О переименовании улицы в городе Степняк Енбекшильдерского района Акмолинской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Степняк қаласындағы көшенің атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабы 5-1 тармақшасына сәйкес, тұрғындар пікірлерін ескере отырып, Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің жанындағы ономастика және тілдер саясаты жөніндегі комиссияның 2010 жылғы 2 сәуірдегі шешіміне сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Степняк қаласындағы Илюбаев көшесі Рамазан Елебаев атындағы көше болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы мен шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің жанындағы ономастика және тілдер саясаты жөніндегі комиссияның төрағасы Қ. Шаяхметов Еңбекшілдер аудандық «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Ахметова