстың iшiнде қатынайтын көлiкпен тасымалдауды жүзеге асыруға лицензия берсiн, бiрақ бұл жерде төмендегiдей қосымша шарт ескерiлсiн: "технологиялық тасымалдаудан басқа (кәсiпорын қызметкерлерiн тұратын жерiнен жұмыс орнына дейiн және керi қарай тасымалдау) көпшiлiк пайдаланатын бағыттарда, облыстық Көлiк департаментiнiң куәлiгiнсiз жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Жол полициясының Алматы облыстық басқармасы (К.Ә.Әшiров) және Көлiк инспекциясының Алматы облыстық бөлiмшесi (А.Е.Тойбаев): - көпшiлiк пайдаланатын бағыттарда жұмыс iстейтiн автобустардың (шағын автобустардың) қызметiн бақылауды жүзеге асырсын. Облыстық Көлiк департаментi (Жолаушылар тасымалын басқару және ұйымдастыру жөнiндегi дирекция тарамай тұрғанда берген) берген куәлiктерiн, Көлiк департаментi (дирекция) бекiткен, жол бағыты көрсетiлген бетшелерiн, жол бағытының сызбасын, жүру кестесiн, техникалық бақылаудан өткенiн, тасымал қауiпсiздiгiнiң талаптарына сай көлiк құралдарының жабдықталуының сәйкестiгiн растайтын құжаттарын тексерсiн; - маршруттық автобустардың, жабдықталған тоқтау пункттерiнен тыс жерлерде жолаушылар отырғызуын тыйым салсын; - белгiлi бағыттарға жолаушы тасымалын жүзеге асыруға құқық беретiн куәлiктерi жоқтарға көпшiлiк пайдаланатын бағыттарға тасымалдау қызметiне тыйым салсын; - тасымал ережелерi бұрмаланған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiнде хаттама жасап, көпшiлiк пайдаланатын бағыттарда орын алған бұрмалаушылықтар туралы Көлiк департаментiне хабарласын.
Тармақ 3
3. Алматы облысы әкiмiнiң 1997 жылғы ақпанның 24-гi N 1-10ө және 1997 жылғы сәуiрдiң 9-ғы N 1-34ө өкiмдерi күшiн жойған болып табылсын.
Тармақ 4
4. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Алматы облысы әкiмiнiң орынбасары В.П. Меренковқа жүктелсiн.