Об утверждении Правил оказания информационных услуг Күшін жойған
Басқа 0
Ақпараттық қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрлігінің 24.08.2007 № 239 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Ақпараттық қызметін көрсетуді реттеу және жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Ақпараттық қызмет көрсету Қағидасы бекітілсін.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.01.2007 N 31 бұйрығымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан республикасы Әділет Министрінің 1997 жылғы 20 маусымдағы бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталықтарымен және филиалдарымен ақпараттық қызмет көрсету туралы Ережесі күшін жоғалтты деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Ақпараттық қызмет көрсету
ҚАҒИДАСЫ
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2000 жылғы 29 қаңтардағы
N 6 бұйрығымен
бекітілген
Ақпараттық қызмет көрсету
ҚАҒИДАСЫ
Ескерту: Қағиданың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.01.2007 N 31 бұйрығымен.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ақпараттық қызмет көрсету қағидасы (кейін қағида) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы 25 желтоқсандағы Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар, 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 ақпандағы N 236 қаулысына сәйкес әзірленді.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 31 бұйрығымен .
Тармақ 2
2. Осы Қағидамен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аумақтық органдарымен (кейін тіркеуші органдар) жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы тәртібі, негізгі шарты және ақпараттық қызмет көрсету түрлері белгіленеді.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 31 бұйрығымен .
Тармақ 3
3. Жүргізілген тіркеу және тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтар туралы деректер мемлекеттік ақпараттар ресурстары болып табылады және заңдарға сәйкес оны алуға мүдделі пайдаланушыға беріледі.
Тармақ 4
4. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпаратты ұсыну тегін негізде жүзеге асырылады.
Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда, өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы N 125 , 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 31 бұйрығымен .
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қорғалатын мемлекеттік құпияларға, коммерциялық құпияларға және өзге де құпияларға қатысты мәліметтерден басқа, Құқықтық кадастрдің мәліметтері осы Ереженің 18-тармағында көзделген жағдайлардан басқа ретте, жалпы қол жетімді болып табылады.
Тіркеуші орган прокуратура органдарының, құқық қорғау, сот және атқарушы органдардың сұрауы бойынша заңнамада көзделген олардың құзыретіне сәйкес тиісті мәлімет береді. Бұл ретте талап етуші орган сұрау салынған ақпаратты алудың қажеттілік негіздемесін дәлелдеуі және көрсетуі тиіс.
Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда, өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы N 125 , 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 31 бұйрығымен .
Тармақ 6
6. Мемлекеттік құпияларға жататын ақпараттарды беру Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңымен бекітілген нормаларын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын және заңды тұлғаның атауын және реквизиттерін қоспағанда, азаматтар (дербес мәліметтер) мен басқада құқық иелері туралы ақпараттарды ашатын мәліметтер ақпараттық қызмет көрсету нысаны бола алмайды.
Тармақ 8
8. Тіркеу туралы ақпарат осы қағиданың 19 тармағымен бекітілген жағдайларды қоспағанда, тек қана нақты жылжымайтын мүліктің нысаны бойынша беріледі.
Тармақ 9
9. Тіркелген жылжымайтын мүлік құқықтары туралы заң мәніндегі бір ғана ақпарат көзі болып: құқықтық кадастрдегі мәлімет; тіркеу органынан берілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат сондай-ақ, құқық иесіндегі құқық белгілеуші және тіркеу жүргізілген туралы белгі қойылған тіркеу органынан берілген құжаттар болып табылады.
Тармақ 10
10. Заңға сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтары сондай-ақ олардың құқық иелері туралы ақпараттары бар тіркеу органы, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес берілетін ақпараттар нақтылығы үшін, қорғау, дайындау тәртібін, беру тәртібін бұзғаны және мұндай ақпараттарды пайдаланғаны үшін жауапты болады.
Тармақ 11
11. Тіркеу органдарының талабы бойынша тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтары және онымен жасалатын мәмілелері туралы алым және ақпараттар беру жөніндегі басқада органдардың және мекемелердің қызметтерінің заңсыздығы және оның тоқтатылуы сотпен белгіленуі мүмкін.
Тарау 2. 2. Ақпараттарды беру негіздері мен тәртіптері
2. Ақпараттарды беру негіздері мен тәртіптері
Тармақ 12
12. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпараттарды беру, сұрау берілген орган, берілетін ақпараттар түрі, жылжымайтын мүлік түрі, тұрған жері, арыз берушінің мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты, төлқұжат деректері (жеке басын растайтын деректер) жеке тұлғаның тұрған жері, заңды тұлғаның атауы және реквизиттері) көрсетілген белгіленген үлгідегі жазбаша сұрау беру негізінде жүзеге асырылады.
Құқық қорғау, сот және атқарушы органдар құзырларына сәйкес сұрау берген жағдайларда және нормативтік-құқықтық актілермен көзделген басқада жағдайларда, сұрауда талап етілген ақпарат негізі сондай-ақ, сұралатын ақпараттардың пайдалану мақсаты көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтар және онымен мәмілелер жасау туралы ақпараттарды алу үшін сұраудан басқа, арызданушы тіркеу органына келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 2
2) заңдармен белгіленген жағдайларды өкілдіктің өкілеттігін куәландыратын құжат.
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 31 бұйрығымен.
Ескерту: 13-тармақ өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 31 бұйрығымен .
Тармақ 14
14. Тiркеушi орган арызданушының сұрау салуы негiзiнде оған тiркелген жылжымайтын мүлiкке құқықтар және онымен жасалатын мәмiлелер туралы оның жазбаша сұрауы келiп түскен сәттен бастап, 2 жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде ақпараттар беруге мiндеттi.
Ескерту: 14-тармақ жаңа редакцияда, өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 25 тамыздағы N 230 , 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 31 , 2007 жылғы 15 наурыздағы N 86 бұйрықтарымен.
Тармақ 15
15. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 31 бұйрығымен.
Тармақ 15-1
15-1. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 31 бұйрығымен.
Тарау 3. 3. Ақпараттық қызмет көрсету түрлері
3. Ақпараттық қызмет көрсету түрлері
Тармақ 16
16. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 31 бұйрығымен;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 31 бұйрығымен;
Тармақша 3
3) жылжымайтын мүлікке құқықтары (ауыртпалықтары) және оның 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы;
Тармақша 4
4) тіркеуші орган растаған тіркеу ісі құжаттарының, оның ішінде жылжымайтын мүлік объектісі жоспарының (сызбасының) көшірмесін;
Тармақша 5
5) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы беру түрінде жүзеге асырылады.
Ескерту: 16-тармақ толықтырылды, өзгертілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 143 , 2002 жылғы 23 тамыздағы N 125 , 2004 жылғы 19 наурыздағы N 69 , 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136 , 2004 жылғы 7 қыркүйектегі N 256 , 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 31 бұйрығымен.
Тармақ 17
17. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 31 бұйрығымен.
Тармақ 17-1
17-1. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 31 бұйрығымен.
Тармақ 18
18. Тіркеу органымен расталып, тіркеу ісінде жатқан құқық белгілеуші құжаттардың көшірмесі, құқық иесінің, құқық қорғау және сот органдарының сұрауы бойынша беріледі. Өзгеде жағдайлар кезінде аталған құжаттар мемлекеттік құпиялар емес болып танылады және құқық иесінің жазбаша келісімімен беріледі.
Тармақ 19
19. Құқық қорғау, сот органдарының уәждемелі сұраулары бойынша, атқарушы органдардың олардың құзыретіне сәйкес заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне тіркелген құқықтарға (ауыртпалықтарға) қатысты сұраулары бойынша, сондай-ақ құқық иелерінің олардың мүлкіне тіркелген құқықтарға (ауыртпалықтарға) қатысты сұраулары бойынша тіркеуші орган өзге де ақпараттар бере алады.
Ескерту: 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 69 , 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136 бұйрығымен .
Тармақ 20
20. Ақпараттық қызметтер нысандарында қамтылған деректер берілген сәтінде жарамды болып табылады.
Ескерту: 20-тармаққа толықтырылды, жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 143 , 2004 жылғы 19 наурыздағы N 69 , 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136 бұйрығымен .
Басқа 1. ___________________________________________
Мемлекеттік органның атауы
Қазақстан Республикасының Әділет аумақтық органдарымен Ақпараттық қызмет көрсету Қағидаларына
1 қосымша
Ескерту: 1-қосымшамен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР
Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 31 , 2007 жылғы 15
наурыздағы N 86 бұйрықтарымен
Жылжымайтын мүлікке құқықтары
(ауыртпалықтары) және оның
техникалық сипаттамалары туралы
анықтамасының түрі
___________________________________________
Мемлекеттік органның атауы
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамасы туралы
анықтама
N __________ 200__ жылғы "___"» _________
________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы,
________________________________________________________________________
алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, берген мекеме)
________________________________________________________________________
мынадай жылжымайтын мүлік объектілерін растау үшін берілді:
Жылжымайтын
мүлік
түрі
Кадастр
нөмірі
Нысаналы
мақсаты
(жоспар
бойынша
литер)
Орналасқан
жері
Жасау
саны
Қабаттылығы,
қабат
Жалпы
алаңы
Тұрғын, пайдалы
алаңы
Бөлінісі
(ЗУ)
Ескерту
Тармақша 1
1) құқық тіркелді:
Құқық түрі
Мазмұны
Құқық
иеленуші
Жалпы
меншік
нысаны,
үлесі
Құқықтың
пайда
болу
негізі
Тіркелген
күні, уақыты
Тармақша 2
2) құқық ауыртпалығы тіркелді:
Ауыртпалық
түрі
Мазмұны
Құқық
иеленуші
немесе
уәкілетті орган
(мүдделі
адам)
Жалпы
меншік
нысаны,
үлесі
Ауыртпалықтың
пайда
болу
негізі
Тіркелген
күні, уақыты
Орындаушы _____________ _______________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты)
Бөлім бастығы _____________ _____________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты)
Басшы _____________ ____________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты)
М.О.
______________________
Ескерту:
Анықтамада қамтылған мәліметтер берілген сәтте жарамды болып
табылады.
Басқа 2. ______________________________________________
Мемлекеттік органның атауы
Қазақстан Республикасының Әділет аумақтық органдарымен Ақпараттық қызмет көрсету Қағидаларына
2 қосымша
Ескерту: 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің
2007 жылғы 30 қаңтардағы N 31 бұйрығымен.
Жылжымайтын мүлікке құқықтары
(ауыртпалықтары) және оның
техникалық сипаттамалары туралы
анықтамасының түрі
______________________________________________
Мемлекеттік органның атауы
Жылжымайтын мүліктің жоқтығы (барлығы) туралы
анықтама
N __________ 200__ жылғы "___" __________
________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, жеке басын куәландыратын
________________________________________________________________________
құжаттың деректері, берген мекеме - жеке тұлға және оның өкілі үшін;
________________________________________________________________________
атауы, мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің тіркеу нөмірі -
_________________________________________________________________ берілді.
заңды тұлға үшін және оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты)
Оның атында ____________________________________________________________
(жылжымайтын мүлкі болса
____________________________________________________________ елді мекенде
оның орналасқан жері )
________________________________________________________________________
(жылжымайтын мүліктің мақсатты тағайындалуы)
жылжымайтын мүлікке меншік құқығы тіркелген (тіркелген жоқ) .
керек емесі сызылады
Орындаушы _____________ ______________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты)
Бөлім бастығы _____________ ____________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты)
Басшы _____________ ___________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты)
М.О.
____________________
Ескерту:
Анықтамада қамтылған мәліметтер берілген сәтте жарамды болып
табылады.