Об утверждении Правил предоставления сведений в уполномоченный орган о вылове рыбных ресурсов и других водных животных, промысловой обстановке на водоеме, выданных путевках Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңы 27-бабының 2-тармағы 16) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылы 19 наурыздағы № 185 бұйрығымен бекітілген Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесі
Тармақ 1
1. Осы Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 27-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алуды жүзеге асыру кезіндегі жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметіне, балық шаруашылығы су айдынындағы және (немесе) учаскесіндегі берілген жолдамалар санына және кәсіпшілік жағдайына есеп жүргізу, мониторингті және бақылауды жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Жануарлар дүниесін пайдаланушы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді келесі нысан бойынша балық шаруашылығы инспекциясының құрылымдық бөлімшесіне ұсынады: балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу туралы мәлімет осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес балық шаруашылығы инспекциясының құрылымдық бөлімшесіне ұсынылады; су айдынындағы кәсіпшілік жағдай туралы мәлімет осы Ереженің  2-қосымшасынасәйкес балық шаруашылығы инспекциясының құрылымдық бөлімшесіне ұсынылады; берілген жолдамалар туралы мәліметтер осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аумақтық балық шаруашылығы инспекциясының құрылымдық бөлімшелеріне ұсынылады.
Тармақ 3
3. Жануарлар дүниесін пайдаланушы жоғарыда аталған мәліметтерді қағаз және электрондық нұсқада әр айдың 1-күні балық шаруашылығының аумақтық инспекциясына немесе оның құрылымдық бөлімшесіне ұсынылады.
Басқа 1. Балық және басқа да су жануарларын аулап алу туралы мәліметтер
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесіне 1-қосымша Нысан Уәкілетті орган аумақтық инспекциясының бастығына Балық және басқа да су жануарларын аулап алу туралы мәліметтер Жануарлар дүниесін пайдаланушының атауы: ___________________________ ____________________________________________________________________ Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесінің атауы:________ ____________________________________________________________________ № Ба­лық және бас­қа да су жа­ну­ар­ла­ры­ның түр­ле­рі Ай­лық есеп­ке Жыл ба­сы­нан ба­стап Нақ­ты аулан­ға­ны,  тон­на (да­на) Бө­лін­ген кво­та, тон­на Нақ­ты аулан­ға­ны, тон­на 1 2 3 4 5 Бар­лы­ғы Басшы _____________________________________________________________ (Т.А.Ә.) Жеке қолы _________________________________________________________ Берілген күні: «___» ________________201__ ж. М.О. ___________________________________________________________________ (есепті қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)
Басқа 2. Су айдынындағы кәсіпшілік жағдай туралы мәліметтер
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесіне 2-қосымша Нысан Уәкілетті орган аумақтық инспекциясының бастығына Су айдынындағы кәсіпшілік жағдай туралы мәліметтер құрма аулар _________________________________________________________ (тор көздің саны, ұзындығы, мөлшері) лақтырма сүзекілер __________________________________________________ (тор көздің саны, ұзындығы, мөлшері) автокөліктер ________________________________________________________ (саны, үлгісі) кәсіпшілік механизмдер ______________________________________________ (атап шығу) жүзу құралдары ______________________________________________________ (саны, үлгісі) бригадалардың, бөлімдердің саны тартым учаскелерінің, кәсіпшілік тұрақ, аулау құралын таңдау орны __________________________________________ ____________________________________________________________________ Басшы ____________________________________________________ (Т.А.Ә.) Жеке қолы ______________________ Берілген күні: «___» ________________ 201__ ж. М.О. ____________________________________________________________________ (есепті қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)
Басқа 3. Берілген жолдамалар туралы мәліметтер
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесіне 3-қосымша Нысан Уәкілетті орган аумақтық инспекциясының бастығына Берілген жолдамалар туралы мәліметтер Жануарлар дүниесін пайдаланушының атауы: ____________________________ _____________________________________________________________________ Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесінің атауы: ________ _____________________________________________________________________ № Ба­лық және бас­қа да су жа­ну­ар­ла­ры­ның түр­ле­рі Ай­лық есеп­ке Жыл ба­сы­нан ба­стап Өт­кі­зі­л­ген жол­да­ма­лар­дың са­ны, да­на Бө­лін­ген кво­та­ның кө­ле­мі, кг. (түр­ле­рі бой­ын­ша) Өт­кі­зі­л­ген жол­да­ма­лар­дың са­ны, да­на Бө­лін­ген кво­та­ның кө­ле­мі, кг. (түр­ле­рі бой­ын­ша) 1 2 3 4 5 6 Бар­лы­ғы Басшы ________________________________________________ (Т.А.Ә.) Жеке қолы ______________________ Берілген күні: «___» ________________ 201__ ж. М.О. ____________________________________________________________________ (есепті қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)