Об утверждении Рамочного контракта о государственной поддержке и предоставлении мер стимулирования Инвестору, осуществляющему инвестиционную деятельность в приоритетных секторах экономики Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет жасайтын Инвесторға мемлекеттік қолдау және ынталандыру шараларын беру туралы Шағын ауқымындағы келісім-шартты бекіту туралы
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет жасайтын Инвесторға мемлекеттік қолдау және ынталандыру шараларын беру туралы Шағын ауқымындағы келісім-шартты бекіту.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1999 жылғы 27 наурыздағы N 1 "Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет жасайтын Инвесторға мемлекеттік қолдау және ынталандыру шараларын беру туралы Шағын ауқымындағы келісім-шарт" қаулысы күші жойылған боп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберілсін.
Басқа 4. Шағын ауқымындағы келісім-шарт "Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет жасайтын Инвесторға мемлекеттік қолдау және ынталандыру шараларын беру туралы"
Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі агенттігі төрағасының N_____"____"_____________ Бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН Шағын ауқымындағы келісім-шарт "Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет жасайтын Инвесторға мемлекеттік қолдау және ынталандыру шараларын беру туралы" Астана қ.                                                 "___"_______ж. Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыруды мемлекеттік қолдау және ынталандыру шаралары туралы осы келісім-шарт Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі агенттігі (ары қарай  - "Агенттік") атынан Республикасының инвестициялар жөніндегі агенттік төрағасы __________________________________________________________________ (аты-жөні, фамилиясы) мен_______________________________________________________________ (жеке немесе заңды тұлғамен) (ары қарай - "Инвестор") атынан___________________________________ ( лауазымы, аты, жөні, фамилиясы) жасалды. ескере отырып:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделе отырып, экономиканың басым секторларында тауарлар өндіруді, жұмыс атқару мен қызмет көрсетуді, жеделдете дамуды қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасауға бағытталған;
Тармақша 2
2) Агенттік-тікелей инвестиция әкелетін Инвесторлар алдында Қазақстан Республикасының атынан өкіл болуға уәкілеттік берілген, келіссөздер жүргізу, келісімнің шартын белгілеу және келісім-шартқа қол қою құқығына байланысты бірден-бір мемлекеттік орган болып табылады;
Тармақша 3
3) Осы келісім-шарт инвестициялық қызмет жасау кезіндегі Инвестор мен Агенттіктің құқықтары мен міндеттемелерін реттейді. Агенттік пен Инвестор төмендегідей келісім-шарт жасады:
Тармақ 1. 1. Анықтамалар
1. Анықтамалар Егер келісім-шарттың мәтінінде басқа түсініктер болмаса, онда төмендегі қолданылған терминдер мен сөздердің мынадай мағынасы болады: Инвестициялық қызмет - инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет; Агенттік - Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі агенттігі; Инвестор - _________________________(инвестициялық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар); Бекітілген Инвестор - Агенттік пен келісім-шартқа отырған Инвестор; Келісім-шарт - Агенттік пен Инвестор арасындағы жасалған осы келісім-шарт; Келісім-шарт күшінің жыл мерзімі - Григориан күнтізбесі бойынша тізбектеле келетін 12 (он екі) айға тең кезең, Келісім-шарт мәтіні бойынша ол Келісім-шарт күшіне енген уақыттан немесе жылдан басталады; Қолданылатын заңдар - Қазақстан Республикасындағы заңдар және де Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісімдер; Табыстар - инвестициялық қызметтен түскен табыс немесе қай табыс түріне қарамағанда, соған байланысты төленетін пайда, дивиденттер, пайыздар және басқа ақы немесе заттай төлемдер қоса жатады; Негізгі капиталға инвестиция - материалдық өндіріс пен материалдық емес өндіріс өрістерінде, тасу, сақтау, қамсыздандыру және құрал-жабдықтарды монтаждау, және де басқа осы инвестицияға тікелей байланысы бар шығындарды қоса алғанда, қызмет мерзімі бір жылдан асатын, қырық айлық есеп көрсеткішінің құнынан артық материалдық активер; Форс-мажор - Еңсірілмейтін күш, келісім-шарт орындалу барысын мүмкін қылмай немесе қиындататын жағдаят (әскери қақтығыстар, табиғат апаттары, табиғи зілзала және т.б.); Үшінші жақ - Келісім-шарттың 11-тарауында көрсетілген Тараптарды қоспағанда, кез келген жеке немесе заңды тұлға; Жұмыс бағдарламасы - Осы Келісім-шартқа сәйкес және N 1 Қосымшада дайындалған инвестициялық жобаны жүзеге асырудағы жоспардың барлық түрін білдіреді; Мониторинг - Осы келісім-шарт бойынша Агенттік тарапынан инвестициялық қызметтің тұрғылықты орындалуына бақылау; Нақты гранттар - Қазақстан Республикасының Инвесторға ақшалай емес нысанда меншік құқығымен берілетін мүлкі немесе мүліктік құқықтары; Преференциялар - Агенттіктің инвесторға беретін атаулы сипаттағы артықшылықтары.
Тармақ 2. 2. Келісім-шарт мақсаты
2. Келісім-шарт мақсаты
Тармақ 1
1. Осы келісім-шарт Агенттік пен Инвестордың өзара қатынасын заң жүзінде Мемлекет заңдарына сәйкес инвестициялық қызметті _____________ (экономиканың басым секторы) саласында жүзеге асыруда  мемлекеттік қолдауды және әртүрлі ынталандыру шараларын белгілейді.
Тармақ 3. 3. Инвестициялық қызмет объектілері
3. Инвестициялық қызмет объектілері
Тармақ 2
2. Осы келісім-шарт бойынша инвестициялық қызмет объектілеріне  (қызмет түрі)______________жатады, оның ішінде: Негізгі капиталға инвестиция: ----------------------------------------------- N   Шығын статьялары     Сомасы (АҚШ долл.) ----------------------------------------------- ----------------------------------------------- ----------------------------------------------- Негізгі капиталға инвестицияның барлығы: ----------------------------------------------- Айналым капиталына инвестиция: Ақшалай қаражат мөлшері _____________________АҚШ доллары.
Тармақ 3
3. Тікелей инвестицияның жалпы көлемі ___________АҚШ доллары.
Тармақ 4. 4. Келісім-шарт мәселесі
4. Келісім-шарт мәселесі
Тармақ 4
4. Агенттіктің Қазақстан Республикасының тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңдарында көрсетілгендей Инвесторға инвестициялық жоба аумағында жеңілдіктер беру тәртібі осы келісім-шарт мәселесі болып саналады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" заңына және Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі агенттігінің _____ж.________________, N_____Бұйрығына сәйкес, Инвесторға мынандай жеңілдіктер мен преференциялар беріледі: --------------------------------------------------------------------------- --------------------------------------------------------------------------- ---------------------------------------------------------------------------
Тармақ 5. 5. Тараптардың құқықтары
5. Тараптардың құқықтары
Тармақ 6
6. Агенттіктің құқығы бар:
Тармақша 1
1) Келісім-шарт бойынша инвесторлармен берілген уәкілеттілігі шеңберінде Қазақстан Республикасы атынан келіссөздер жүргізуге;
Тармақша 2
2) осы келісім-шартқа қол қоюға және тіркеуге, және де оған өзгертулер мен толықтырулар енгізуге;
Тармақша 3
3) келісім-шарт бойынша Инвестордың міндеттемелерінің орындалуын бақылауын қоса, инвестициялық жобаға мониторинг жүргізуге;
Тармақша 4
4) келісім-шарттың жүзеге асуына байланысты барлық нормативтік-құқықтық актілерін, жобаға салған қаржы сомасы мен құрылатын жұмыс орындарының саны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға.
Тармақ 7
7. Инвестордың құқығы бар:
Тармақша 1
1) келісім-шарттың шаттарына қайшы келмейтін, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, келісілген инвестициялық жобаның жүзеге асуына байланысты кез келген әрекет жасауға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы заңдарының шеңберінде инвестициялық қызметтің жүзеге асуына керекті құрал жабдықтар мен басқа да материалдарды, активтерді импорттауға және экспорттауға;
Тармақша 3
3) жұмыс түрлері туралы жоспарда бекітілген сома мөлшерінде Жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізуге. Агенттіктің келісімі бойынша және оның қызмет құзырында Инвесторға қосымша құқық берілуі мүмкін.
Тармақ 6. 6. Тараптардың міндеттері
6. Тараптардың міндеттері
Тармақ 8
8. Агенттік міндетті:
Тармақша 1
1) бекітілген инвесторларға Қазақстан Республикасында білікті қызметкерлерді, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді іздестіруде жәрдем көрсетуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы заңдарының шеңберінде, инвестициялық қызметтің жүзеге асырылуына байланысты кедергілерді жоюға ықпалын жасауға;
Тармақ 9
9. Инвестор міндетті:
Тармақша 1
1) Келісім-шарттың 3-Тарауында көрсетілгендей Жұмыс бағдарламасына сәйкес инвестицияны жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) Жұмыс бағдарламасына сәйкес инвестициялық қызметті бастауға және өндірісті іске қосуға;
Тармақша 3
3) келісілген инвестициялық жобаны жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы заңдарын сақтауға;
Тармақша 4
4) Келісім-шарттың 5-бабында көрсетілген жеңілдіктер берілген, келісілген инвестициялық жобаның шартын бұзбауға, инвестициялық қызметтің пішінін өзгертпеуге;
Тармақша 5
5) инвестициялық жобаны жүзеге асыруда жаңа технологияларды, озық техника мен "ноу-хауды" қолдануға, менеджмент пен маркетингтің осы заманғы әдістерін енгізуге;
Тармақша 6
6) жергілікті мамандарды оқытып-үйретудің үздіксіз жүйесін енгізуге, олардың біліктілік деңгейін арттыруға;
Тармақша 7
7) жаңа____жұмыс орындарын құруға;
Тармақша 8
8) инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы туралы ақпаратты келісім-шартта көрсетілгендей Агенттіктің талап ету тәртібі мен көлемінде, тұрақты түрде беріп тұруға.
Тармақ 7. 7. Ақпарат пен меншік иелену құқығы
7. Ақпарат пен меншік иелену құқығы
Тармақ 10
10. Инвестордың өзінің инвестициялық қызметін жүзеге асыру үшін сатып алған кез келген активі мен құрал-жабдықтары және де ақпараттары, егер келісім-шартта басқаша қаралмаса Инвестордың меншігі болып табылады.
Тармақ 8. 8. Салықтар мен төлемдер
8. Салықтар мен төлемдер
Тармақ 11
11. Инвестор салықтар мен төлемдерді Қазақстан Республикасының салық заңдырына және осы Келісім-шартқа сәйкес төлеуді міндеттенеді.
Тармақ 9. 9. Форс-мажор
9. Форс-мажор
Тармақ 12
12. Шарт бойынша қандай да болмасын міндеттерін орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін келісуші тараптардың ешқайсысы ешқандай жауапкершілікке тартылмайды, егер бұл орындамаушылық немесе кешігіп орындау тежеусіз күшке (форс-мажор) байланысты болса.
Тармақ 13
13. Еңсірілмейтін күш жағдаятында кез келген бақылау шеңберінен тысқары болатын жағдаяттар жатады, мысалы: әскери қақтығыстар, табиғат апаттары, табиғи зілзала, (өрт, ірі апаттар, коммуникацияның бұзылуы және т.б.).
Тармақ 14
14. Форс-мажор салдарынан туындаған жағдаяттармен Келісім-шарт бойынша жұмыстар толық немесе ішінара кідіртілген болса, бұл жұмыстардың жүргізілу кезеңі форс-мажор мерзіміне дейін ұзартылады және форс-мажор тоқтатылған сәттен бастап қайта жанданады.
Тармақ 15
15. Еңсірілмейтін күш жағдаяттары пайда болған жағдайда, одан зардап шегуші Тарап бұл туралы басқа Тарапқа форс-мажорлық жағдаяттарды басталу уақыты мен сипаттамасын анықтайтын жазбаша ескертпені табыстау немесе поштамен жіберу арқылы 10 күн ішінде шұғыл түрде хабарлайды.
Тармақ 16
16. Форс-мажор жағдаяттары пайда болған кезде Тараптар орын алған жағдайдан шығудың жолын табу үшін жедел түрде кеңес өткізеді және мұндай жағдаяттардың салдарын барынша азайту мақсатында бәрін жасайды.
Тармақ 10. 10. Құпиялылық
10. Құпиялылық
Тармақ 17
17. Тараптар, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келісім-шартты жүзеге асырудағы жұмыстарда, келісім-шарт әрекет мерзімі кезінде барлық құжаттарда, ақпараттар мен есептерде құпиялылық шартын (11-Тараудың 11.2-бабына сәйкес) сақтайды.
Тармақ 18
18. Тараптар екінші Тараптың келісімінсіз келісім-шарт әрекет мерзімі кезінде, келісім-шарттың мағынасына немесе инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қатысы бар құпия деп саналатын басқа ақпаратты мына жағдайлардан бөлек бере алмайды:
Тармақша 1
1) егер бұл ақпарат сотта істі қарау барысында пайдаланылса;
Тармақша 2
2) ақпарат Тараптарға келісім-шарт бойынша қызмет көрсететін Үшінші жаққа бұл ақпаратты құпия деп қарап және оны Тараптардың белгілеп берген мақсаттарында және белгіленген мерзімінде ғана пайдалануға міндеттеме алу шартымен берілсе;
Тармақша 3
3) ақпарат келісім-шарттағы Тараптарға қаржы алатын банкке немесе басқа қаржы бөлетін ұйымға, мұндай банк немесе қаржылық ұйым бұл ақпаратты құпия деп қарап және оны белгіленген мақсаттарға ғана пайдалануға міндеттеме алу шартымен берілсе;
Тармақша 4
4) егер ақпарат салық немесе басқа кез келген ақпарат алуына мүмкіншілігі бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үәкілетті органдарына, оның ішінде банк құпиясы болып есептелінетін Инвестордың кез келген банкілік, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары шет елдік банктердегі ашылған есеп-шоттары туралы берілсе;
Тармақша 5
5) Агенттік келісім-шарт жасалған инвестициялық жобаның жүзеге асуына қатысты барлық нормативтік-құқықтық актілерін, қаржы сомасы мен құрылатын жұмыс орындарының саны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласа.
Тармақ 11. 11. Құқықтарды беру
11. Құқықтарды беру
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Инвесторға Келісім-шарттағы құқықтары мен міндеттерін өзінің еншілес ұйымына беруге (негізгі немесе еншілес компанияларына) Агенттіктің жазбаша рұқсатын алдын ала алғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Инвестор өзінің құқықтары мен міндеттерін бір бөлігін еншілес ұйымына бергенде, Инвестордың Агенттік алдындағы Келісім-шарт бойынша жауапкершілігін Инвестор алады;
Тармақ 20
20. Заңды тұлға-Инвестор қайта құрылған жағдайда, осы Келісім-шарт бойынша құқықтық мұрагерлік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 12. 12. Жобаның мониторингі
12. Жобаның мониторингі
Тармақ 21
21. Инвестор, әрдайым, кварталына бір рет және келесі есеп кварталының бірінші айының 15-жұлдызынан қалдырмай, Агенттікке инвестициялық қызметтің жүзеге асуы жайында белгіленген нысанда есеп береді.
Тармақ 22
22. Инвестор, жыл сайын наурыздың 10-жұлдызынан қалдырмай, Агенттікке дәлелденген аудиторлық қорытындысы бар, өткен жылдың қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп береді.
Тармақ 23
23. Инвестициялық жобаның жүзеге асуы жайындағы Инвестордың атқаруға тиісті міндеттемелерінің мониторингі Келісім-шарт пен Жұмыс бағдарламасының шартына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 13. 13. Төрелік
13. Төрелік
Тармақ 24
24. Тараптар инвестициялық қызметке байланысты немесе Келісім-шарттың орындалуынан немесе кез келген интерпретация жағдайынан туатын барлық даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешу үшін барлық шараларды қолданады.
Тармақ 25
25. Егер кез келген бір тараптың екінші Тарапқа жазбаша өтінішін алған сәттен бастап екі айдың ішінде даулы мәселе нәтижелі шешілмесе, онда Тараптар даулы мәселені шешуді:
Тармақша 1
1) заңға сәйкес уәкілділігі бар осындай дауларды қарайтын Мемлекеттің сот органдарына тапсырады;
Тармақша 2
2) егер шетелдік Инвестордың мүддесіне сөз келіп және оның қазақстандық сот органдарында даудың қаралмауына жазбаша қарсылығы болса, онда әртүрлі шетелдік сот органдарына тапсырады. Инвестормен арадағы даулар Келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаралады.
Тармақ 26
26. Шыққан даулар мен келіспеушіліктер толық шешіліп болмай, Тараптар Келісім-шарттағы міндеттемелерінің орындалуынан босатылмайды.
Тармақ 14. 14. Келісім-шарт тұрақтылығының кепілділігі
14. Келісім-шарт тұрақтылығының кепілділігі
Тармақ 27
27. Егер келісім-шарт жасалған соң қабылданған Қазақстан Республикасы заңдарындағы Келісім-шарттың бастапқы шартын сақтауға мүмкіншілік бермейтін, экономикалық жағдайды айқын қиындататын өзгерістер мен толықтырулар болған жағдайда, Бекітілген инвестор мен Агенттік өзара келісім бойынша Келісім-шартқа өзгерістер мен түзетулер енгізеді.
Тармақ 15. 15. Қолданылатын құқық
15. Қолданылатын құқық
Тармақ 28
28. Келісім-шарт негізінде жасалған басқа келісімдер мен шарттар үшін, егер Қазақстан Республикасы қатысы бар Халықаралық Келісім-шарттарда басқаша көрсетілмесе, Қазақстан Республикасы заңдары қолданылады.
Тармақ 16. 16. Келісім-шарттың күшіне ену және қолданылу мерзімі
16. Келісім-шарттың күшіне ену және қолданылу мерзімі
Тармақ 29
29. Келісім-шарттың күшіне ену мерзімі жеңілдіктердің қолдану мерзімімен белгіленген және инвестициялық жобаның қолдану мерзімімен тура келмеуі мүмкін.
Тармақ 30
30. Осы Келісім-шарт Агенттікте тіркеуден өткен мезгілден бастап күшіне енеді.
Тармақ 31
31. Келісім-шарт оған қол қойылғаннан кейін 15 күн ішінде тіркеуден өтеді, содан кейін Инвестор "Бекітілген инвестор" деген статус алады.
Тармақ 17. 17. Келісім-шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
17. Келісім-шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Тармақ 32
32. Осы келісім-шартта басқаша көрсетілмесе, Келісім-шарт жағдайы Келісім-шарттың бүкіл қолдану  мерзімі кезінде өзгеріссіз қалады.
Тармақ 33
33. Тараптар Келісім-шартқа келіссөздер мен  кеңестер кезінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар. Мұндай өзгерістер мен толықтырулар өзгерген және/немесе толықтырылған мәтініндегі Келісім-шарт Агенттікте тіркеуден өткен мезгілден бастап күшіне енеді, егер Тараптардың келісімі бойынша басқа одан да кеш мерзімі көрсетілмесе.
Тармақ 18. 18. Келісім-шарттың әрекетін тоқтату шарттары
18. Келісім-шарттың әрекетін тоқтату шарттары
Тармақ 34
34. Келісім-шарттың әрекеті________________жылдың__________айының соңғы жұлдызында, Келісім-шарттың 37-бабында көрсетілген жағдайлардан басқа, Келісім-шарттың күшіне енген күнінен бастап тоқтатылады.
Тармақ 35
35. Агентіктің келесі жағдайларда Келісім-шарттың әрекетін кідіртуге құқығы бар:
Тармақша 1
1) Бекітілген инвестордың Агенттікке берген кез келген мәліметтерінде ақпараттарды бұрмалауы немесе қомақты фактілерді жасыруы табылса;
Тармақша 2
2) Бекітілген инвестор Келісім-шартта көрсетілген шарттарда сақтамаса;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы заңдарын бұзса;
Тармақша 4
4) Инвестор, берілген салық жеңілдіктерін пайдалынып жұмыс бағдарламасында көзделмеген қызметті жүзеге асырса;
Тармақша 5
5) Шарт әрекеті кідіртілген жағдайда Агенттік Инвесторға бұндай кідіртудің себептері туралы жазбаша ескертеді және ол себептерді жоюдың қонымды мерзімін белгілейді.
Тармақ 36
36. Келісім-шарт мерзімінен бұрын мына жағдайларда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) Инвестор Келісім-шарт күшін кідірту туралы шешім қабылдауға мәжбүр еткен себептерді жоюдан бас тартса немесе бұл себептерді Агенттік белгілеп берген мерзімде жоймаса;
Тармақша 2
2) Инвестор өзінің Келісім-шарт бойынша құқықтарын, міндеттемелері мен міндеттерін ішінара беруді осы Келісім-шарттың 12-тарауын бұза отырып жүргізсе;
Тармақша 3
3) Инвестордың Агенттікке немесе басқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына келісілген инвестициялық жобаның жүзеге асуы туралы жалған ақпарат беруге ниеттенген фактісі анықталған болса;
Тармақша 4
4) Инвестор бұрын Келісім-шарт күшін кідіртуге апарып соққан әрекеттерді қайталаса;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Инвестор банкрот деп жарияланса;
Тармақша 6
6) Инвестор жұмыс бағдарламасы ауқымында инвестициялық қызметті 60 күннен артық мерзімге, еңсерілмейтін күш жағдаяттарына байланысты жағдайлардан басқа, тоқтатса (форс-мажор);
Тармақша 7
7) осы Келісім-шарт бойынша ақпараттың құпиялылығын сақтау туралы шарттар бұзылса;
Тармақша 8
8) өндірістік кешендерге деген жойылуы мүмкін емес немесе есепсіз шығын келтіретін, қазіргі заңдарда көрсетілген талаптарды бұзғанда.
Тармақ 37
37. Келісім-шарт өз күшін Келісім-шарттың 37-бабы бұзылған жағдайда, Инвестор Агенттіктен Келісім-шарт күшін мерзімнен бұрын жою туралы жазбаша хабар алғаннан кейін 30 күннен кейін тоқтатады.
Тармақ 38
38. Тараптар, Инвесторға Келісім-шарт күшін тоқтату туралы жазбаша ескерту беру сәтіне дейін атқарылмай қалған ағымдағы міндеттемелерін орындаудан босатылмайды.
Тармақ 39
39. Келісім-шарттың 37-бабы негізінде Келісім-шарт бұзылғанда, Бекітілген инвестор шыққан  шығындарды өтуге және салық пен басқа төленбей қалған Келісім-шарт бойынша жеңілдік алған төлемдердің бөлігін, Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілгендей, айып санкциясын қолданып төлейді.
Тармақ 19. 19. Жұмыс бағдарламасы
19. Жұмыс бағдарламасы
Тармақ 40
40. Инвестор, Агенттікпен  келісілген Жұмыс  бағдарламасы бойынша инвестициялық қызмет жүргізеді.
Тармақ 41
41. Инвестор, келісілген Жұмыс бағдарламасына өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жасай алады. Жұмыс бағдарламасына өзгертулер, толықтырулар және түзетулер жазбаша түрде, Тараптардың өзара келісімімен енгізіледі.
Тармақ 20. 20. Келісім-шарт тілі
20. Келісім-шарт тілі
Тармақ 42
42. Осы Келісім-шарттың мәтіні, оған тіркелген қосымшалар, қосымша тіркелген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде қазақстандық инвестор үшін жазылады, ал шетелдік инвестор үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде барлық даналары бірдей және бірдей заң күші бар, егер Келісім-шарттың шарты бойынша басқаша қаралмаса, осы тілдердегі бір нұсқа басқаларына қарағанда кейбір баптарының немесе Келісім-шарт бойынша бүтіндей артықшылығы болуы мүмкін.
Тармақ 43
43. Тараптар_____________ тілі қатынас тілі ретінде қолданылады деп келіседі. Келісім-шарт күшіне енген күннен бастап, инвестициялық жобаның жүзеге асуына қатысты техникалық құжаттар мен ақпараттар_______________ тілінде жасалынады.
Тармақ 44
44. Осы келісім-шарттың әкімшілік қызметке қатысты құжаттама мен ақпараттары қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Тармақ 21. 21. Қосымша ережелер
21. Қосымша ережелер
Тармақ 45
45. Осы Шартты жүзеге асыруға байланысты талап етілетін барлық жазбаша ескертпелер мен құжаттар Тараптардың әрқайсысына тиісті дәрежеде ұсынылған және  жеткізілген деп, оларды алу фактісі бойынша есептеленеді.
Тармақ 46
46. Жазбаша ескертпелер мен құжаттар қолға  тапсырылады немесе төмендегі мекен жайларға поштамен, тапсырысты авиапоштамен, факспен, телекс немесе телеграф арқылы жіберіледі: Агенттік: Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі агенттігі, Астана қ-сы, Бейбітшілік к-сі.10, телефон 391261, телефакс 391270. Агенттік төрағасы:_________________(аты, жөні, фамилиясы) Инвестор:_______________________(атауы, заңды мекен жайы) Инвестор басшысы: ______________ (аты, жөні, фамилиясы)
Тармақ 47
47. Осы келісім-шарттағы мекен жайлар өзгерген жағдайда Тараптардың әрқайсысы өзге Тарапты жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 48
48. Келісім-шарттың барлық қосымшалары оның құрамдас бөліктері ретінде қаралады. Қосымшалардың және Келісім-шарттың өзінің ережелерінің арасында қандай да болмасын айырмашылық болған жағдайда Келісім-шарт басым мәнге ие болады.
Тармақ 49
49. Осы Келісім-шарт 1999 жылғы ____________________ Қазақстан Республикасы, Астана қаласында, тараптардың өкілетті өкілі арасында жасалды. Агенттік:                                    Инвестор: Қолы__________________МО.                      Қолы___________МО. _______жылдың_________ N_____Келісім-шартқа
Басқа 115. (жобаның аты)_____________________ инвестициялық жобаның Жұмыс бағдарламасы
1 Қосымша (жобаның аты)_____________________ инвестициялық жобаның Жұмыс бағдарламасы -------------------------------------------------------------------- Жұмыстардың       Күнтізбелік жыл              Күнтізбелік жыл атауы                        Сомасы АҚШ долларымен --------------------------------------------------------------------                   1кв   2кв   3кв   4кв      1кв   2кв   3кв   4кв ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Агенттік:                                       Инвестор: Қолы __________ МО.                           Қолы________МО.