О переименовании некоторых улиц города Атбасар Атбасарского района Акмолинской области Қолданыста
Басқа 0
Ақмола облысы Атбасар ауданы Атбасар қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына, тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы тіл саясаты және онамастика жөніндегі аудандық комиссиясының 2010 жылғы 2 сәуірдегі шешіміне сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы Атбасар ауданы Атбасар қаласының кейбір көшелері қайта аталсын:
Тармақша 1
1) Достық көшесі Ақан Құрманов атындағы көшесіне;
Тармақша 2
2) Ақан Құрманов көшесі Достық көшесіне;
Тармақша 3
3) Заводская көшесі Иван Дьяченко атындағы көшесіне;
Тармақша 4
4) Иван Дьяченко көшесі Ынтымақ көшесіне;
Тармақша 5
5) Заготовительная көшесі Бірлік көшесіне;
Тармақша 6
6) Первомайское көшесі Рахымжан Қошқарбаев атындағы көшесіне;
Тармақша 7
7) Свобода көшесі Бауыржан Момышұлы атындағы көшесіне.
Тармақ 2
2. Осы қаулы мен шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны бірінші ресми жарияланғаннан соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар ауданы әкімдігі
жанындағы тіл саясаты және
ономастика жөніндегі
комиссияның төрағасы Қаженов Ж.Ғ.
Атбасар аудандық
қала құрылысы және
сәулеттендіру білімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Кенжебаев З.З.