О создании специальных военизированных служб охраны РГП "Кузет" МВД Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның арнайы әскериленген күзет қызметтерін құру туралы"
Күзет бөлімшелерінің қызметтік жұмысын жетілдіру, қызмет атқару сапасын көтеру, нарықты кеңейту және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның бөлімшелері көрсететін күзет қызметтерін арзандату мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК құрылымында арнайы әскериленген күзет қызметтері құрылсын.
Тармақ 2
2. "Арнайы әскериленген күзет қызметтерінің қызметін ұйымдастыру ережелері" (N 1 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК (К.Б.Өскембаев) бір ай мерзім ішінде:
Тармақша 1
1) бөлімшелердің рентабельділігін ескере отырып, арнайы әскериленген күзет қызметтері қызметкерлерінің еңбекақылары мен сыйақыларының көлемін белгілесін;
Тармақша 2
2) арнайы әскериленген күзет қызметтерінің қызметкерлері үшін бірыңғай нысандық киім үлгісін әзірлесін және бекітсін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның еншілес мемлекеттік кәсіпорындары мен олардың филиалдарының арнайы әскериленген күзет қызметтерінің штатын бекітсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның арнайы әскериленген күзет қызметтерін құру туралы" 1999 жылғы 10 қыркүйектегі N 452 бұйрығының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 5. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның арнайы әскериленген күзет қызметтерінің қызметін ұйымдастыру ЕРЕЖЕЛЕРІ
5. Бұйрық Қазақстан республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК мен оның еншілес кәсіпорындарының басшы құрамына жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің
2000 жылғы 4 қаңтардағы
N 2 бұйрығына N 1 қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның арнайы әскериленген күзет қызметтерінің қызметін ұйымдастыру ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тармақ i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Арнайы әскериленген күзет қызметтері Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның құрылымдық бөлімшелері болып табылады, оның еншілес кәсіпорындары мен филиалдары меншіктің барлық түріндегі объектілерде тауарлық-материалдық құндылықтарды және ақша қаражаттарын күзетуге, сондай-ақ өзге де күзет қызметтерін көрсетуге арналған.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның арнайы әскериленген күзет қызметтері өз қызметін шарттық негізде жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-на, оның еншілес кәсіпорындары мен олардың филиалдарына тікелей бағынады.
Тармақ 3
3. Арнайы әскериленген күзет қызметтеріне, кадр іріктеуге, қаруландыруға, оқыту мен біліктілігін көтеруге бақылау жасауды Қазақстан республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК, оның еншілес кәсіпорындары мен олардың филиалдары жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Арнайы әскериленген күзет қызметінің бөлімшелері жеке құрамының санына байланысты отрядтар мен бөлімшелер болып ұйымдастырылады.
Тармақ 5
5. Арнайы әскериленген күзет қызметтерінің бөлімшелері жеке құрамы атқаратын лауазымдарына қарай аға, орта, кіші басшы және қатардағы құрамға бөлінеді, олар қызметтік міндеттерін орындау кезінде белгіленген нысанды киім киіп жүруге тиіс.
Тармақ 6
6. Арнайы әскериленген күзет қызметтері өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің, Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның бұйрықтары мен нұсқаулықтарын, сондай-ақ осы Нұсқаулықты басшылыққа алады.
Тармақ ii. II. Арнайы әскериленген күзет қызметтерінің негізгі міндеттері мен функциялары
II. Арнайы әскериленген күзет қызметтерінің негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 7
7. Арнайы күзет қызметтерінің өз құзыреті шегіндегі негізгі міндеттері мен функциялары:
Тармақша 1
1) меншіктің барлық түріндегі объектілерді қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды, шарттық негізде күзет салаларында өзге де қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына (әкімшілік ұстау, қарау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама толтыру) сәйкес күзетілетін объектілерде қылмыстық қолсұғушылықтарға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу;
Тармақша 3
3) күзетілетін объектілерді өрт пен тұтанудың алдын алу;
Тармақша 4
4) ішкі істер органдарының басқа бөлімшелеріне көмек көрсету;
Тармақша 5
5) құқыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алу, ұрланған мүліктерді табу және алып қою үшін нормативтік құқықтық актілерде қарастырылған арнаулы құралдарды, қаруларды, жекпе-жек ұрыс әдістерін, қызметтік және қарауылдық иттерді қолдану болып табылады.
Тармақ iii. III. Арнайы әскериленген күзет қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру
III. Арнайы әскериленген күзет қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның арнайы әскериленген күзет қызметі оның еншілес кәсіпорындары мен филиалдарының құрылымында құрылады және шарт бойынша жұмыс істейтіндердің қаржысына ұсталады;
Тармақ 9
9. Арнайы әскериленген күзет қызметтерінің құрылымын, штатын, нысандық киімін, жеке құрамдарды бір-бірінен ажырату белгілерін Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК бекітеді.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-нің арнайы әскериленген күзет қызметтерінің өз қарулануында қызметтік тегіс ұңғылы қаруы және арнаулы құралдары болады.
Тармақ 11
11. Қызметтік қаруды және оның патрондарын, сондай-ақ арнаулы құралдарды алу, беру, сақтау, есепке алу және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау саласындағы заңдарымен бекітіледі.
Тармақ 12
12. Арнайы әскериленген күзет қызметтері қызметкерлерінің меншікті, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөнінде өздеріне заңмен жүктелген міндеттерді орындау кезінде және өздерін өздері қорғау үшін арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды қолдануға құқығы бар.
Тармақ 13
13. Арнаулы құралдар мен қару қолданудан бұрын қарсы қару қолданатын адамға ол туралы айқын түрде ескерту жасалады.
Тармақ 14
14. Әйелдерге, мүгедектіктің айқын белгісі бар адамдарға, жастары белгілі немесе айқын кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы немесе топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайдан басқа кезде, қызметтік қару мен арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 15
15. Қызметтік қару қолданудың барлық жағдайында айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету, ішкі істер органдарына және прокуратураға хабарлау үшін қажетті шаралар қабылдау қажет.
Тармақ 16
16. Объектілерді күзету және патрульдеуді жүзеге асыру үшін қызметтік және қарауылдық иттерді пайдалануға болады.
Тармақ 17
17. Қызметті ұйымдастыру, арнайы әскериленген күзет қызметтерін қаруландыру мәселелері, жеке құрамның өзге де құқықтары мен міндеттері Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіппен бекітілген қызметтік нұсқаулықтармен реттеледі. Арнайы әскериленген күзет қызметтерінің дербес құрылымдық бөлімшелері болып табылатын буындары отрядтарға немесе бөлімшелерге ұйымдастырылады және ҚР Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның және оның еншілес кәсіпорындарының құрамына кіреді.
Тармақ 18
18. Арнайы әскериленген күзет қызметтері қызметкерлерінің қызмет атқаруы қарауылдық бойынша да, сол сияқты күзеттік есеп бойынша да ұйымдастырылуы мүмкін.
Тармақ iv. IV. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның арнайы әскериленген күзет қызметтерінде қызмет өткеру тәртібі
IV. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның арнайы әскериленген күзет қызметтерінде қызмет өткеру тәртібі
Тармақ 19
19. Арнайы күзет бөлімшелерінің қызметіне жасы 20-дан кем емес және 45-тен жоғары емес, нақты әскери қызметтен өткен, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерде есепте тұрмайтын, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, денсаулық жағдайы бойынша күзет қызметіне жарамды, міндетті даярлықтан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Тармақ 20
20. Арнайы әскериленген күзет қызметтерінің жеке құрамы Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК бекіткен тәртіппен және арнайы бағдарлама бойынша мамандандырылған оқу орталықтарында міндетті алғашқы даярлықтан және қайта даярлықтан өтеді.
Әскери-оқу дайындығынан өтпеген адамдар объектіні күзету қызметін атқаруға жіберілмейді.
Тармақ 21
21. Кадрлар даярлау, оларды оқыту және арнайы әскериленген күзет қызметі қызметкерлерінің біліктілігін көтеру Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның еншілес кәсіпорындарына жүктеледі.
Тармақ 22
22. Арнайы әскериленген күзет қызметтерінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК бекіткен арнайы үлгідегі қызметтік куәлік беріледі.
Тармақ 23
23. Еңбекақы нысанын, штат кестесін, жалақы көлемін, сыйақы және басқа да көтермелеу жүйесін бекітілген еңбекақы төлеу қоры шегінде Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК белгілейді. Арнайы әскериленген күзет қызметінің қызметкерлерімен еңбек шарттары, оның ішінде контракт түріндегі шарттар жасалынады. Қызметкерлермен жасалатын контракт нысанын және лауазымдар тізбесін ҚР Ішкіісминінің "Күзет" РМК бекітеді.
Тармақ 24
24. Арнайы әскериленген күзет қызметтері қызметкерлерінің жұмыс күні мен жұмыс аптасының ұзақтығы, жыл сайынғы ақылы және өзге де демалыстары қолданылып жүрген еңбек туралы заңдар ескеріле отырып белгіленеді.