О переименовании улицы Строительной села Калкаман Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалқаман ауылының Строительная көшесін қайта атау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес, Қалқаман ауылы тұрғындарының пікірін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қалқаман ауылының Строительная көшесі Сейтахмет Мингалиев атындағы көшеге қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.