О некоторых вопросах ввоза сахара-сырца на территорию Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағына шикі қант әкелудің кейбір мәселелері туралы «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімін және «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін тауар шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баж төлемей әкелу жүзеге асырылатын құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантының (бұдан әрі - шикі қант) (КО СЭҚ ТН коды 1701 11) 2011 жылға арналған көлемі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі шикі қант жеткізушілердің тізбесі осы қаулыға қосымшада көрсетілген қант шығаратын кәсіпорындармен арасындағы әкелінетін шикі қанттың нысаналы мақсаты туралы келісімшарт негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша бекітілген көлем шегінде 2009 жылғы 9 маусымдағы Сыртқы сауда саласындағы тауарларды лицензиялау ережесі туралы келісімде бекітілген нысан бойынша рұқсаттар беруді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде әкелінетін шикі қант импортын кедендік декларациялау мен одан кедендік баж алуды:
Тармақша 1
1) кедендік әкелу бажының нөлдік ставкалары бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі беретін рұқсаттар негізінде;
Тармақша 2
2) Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінде көрсетілген кедендік әкелу бажының ставкалары бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі беретін рұқсатсыз жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 8. Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баж төлемей әкелу жүзеге асырылатын құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантының (КО СЭҚ ТН коды 1701 11) 2011 жылға арналған көлемі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 34 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баж төлемей әкелу жүзеге асырылатын құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантының (КО СЭҚ ТН коды 1701 11) 2011 жылға арналған көлемі СЭҚ ТН ко­ды Ата­уы Кө­ле­мі (тон­на) 1701 11 Құ­ра­мын­да дәм бе­ріп, иіс шы­ға­ра­тын неме­се бо­я­ғыш қо­с­па­ла­ры жоқ ши­кі құ­рақ қан­ты, тон­на 414 762,1
Басқа 9. Қант шығаратын кәсіпорындар тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 34 қаулысына қосымша Қант шығаратын кәсіпорындар тізбесі Р/с № Қант шы­ға­ра­тын кә­сі­по­рын­дар­дың ата­уы 1 "Ал­ма­ты Қан­ты" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 2 "Қант" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 3 "Ал­ма­ты Ше­ке­рі" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 4 "Мер­кі қант за­уы­ты" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 5 "Көк­су-Ше­кер" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 6 "АЛА­КӨЛ ШЕ­КЕР" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 7 "INVESTMENT MANAGEMENT Ltd" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 8 "Ор­та­лық Ази­яда­ғы Қант Кор­по­ра­ци­яcы" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі