Ават селолық округіндегі Ават селосының Ленин көшесін Тәуелсіздік көшесі, Комсомол көшесін Абылайхан көшесі, Совет көшесін Абай көшесі, Набережная көшесін Ұлы Отан соғысы ардагері Маматья Акбарович Мансуров көшесі деп атауларын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ават селолық округіндегі Ават селосының Ленин көшесін Тәуелсіздік көшесі, Комсомол көшесін Абылайхан көшесі, Совет көшесін Абай көшесі, Набережная көшесін Ұлы Отан соғысы ардагері Маматья Акбарович Мансуров көшесі деп атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 1-тармағының 13-тармақшасын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4-тармағын, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 7-1/1437, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2010 жылғы 30 наурыздағы N 2 келісімдеріне, Ават ауылы тұрғындарының 2006 жылғы 5, 6, 7 желтоқсандағы және 2010 жылдың 1 наурыздағы хаттамаларына сәйкес селолық округ әкiмi ШЕШIМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ават селолық округіндегі Ават селосының Ленин көшесін Тәуелсіздік көшесі, Комсомол көшесін Абылайхан көшесі, Совет көшесін Абай көшесі, Набережная көшесін Ұлы Отан соғысы ардагері Маматья Акбарович Мансуров көшесі деп атаулары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешiммен жеке және заңды тұлғалар таныстырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Ават селолық округi әкiмi аппаратының бас маманы Масутова Эльвира Ахметовнаға жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.