Об утверждении Инструкции о порядке наложения и взыскания штрафов в административном порядке лицами Агентства Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям с работников поднадзорных предприятий Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі адамдарының қадағалауындағы кәсіпорындардың қызметкерлеріне әкімшілік тәртіппен айыппұл салу және төлету тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақ ССР-нің әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1984 жылғы 22 наурыздағы Кодексінің сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылдың 7 шілдесіндегі N 1068 P971068_ қаулысымен бекітілген, көрсетілген Кодекске енгізілген өгерістермен толықтырулар "Төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі Мемлекеттік инспекция туралы Ережесінің", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 27 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің мәселелері" туралы N 481 P990481_ қауылысының негізінде және "Нормативті құқықтық актілері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Z980213_ 38 тармағын орындау барысында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің адамдары қадағалауындағы кәсіпорындардың қызметкерлеріне әкімшілік тәртіппен айыппұл салу және төлету туралы" қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Нұсқаулықтың орындалуына бақылау жасау төтенше жағдайларды мемлекеттік кадағалау, техникалық және тау-кен қадағалауы жөніндегі Департаментіне жүктелсін.
Басқа 3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі адамдарының қадағалауындағы кәсіпорындардың қызметкерлеріне әкімшілік тәртіппен айыппұл салу және төлету тәртібі туралы Н Ұ С Қ А У Л Ы Қ
Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар жөніндегі Агенттігінің
бұйрығымен бекітілді
22 желтоқсан 1999 ж. N 280
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі адамдарының қадағалауындағы кәсіпорындардың қызметкерлеріне әкімшілік тәртіппен айыппұл салу және төлету тәртібі туралы Н Ұ С Қ А У Л Ы Қ
Бөлім 1. 1. Бөлім. Жалпы ережелер
1. Бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің лауазымды адамдарына (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының ТЖА) Қазақ ССР-нің 1984 ж. 22 наурыздағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 41, 94, 95, 225 баптарының, Қазақстан Республикасының "Қазақ ССР-нің әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 12 сәуірдегі "Қазақ ССР-нің әкімшілік құқық бұзушылық туралы N 2122-ХП және 1993 жылғы 28 қазандағы Қазақ ССР-нің әкімшілік құқық бұзушылық туралы N 2492-ХП Кодексінде қаралған айыппұл мөлшерін қайта есептеу тәртібі туралы Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 10 наурыздағы "Қазақстан Республикасының еңбек мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер енгізу туралы" Заңының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қантардағы "Қазақстан Республикасы Үкіметтің құрылымы туралы" N 6 U990006_ Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметтің 1997 жылы 7 шілдеде бекіткен "Төтенше жағдайлардың алдын-алу және оны болдырмау жөніндегі Мемлекеттік инспекцияның Ережелері туралы" N 1068 P971068_ қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің мәселелері туралы" N 481 P990481_ қаулысының негізінде ведомстволық бағынаштылығына, меншік нысанына қарамастан, қадағаулаындағы кәсіпорындардың қызметкерлеріне, кісі өліміне әкеп соқтыратын еңбек туралы заңды және еңбекті қорғау туралы Ережені бұзса, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға құқық беріледі.
Бөлім 2. 2. Бөлім. Айыппұл салу үшін құжаттарды ресімдеу
2. Бөлім. Айыппұл салу үшін құжаттарды ресімдеу
Тармақ 2
2. Айыппұл салу үшін құжаттарды ресімдеу құқы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің төтенше жағдайлардың алдын-алу және оны жою жөніндегі Мемлекеттік инспекциясының лауазымды адамдарына беріледі (бұдан әрі - Меминспекция).
Айыппұл салу үшін құжаттарды ресімдеуге мыналар қажет:
Тармақша 1
1) қоса беріліп отырған нысан бойынша хаттама жасалады. Осы хаттамамен тәртіп бұзған кінәлі адам таныстырылуы тиіс, оның құқы туралы түсіндіріліп айтылады және ол адамнан жазбаша түрінде түсімдірме талап етіледі, ол хаттамаға қоса тіркеледі, егер кінәлі адам хаттамаға қол қоюдан және түсімдірме беруден бас тартса, инспектор оны хаттамада көрсетуі қажет;
Тармақша 2
2) хаттама тәртіп бұзғаны туралы ұйғарымды ауыстара алмайды;
Тармақша 3
3) хаттама бір сөткенің ішінде лауазымды адамның қарауына жіберілуі немесе берілуі керек, егер хаттамада көрсетілгендей мөлшерде айыппұл салуға құқы болса;
Тармақша 4
4) тәртіптің бұзылуы туралы хаттама алған лауазымды адам, оны 5 күннің ішінде қарап, айыппұл салу туралы үш данада қаулы ресімдеп, шешім қабылдауы керек және оған қол қойып, мөрмен куаландыруы керек (N 1 қосымшаны қараңыз);
Тармақша 5
5) тәртіп бұзылған уақыттан бастап, айыппұл бір айдың ішінде салынуы керек. Қаулының бір данасы 3 күннің ішінде айып салынған адамға тапсырылуы немесе хатпен жіберілуі керек;
Тармақша 6
6) егер қаулы тапсырылғаннан кейін 15 күннің ішінде ол өзінің кәсіпорнының бухгалтериясына айыбын төлемесе (тәртіп бұзушы), онда қаулының екінші данасы айып тәлеушінің жұмыс істеп жүрген жерінің бухгалтериясына тәртіп бойынша айыбын төлеттіру үшін жіберіледі;
Тармақша 7
7) айып төлеу туралы қаулы, айыпкер жұмыс істейтін кәсіпорынның бухгалтериясынан (N 2 қаулыны қараңыз) хабар түскенде ғана тексеруден алынап тасталады;
Тармақша 8
8) іс сотта немесе Қазақстан Республикасы ТЖА жоғарғы органдарында қаралған жағдайда қаулының шыққанына 3 ай болғанға дейін (сол мерзім көрсетіледі), сонымен қатар айыпкер еңбек ақысын ала алмаған жағдайда, айып төлеттірілмейді.
Тармақша 9
9) лауазымды адамдарға салынған айыпты кәсіпорын мен ұйымның есебінен төлеуге тиым салынады.
Бөлім 3. 3. Бөлім. Айып салу туралы қаулыға шағым айту
3. Бөлім. Айып салу туралы қаулыға шағым айту
Тармақ 3
3. Айып салу туралы қаулы 10 күндік мерзім ішінде Қазақстан Республикасы ТЖА жоғарғы органдарына - төтенше жағдайларды мемлекеттік қадағалау, техникалық және тау-кен қадағалауы жөніндегі (бұдан әрі - Департамент) Департаментіне немесе тұрған жері бойынша аудандық (қалалық) сотқа шағым беруіне болады. Айып төлеу туралы қаулыны орындағанда ғана шағым беру тоқтатылады.
Тармақ 4
4. Жоғарғы орган Департамент Директоры ретінде - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы хатты (арызды) алысымен, бір айдың ішінде оны қарап шешім қабылдауы керек. Егер айып салу туралы іс жергілікті сотқа жіберілсе, онда жергілікті соттың хат (арыз), бойынша қабылдаған шешімі соңғы шешім болып саналады.
Бөлім 4. 4. Бөлім. Салынған айыпты есепке алу және тексеру
4. Бөлім. Салынған айыпты есепке алу және тексеру
Тармақ 5
5. Мемлекеттік инспектор айып төлеуге ресімделген құжаттарды (хаттама мен қаулыны) Төтенше жағдайлардың алдын-алу және оны жою жөніндегі (бұдан әрі - ТЖ Меминспекциясы) Мемлекеттік инспекция бөлімінде арнайы журналға және өзінің қадағалау-сақтандыру жұмыстарын есепке алатын күнделігіне тіркейді, айыпты уақытында төлеттіруді талап етуге жауапты және ай сайын бөлім және аймақтық инспекция бастықтары алдында есеп береді.
Тармақ 6
6. ТЖ жөніндегі Меминспекция бөліміндегі айыпты есепке алу және тіркеу бойынша арнайы журнал жүргізетін адам, жұма сайын айып төлеудің қалай жүріп жатқандығы жөніндегі мәліметті белгіленген нысан бойынша инспекция (бөлім) бастығына ұсынуға міндетті, айыпты уақытында төлеттіру жөнінде бақылауды жүзеге асырады, ол жөнінде айып салатын әрбір мемлекеттік инспекторға хабарлайды.
Тармақ 7
7. Меминспекцияның бөлім бастығы жұма сайын Астана, Алматы қалалары мен облыстарындағы ТЖ Меминспекция бастығының жедел мәжілісінде айып салу жөніндегі Қаулының орындалу барысы жөнінде баяндайды.
Бөлім 5. 5 Бөлім. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің айыппұл салуға құқы бар, лауазымды адамдарының тізбесі
5 Бөлім. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің айыппұл салуға құқы бар, лауазымды адамдарының тізбесі
Тармақ 8
8. Айыппұл салу туралы қаулыға қол қоюға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің Төрағасы мен оның орынбасарларының;
Тармақша 2
2) Департамент директоры мен оның орынбасарының;
Тармақша 3
3) бөлім бастықтарының, Департаментің бас мамандарының-мемлекеттік инспекторлардың;
Тармақша 4
4) Облысаралық, Теңіз және Астана, Алматы қалалары мен облыстарының бастықтары, ТЖ жөніндегі Меминспекциясының бастықтары мен олардың орынбасарлары; ТЖ жөніндегі аймақтық (салалық) Меминспекцияның бастықтары немесе олардың орнын басушы адамдардың қол қоюға құқы бар.
Тармақ 9
9. Саланытын айып мөлшері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы ТЖА Төреағасы мен оның орынбасарлары:
азаматтарға 8-ден 10 айлық есептік көрсеткішке дейін;
лауазымды адамдарға 8-ден 10 айлық есептік көрсеткішке дейін;
Тармақша 2
2) Департамент директоры мен оның орынбасарлары:
азаматтарға 6-дан 10 айлық есептік көрсеткішке дейін;
лауазымды адамдарға 6-дан 10 айлық есептік көрсеткішке дейін;
Тармақша 3
3) Департаменттің бөлім бастықтары мен бас мамандары:
азаматтарға 4-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін;
лауазымды адамдарға 4-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін;
Тармақша 4
4) Облысаралық, Теңіз облыстық және Астана, Алматы қалаларының ТЖ Меминспекцияның бастықтары мен олардың орынбасарлары:
азаматтарға 6-дан 10 айлық есептік көрсеткішке дейін;
лауазымды адамдарға 6-дан 10 айлық есептік көрсеткішке дейін;
Тармақша 5
5) ТЖ жөніндегі аймақтық (салалық) Меминспекцияның бастықтарымен немесе олардың орнын басушылармен:
азаматтарға 4-тен 10 айлық көрсеткішке дейін;
лауазымды адамдарға 4-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін.
Бөлім 6. 6 Бөлім. Айыппұл төлеу тәртібі, оларды аудару және пайдалану
6 Бөлім. Айыппұл төлеу тәртібі, оларды аудару және пайдалану
Тармақ 10
10. Қадағалауға алынған кәсіпорындар мен нысандардың қызметкерлеріне, әкімшілік тәртіппен салынған айыппұлдан түскен қаржы, жергілікте бюджеттің кірісіне аударылады.
Тармақ 11
11. Әкімшілік тәртіппен салынған айыппұлдың жергілікті бюджеттің кірісіне толығымен және уақытында аударылуын тексеру Астана, Алматы қалаларының және облыстық ТЖ жөніндегі басқармаларының бухгалтерияларына жүктеледі.
Тармақ 12
12. Қазақ ССР-нің 1984 жылғы 22 наурыздағы (301, 302 баптары) Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы Қазақ ССР-нің Кодексіне және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 12 сәуірдегі "Қазақ ССР-нің әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 2122-ХП Заңына сәйкес айыппұл көрсетілген мерзім ішінде ерікті түрде төленбесе, заң белгілеген тәртіппен айыппұл салынған адамның жұмыс орнындағы бухгалтериясынан даусыз тәртіппен өндіртіп алынады.