Об утверждении дополнений в Инструкцию о порядке представления кредитными товариществами в Национальный Банк Республики Казахстан ежемесячного баланса и дополнительных данных для расчета пруденциальных нормативов и других обязательных к соблюдению норм и лимитов Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулыққа толықтыруларды бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқарамасының 23.12.2002 № 508 қаулысымен. Кредиттік серіктестіктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 17 шілдедегі N 217 қаулысымен бекітілген Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулыққа толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Банктерді қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.К.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулыққа толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап екі апта мерзімде осы қаулыны және Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулыққа толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және кредиттік серіктестіктерге жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жұктелсін.
Басқа 6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 17 шілдедегі N 217 қаулысымен бекітілген Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулыққа толықтырулар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 436 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 17 шілдедегі N 217 қаулысымен бекітілген Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулыққа толықтырулар 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 17 шілдедегі N 217 қаулысымен бекітілген Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулыққа қосымшаның кестесі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: -------------------------------------------------------------------- 8   005   Талап ету сомаларына қатысты 2229  есепшотына есептелетін ақша сомасы -------------------------------------------------------------------- 8   006   Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты 2552  есепшоты -------------------------------------------------------------------- 8   007   Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты 2851  есепшоты -------------------------------------------------------------------- 8   008   Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты 2852  есепшоты -------------------------------------------------------------------- 8   009   Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты 2854  есепшоты -------------------------------------------------------------------- 8   010   Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты 2855  есепшоты -------------------------------------------------------------------- 8   011   Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты 2856  есепшоты -------------------------------------------------------------------- 8   012   Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты 2860  есепшоты -------------------------------------------------------------------- 8   013   Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты 2870  есепшоты --------------------------------------------------------------------