О профилактике правонарушений Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдарының және азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік бейімдеу - қоғамдағы мінез-құлықтың нормалары мен қағидаларын қабылдауға және сақтауға қабілетті жеке адамды қалыптастыруға бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын шаралар кешені;
Тармақша 2
2) әлеуметтік оңалту - құқыққа қарсы мінез-құлқы бар адамға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық, педагогтік көмек көрсетуге бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын шаралар кешені, сондай-ақ психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесі;
Тармақша 3
3) заңға мойынсынушылық мінез-құлық - адамның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мінез-құлық нормаларына сәйкес келетін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін бұзбайтын саналы мінез-құлқы;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылық профилактикасы - құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
Тармақша 5
5) құқық бұзушылық профилактикасының субъектілері - құқық бұзушылық профилактикасын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдары мен азаматтары;
Тармақша 6
6) құқықтық тәрбие - азаматтардың заңға мойынсынушылық мінез-құлқын, құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасының осы Заңынан және өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Бап 3. 3-бап. Осы Заңның мақсаты мен міндеттері
3-бап. Осы Заңның мақсаты мен міндеттері
Тармақ 1
1. Осы Заңның мақсаты құқық бұзушылық профилактикасы саласында бірыңғай мемлекеттік саясат белгілеу болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның міндеттері:
Тармақша 1
1) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылық деңгейін төмендету;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін жетілдіру, сондай-ақ оларға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою;
Тармақша 4
4) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарды әлеуметтік бейімдеу және әлеуметтік оңалту;
Тармақша 5
5) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру;
Тармақша 6
6) азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру;
Тармақша 7
7) азаматтар мен ұйымдардың құқық бұзушылық профилактикасына қатысуларын қамтамасыз ету болып табылады.
Бап 4. 4-бап. Құқық бұзушылық профилактикасының принциптері
4-бап. Құқық бұзушылық профилактикасының принциптері Құқық бұзушылық профилактикасы:
Тармақша 1
1) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және сақтау;
Тармақша 2
2) заңдылық;
Тармақша 3
3) жариялылық;
Тармақша 4
4) құқықтар мен міндеттердің бірлігі;
Тармақша 5
5) ізгілік;
Тармақша 6
6) ғылыми негізділік;
Тармақша 7
7) жеке өмірге қол сұғылмаушылық;
Тармақша 8
8) құқық бұзушылық профилактикасында алдын алу шараларының жазалау шараларынан басымдығы;
Тармақша 9
9) кешенділік пен жүйелілік принциптеріне негізделеді.
Тарау 2. 2-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
2-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
Бап 5. 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы құзыреті
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі республикалық ведомствоаралық комиссияны құрады және таратады;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимылын және олардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) құқық бұзушылық санының өсуіне әкеп соғатын дағдарыстық демографиялық процестерге жол бермеу, жұмыссыздықтың күрт өсуін және халықтың өмір сүру деңгейінің құлдырауын тежеу жөнінде уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) өзiне Конституциямен, заңдармен және Президент актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Бап 6. 6-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті
6-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті
Тармақ 1
1. Жергілікті өкілді органдар:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) әкімнің ұсынуы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жергілікті ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамын бекітеді;
Тармақша 3
3) жергілікті бюджеттерді құқық бұзушылық профилактикасына арналған шығыстар бөлігінде бекітеді және олардың орындалуын бақылайды;
Тармақша 4
4) азаматтар мен ұйымдардың осы Заңның нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Жергілікті атқарушы органдар:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимылын жергілікті деңгейде қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылықтар профилактикасына қатысатын азаматтардың және ұйымдардың есебін жүргізеді, азаматтарды және ұйымдарды қоғамдық тәртіпті сақтауға тарту жөнінде шаралар қолданады, оларды көтермелеудің түрлері мен тәртібін айқындайды;
Тармақша 4
4) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі;
Тармақша 4-1
4-1) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі сотталғандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі;
Тармақша 4-2
4-2) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінде заңға мойынсынушылық мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді ендіреді және іске асырады, сондай-ақ бағдарламалар мен әдістемелерді іске асырудың, сондай-ақ зерттеу қорытындыларының сапасын қамтамасыз ете отырып, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құқықтық сауаттылығы мен қорғалу деңгейіне зерттеулер жүргізеді;
Тармақша 4-3
4-3) мемлекеттік органдармен бірлесіп, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі іс-шараларды өткізеді;
Тармақша 5
5) тиісті жергілікті өкілді органдарға құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамын бекіту үшін ұсынады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) құқық бұзушылық профилактикасы жүйесінің ұйымдарын құруды және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтердің ұсынылуын ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 9
9) азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 7. 7-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
7-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті Ішкі істер органдары:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 1-1
1-1) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 2
2) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3
3) азаматтарға құқықтық тәрбие беруге қатысады, құқық тәртібінің жай-күйі және ішкі істер органдарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің тиімділігін арттыруы бойынша шаралар туралы қоғамдық пікірді зерделейді;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) профилактикалық есепке алуды жүргізеді және профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) қоғамдық тәртіпті қорғауға және құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 7
7) күзет қызметі субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) өздеріне белгілі болған, өзге де құқық қорғау органдарының құзыретіне жататын дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық фактілері туралы осы органдарға хабарлайды;
Тармақша 9
9) қылмыстық қудалауды, пробациялық бақылауды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша арнаулы оқу курстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 11-1
11-1) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын және пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 11-2
11-2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес сотталғандарға тәрбиелік ықпал етуді жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 8. 8-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
8-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) сыбайлас жемқорлықтың қауіп-қатері туралы халықтың хабардарлығын арттырады;
Тармақша 2
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 9. 9-бап. Әділет органдарының құзыреті
9-бап. Әділет органдарының құзыреті Әділет органдары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардың құқықтық насихат жөніндегі қызметін үйлестіреді;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін нормалар қабылдануының алдын алу мақсатында нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заңдық сараптама жүргізеді;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 6
6) өздеріне белгілі болған, құқық қорғау органдарының құзыретіне жататын дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық фактілері туралы осы органдарға хабарлайды;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 9-1. 9-1-бап. Әскери полиция органдарының құзыреті
9-1-бап. Әскери полиция органдарының құзыреті Әскери полиция органдары:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) әскери қызметшілерге құқықтық тәрбие беруге қатысады;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылықтар профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) профилактикалық есепке алуды жүргізеді және профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) әскери бөлімдердің (мекемелердің) қолбасшылығымен, азаматтармен және ұйымдармен құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 6
6) өзге де құқық қорғау органдарына өздеріне белгілі болған, сол органдардың құзыретіне жататын дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлайды;
Тармақша 7
7) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қылмыстық қудалауды, іс жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 9-2. 9-2-бап. Əскери басқару органдарының құзыреті
9-2-бап. Əскери басқару органдарының құзыреті Əскери басқару органдары:
Тармақша 1
1) əскерлерде тəрбие, əлеуметтік-құқықтық жəне насихат жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылық профилактикасы мəселелері бойынша азаматтармен жəне ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды, оларды көтермелеу түрлері мен тəртібін айқындайды;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша əскери басқару органдарында ведомствоаралық комиссияларды құрады;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін жəне əскери тəртіпті нығайту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 5-1
5-1) әскери қызметшілерге қатысты құқық бұзушылық профилактикасының жалпы шараларын қабылдайды;
Тармақша 5-2
5-2) профилактикалық әңгімелесу түріндегі құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шарасын жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) əскери полиция органдарына өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылықтар фактілері туралы хабарлайды;
Тармақша 7
7) құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шараларды қолданады;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 10. 10-бап. Прокуратура органдарының құзыреті
10-бап. Прокуратура органдарының құзыреті Прокуратура органдары:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) қылмысқа қарсы күресте құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады және арнаулы есепке алуды жүргізеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 11. 11-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
11-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне құқықтық тәрбие беру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 2
2) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінде заңға мойынсынушылық мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ оларды іске асыру мониторингін және білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құқықтық сауаттылығы мен қорғалу деңгейіне зерттеулер жүргізу мониторингін жүзеге асырады;»;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 12. 12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) психикаға белсенді әсер ететін заттарды жүйелі түрде медициналық емес мақсатта тұтынуды ерте анықтау және олардың профилактикасы әдістемелерін әзірлейді;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 13. 13-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының құзыреті
13-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының құзыреті Денсаулық сақтау ұйымдары:
Тармақша 1
1) салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізеді;
Тармақша 2
2) наркологиялық, психологиялық, психиатриялық, емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді және оны қажет ететін адамдарға медициналық оңалтуды жүргізеді;
Тармақша 3
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды анықтауды, есепке алуды және байқауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 5
5) құқық бұзушылықтан зардап шеккен адамдардың жәрдем сұрауы және оларға медициналық көмек көрсету фактілері туралы ішкі істер органдарына хабарлайды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 14. 14-бап. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
14-бап. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге және кедейлікті азайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 3
3) халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді нысандарын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 15. 15-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның құзыреті
15-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның құзыреті Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды дене шынықтыру және спорт сабақтарына тартуға жәрдемдеседі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 16. 16-бап. Масс-медиа саласындағы уәкілетті органның құзыреті
16-бап. Масс-медиа саласындағы уәкілетті органның құзыреті Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық насихат жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдарында құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін жазып-көрсетуге ықпал етеді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 17. 17-бап. Азаматтар мен ұйымдардың құқық бұзушылық профилактикасына қатысуы
17-бап. Азаматтар мен ұйымдардың құқық бұзушылық профилактикасына қатысуы
Тармақ 1
1. Азаматтар мен ұйымдардың құқық бұзушылық профилактикасына қатысуы Қазақстан Республикасының осы Заңына және өзге де заңдарына сәйкес құқық бұзушылық профилактикасының басқа субъектілеріне ерікті түрде жәрдем көрсету жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысушы азаматтар мен ұйымдар өздерінің қызметін заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау принциптері негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысушы азаматтар мен ұйымдар өздерінің қызметін:
Тармақша 1
1) құқықтық насихатты ұйымдастыруға қатысу;
Тармақша 2
2) консультативтік-кеңесші және сараптама органдарының жұмысына қатысу;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық профилактикасының басқа субъектілеріне жәрдемдесу арқылы жүзеге асырады.
Бап 18. 18-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру
18-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру құқық бұзушылықтың уақтылы алдын алу, анықтау және жолын кесу, оларды жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі келісілген іс-әрекеттерді әзірлеу және оларды өздері жүзеге асыру арқылы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіруді құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар жүзеге асырады. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жанынан құрылады.
Тармақ 3
3. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Ведомствоаралық комиссиялар қызметінің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері қызметінің тиімділігін бағалау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы құжаттарының іске асырылу барысын қарау;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарауына құқық бұзушылық профилактикасы шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 6
6) адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнінде шаралар қолдану;
Тармақша 7
7) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды дайындау және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне, тиісті жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жіберу;
Тармақша 8
8) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері басшыларының және лауазымды адамдарының жүргізген жұмыстары туралы есептерін тыңдау және олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 9
9) мемлекеттік органдарға және ұйымдарға лауазымды адамдарды құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде шаралар қолданбағаны үшін тәртіптік және өзге де жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.
Тармақ 4
4. Ведомствоаралық комиссиялардың құрамы, өкілеттіктері және қызмет тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары бекітетін ережелермен айқындалады.
Бап 19. 19-бап. Үйлестіру қызметінің нысандары
19-бап. Үйлестіру қызметінің нысандары
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіруді құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар мынадай негізгі:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу;
Тармақша 2
2) ақпаратпен алмасу;
Тармақша 3
3) оң тәжірибені зерделеу және тарату;
Тармақша 4
4) бірлескен жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу;
Тармақша 5
5) отырыстар мен кеңестер өткізу;
Тармақша 6
6) бюллетеньдер (жинақтар) және басқа да ақпараттық басылымдар шығару нысандарында жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері өздеріне белгілі болған, мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын, дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық фактілері туралы осы органдарға дереу хабарлауға міндетті.
Тарау 3. 3-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫНЫҢ ШАРАЛАРЫ
3-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫНЫҢ ШАРАЛАРЫ
Бап 20. 20-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы шараларының жүйесі
20-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы шараларының жүйесі Құқық бұзушылық профилактикасы жалпы, арнаулы және жеке шаралар арқылы жүзеге асырылады.
Бап 21. 21-бап. Құқық бұзушылық профилактикасының жалпы шаралары
21-бап. Құқық бұзушылық профилактикасының жалпы шаралары Құқық бұзушылық профилактикасының жалпы шаралары:
Тармақша 1
1) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарын қорғау жөніндегі шараларды;
Тармақша 2
2) экономиканы, әлеуметтік саланы, құқық қорғау қызметін басқарудағы қателіктер мен кемшіліктерді жоюға, сондай-ақ құқық бұзушылық профилактикасын нормативтік, ақпараттық, әдістемелік және ресурстық қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шараларын;
Тармақша 3
3) азаматтардың жалпы, тұрмыстық және құқықтық мәдениетін арттыратын, жалпы адамзаттық құндылықтарға, заңға мойынсынушылық мінез-құлыққа, құқыққа қарсы мінез-құлыққа төзбеушілікке бағдарланған адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру арқылы криминогендік факторларды жоятын немесе шектейтін идеологиялық шараларды;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылық жасауға тосқауыл болатын ғылым мен техника жетістіктерін қолдану арқылы іске асырылады. Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерін орындау үшін, медициналық мақсаттарда, азаматтық қорғау үшін, ауа райы жағдайларында, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға тікелей қатысатын адамдарға қажет болатын жағдайларды қоспағанда, қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киіп жүруге тыйым салынады.
Бап 22. 22-бап. Құқық бұзушылық профилактикасының арнаулы шаралары
22-бап. Құқық бұзушылық профилактикасының арнаулы шаралары
Бап 23. 23-бап. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары
23-бап. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары адам не адамдардың шектеулі тобы тарапынан құқық бұзушылық жасаудың алдын алу, сондай-ақ оны жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою мақсатында олардың құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін қолданылады.
Тармақ 2
2. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары:
Тармақша 1
1) профилактикалық әңгімелесу;
Тармақша 2
2) қорғау нұсқамасы;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс;
Тармақша 4
4) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;
Тармақша 5
5) құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу;
Тармақша 6
6) профилактикалық есепке алу және бақылау;
Тармақша 7
7) әкімшілік жаза қолдану;
Тармақша 8
8) ата-ана құқықтарынан айыру не оларды шектеу, бала (ұл, қыз) асырап алудың күшін жою, қамқоршыларды және қорғаншыларды өздерінің міндеттерін орындаудан босату және шеттету, баланы патронаттық тәрбиешінің тәрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу;
Тармақша 9
9) сот үкімі бойынша қабылданатын шаралар;
Тармақша 10
10) әкімшілік қадағалау орнату;
Тармақша 11
11) жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу болып табылады.
Тармақ 3
3. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары оған қатысты қолданылатын адамның жеке ерекшеліктері, оның жасаған құқық бұзушылығының қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейі ескеріле отырып айқындалады.
Тармақ 4
4. Мүдделі адамдар құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
Тармақ 5
5. Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
Тармақ 6
6. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға қатысты құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
Тармақ 7
7. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану Қазақстан Республикасының осы Заңына және өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын есепке алу орталық атқарушы органдар айқындаған тәртіппен олардың құзыреті шегінде жүзеге асырылады.
Бап 23-1. 23-1-бап. Əскери қызметшілерге қатысты қолданылатын құқық бұзушылық профилактикасы шаралары
23-1-бап. Əскери қызметшілерге қатысты қолданылатын құқық бұзушылық профилактикасы шаралары
Бап 24. 24-бап. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдануға негіздер
24-бап. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдануға негіздер
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдануға мына мән-жайлардың бірі:
Тармақша 1
1) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе өтініштерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылық жасау не жасауға әрекет ету фактісін уәкілетті лауазымды адамның тікелей анықтауы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардан және жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан түскен материалдар негіз болып табылады.
Тармақ 2
2. Құқық бұзушылық жасау туралы немесе оны жасау қатері туралы өтініштер мен хабарламаларды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
Бап 25. 25-бап. Профилактикалық әңгімелесу
25-бап. Профилактикалық әңгімелесу
Тармақ 1
1. Профилактикалық әңгімелесудің негізгі міндеттері құқыққа қарсы мінез-құлықтың себептері мен жағдайларын анықтау, құқық бұзушылықтың әлеуметтік және құқықтық салдарларын түсіндіру және заңға мойынсынушылық мінез-құлықтың қажеттігіне сендіру болып табылады.
Тармақ 2
2. Профилактикалық әңгімелесуді құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану құзыретіне жататын құқық бұзушылық субъектісі құқық бұзушылық жасаған немесе оған қатысты құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдануға негіз бар адаммен өткізеді.
Тармақ 3
3. Профилактикалық әңгімелесу құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ тұратын жері, оқу, жұмыс орны бойынша не тікелей құқық бұзушылық анықталған жерде өткізіледі және оның ұзақтығы бір сағаттан аспауға тиіс.
Тармақ 4
4. Профилактикалық әңгімелесу өткізілетін адамға құқыққа қарсы іс-әрекеттерді тоқтату қажеттілігі туралы ескертіледі.
Тармақ 5
5. Кәмелетке толмаған адаммен профилактикалық әңгімелесу оның ата-анасының, педагогтарының немесе басқа да заңды өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.
Бап 26. 26-бап. Құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс
26-бап. Құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар анықталған жағдайда мемлекеттік органдар тиісті ұйымның басшысына немесе лауазымды адамына оларды жою туралы ұсыныс жібереді.
Тармақ 2
2. Тиісті ұйымның басшысы немесе лауазымды адамы ұсынысты алған күннен бастап бір ай мерзім ішінде мемлекеттік органға ұсынысты қарау нәтижелері және қолданылған шаралар туралы жазбаша түрде ақпарат беруге міндетті.
Бап 27. 27-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу
27-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу
Тармақ 1
1. Сот құқық бұзушының мінез-құлқына оның жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында ерекше талаптар белгілеуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасы болып табылады және ол әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға әкімшілік жаза қолданылумен қатар және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босатқан кезде оның орнына да қолданылады.
Тармақ 3
3. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның белгілі бір құқықтарын шектеуге және оған белгілі бір міндеттер жүктеуге әкеп соғады.
Тармақ 4
4. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу тәртібі, оның қолданылу мерзімі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен айқындалады.
Тармақ 5
5. Мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамды ішкі істер органдары профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылауды жүзеге асырады.
Бап 28. 28-бап. Профилактикалық есепке алу және бақылау
28-бап. Профилактикалық есепке алу және бақылау
Тармақ 1
1. Профилактикалық есепке, оған қатысты:
Тармақша 1
1) қорғау нұсқамасы шығарылған;
Тармақша 2
2) оның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген;
Тармақша 3
3) бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылданған;
Тармақша 4
4) әкімшілік қадағалау белгіленген;
Тармақша 5
5) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза немесе қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шаралары қолданылған;
Тармақша 6
6) ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтегеннен кейін бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы шешім қабылданған немесе қасақана қылмыстары үшін екі және одан да көп рет бас бостандығынан айыруға сотталған;
Тармақша 7
7) соттың қылмыстық жаза тағайындап және жазаны өтеуге кедергі келтіретін ауыр науқасына байланысты жазаны өтеуден босата отырып, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға кінәлі деп тану туралы айыптау үкімі шығарылған;
Тармақша 8
8) ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған сотталғандарды ауыр науқасына байланысты бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы сот шешімі қабылданған адам қойылады. Адамдарды профилактикалық есепке қою үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де негіздер көзделуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Профилактикалық есепке алуды ішкі істер органдары жүргізеді.
Тармақ 3
3. Профилактикалық бақылау профилактикалық есепте тұратын адамның белгіленген шектеулерді сақтауын және жүктелген міндеттерді орындауын жүйелі түрде байқау болып табылады. Бұл адамдардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ оларға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
Тармақ 4
4. Мүдделі адамдар профилактикалық есепке қоюға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
Тармақ 5
5. Ішкі істер органдары адамға қорғау нұсқамасы шығарылған күні не соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде профилактикалық есепке қойылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
Тармақ 6
6. Профилактикалық бақылау профилактикалық есепке алу қолданылатын мерзім ішінде жүзеге асырылады. Белгіленген шектеулердің қолданылу және жүктелген міндеттердің орындалу мерзімі біткеннен кейін адам профилактикалық есептен шығарылып, оған бұл туралы үш тәулік ішінде жазбаша нысанда хабарланады.
Тармақ 7
7. Профилактикалық есептегі қамтылған мәліметтер құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі міндеттерді шешу шеңберінде ғана пайдаланылуы мүмкін.
Тармақ 8
8. Профилактикалық есепке алуды жүргізу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 29. 29-бап. Жүріп-тұру еркіндігін алдын-ала шектеу
29-бап. Жүріп-тұру еркіндігін алдын-ала шектеу
Тармақ 1
1. Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу: белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басты куәландыратын құжаттары жоқ адамдардың әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған кезде және мұндай адамдардың жеке басын өзге де тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде оларға; заңды күшіне енген сот үкімінің, шешімінің, қаулысының негізінде мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын, сол сияқты шығарып жіберу туралы сот актісінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты жеке профилактика шарасы болып табылады.
Тармақ 2
2. Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді ішкі істер органдары соттың санкциясымен қолданады және ол осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде отыз тәулікке дейінгі мерзімге уақытша оқшаулауды білдіреді.
Тармақ 3
3. Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді қолданудың тәртібі мен шарттары, сондай-ақ ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінен босатудың негіздері Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
Тарау 4. 4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 30. 30-бап. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
30-бап. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 31. 31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.