Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау" туралы Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1 тармағының 14-тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын әр отбасына қосымша әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) тоқсанына, сол кездегі айлық есептік көрсеткіштің сегіз еселенген мөлшері көлемінде тағайындалып, төленуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және де он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды өз қамқорлығына алған (толық мемлекет қамқорлығында болған мүгедек балалардан және әке-шешесі ата-аналық құқықтан айырылған мүгедек балалардан басқаларға) ата-анасының біреуіне, немесе олардың орнын басатын адамдарға отбасының табысына қарамай, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия берген анықтамада көрсетілген мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп табылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және үйде оқыту қажет деп табылған сәттен бастап бір оқу жылына тағайындалады деп белгіленсін. Ал әлеуметтік көмек бірінші рет тағайындалған жағдайда, өтініш берген күннен бастап төленсін.
Тармақ 3
3. "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі /Азат Жапарұлы Жақыбай/ тұрғылықты жері бойынша ата-анасының біреуінің немесе олардың орнын басатын адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған жеке шоттың нөмірі көрсетілген өтінішінің негізінде (екінші деңгейдегі банк немесе лицензиясы бар,осындай қызмет атқарылған мекемелер арқылы) мына төмендегі құжаттарды өткізген жағдайда әлеуметтік көмекті тоқсан сайын төленуін қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) өтініш (әр тоқсанға);
Тармақша 2
2) өтініш иесінің жеке куәлігі, оның ішінде оралмандар үшін оралманның куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код (көшірмесі);
Тармақша 3
3) мүгедек баланың тууы туралы куәлігі (көшірмесі);
Тармақша 4
4) дәрігерлік әлеуметтік комиссиясында мүгедектігін куәландырылғаны туралы белгіленген үлгіде анықтама (көшірмесі);
Тармақша 5
5) өтініш иесі мен мүгедек баланың тұрып жатқан мекен-жайы туралы анықтама (әр тоқсанға);
Тармақша 6
6) мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқытудың қажеттілігі туралы облыстық білім департаменті жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы;
Тармақша 7
7) мүгедек баланың үйде оқитынын дәлелдейтін оқу орнынан берілген анықтама.
Тармақ 4
4. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Бибігүл Нүкенқызы Албанбекова) аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Амантай Абдықадырұлы Раевқа жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.