О минимальных размерах земельных участков сельскохозяйственного назначения, предоставляемых в собственность или землепользование в Актюбинской области Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысында меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерлері туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 50-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Ақтөбе қаласы және аудандардың әкімдері, «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ (М. Н. Жекеев) әкімдіктің осы қаулысы мен мәслихаттың шешімінің бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Әкімдіктің осы қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
2010 жылғы 9 сәуірдегі № 109 облыс әкімдігінің қаулысына және № 297 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша Ақтөбе облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерлері (гектар) Рет саны Аудандардың және қаланың атауы Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің бір әкімшілік ауданның (қаланың) аумағындағы ең аз мөлшері, олар болуы мүмкін: жеке меншік құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оған аффилиирленген тұлғаларда тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін барлығы соның ішінде суармалы барлығы соның ішінде суармалы 1. Әйтеке би 90 1 900 10 2. Алға 30 1 300 10 3. Байғанин 200 1 2000 10 4. Ырғыз 150 1 1500 10 5. Қарғалы 80 1 800 10 6. Қобда 40 1 400 10 7. Мәртөк 20 1 200 10 8. Мұғалжар 40 1 400 10 9. Темір 50 1 500 10 10. Ойыл 50 1 500 10 11. Хромтау 40 1 400 10 12. Шалқар 190 1 1900 10 13. Ақтөбе қаласы 15 1 150 10 кестенің жалғасы Рет саны Аудандардың және қаланың атауы Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің бір әкімшілік ауданның (қаланың) аумағындағы ең аз мөлшері, олар болуы мүмкін: мерзімі 49 жылға дейін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оған аффилиирленген тұлғаларда тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін барлығы соның ішінде суармалы барлығы соның ішінде суармалы 1. Әйтеке би 90 1 900 10 2. Алға 30 1 300 10 3. Байғанин 200 1 2000 10 4. Ырғыз 150 1 1500 10 5. Қарғалы 80 1 800 10 6. Қобда 40 1 400 10 7. Мәртөк 20 1 200 10 8. Мұғалжар 40 1 400 10 9. Темір 50 1 500 10 10. Ойыл 50 1 500 10 11. Хромтау 40 1 400 10 12. Шалқар 190 1 1900 10 13. Ақтөбе қаласы 15 1 150 10 кестенің жалғасы Рет саны Аудандардың және қаланың атауы Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің бір әкімшілік ауданның (қаланың) аумағындағы ең аз мөлшері, олар болуы мүмкін: мерзімі 10 жылға дейін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен шетелдіктерде, азаматтығы жоқ адамдарда тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік заңды тұлғаларда тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін барлығы соның ішінде суармалы барлығы соның ішінде суармалы 1. Әйтеке би 30 1 300 10 2. Алға 10 1 100 10 3. Байғанин 100 1 1000 10 4. Ырғыз 80 1 800 10 5. Қарғалы 20 1 200 10 6. Қобда 20 1 200 10 7. Мәртөк 10 1 100 10 8. Мұғалжар 20 1 200 10 9. Темір 20 1 200 10 10. Ойыл 20 1 200 10 11. Хромтау 20 1 200 10 12. Шалқар 100 1 1000 10 13. Ақтөбе қаласы 5 1 50 10