Қызылжарма ауылдық округіндегі көшелерге атаулар беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылжарма ауылдық округіндегі көшелерге атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы және Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылымы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарына және 2010 жылғы 11 наурыздағы қала әкімі жанындағы ономастикалық комиссия отырысының N 2/1 ұйғарымына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 1) Рахмет Батырбаев және Өмірзақ Махамбетов атындағы тұйықтары болып араласып жатқан 2 көшелері өзгертіліп - соғыс ардагері Сыздықов Досқали атауы берілсін.
Тармақша 2
2) Төлеген Бисенбаев көшесіне параллель орналасқан атауы жоқ көшеге - еңбек ардагері Қабақ Есахаев атауы берілсін.
Тармақша 3
3) Бұрынғы Әлімбай Әбенов атындағы тұйыққа - ұстаз, кеңсе қызметкері болған Әкімбай Мәтімбайүлы Әубәкіров көшесі атауы берілсін.
Тармақша 4
4) Айша Меңлібаева атындағы көшесіне параллель орналасқан атауы жоқ көшеге - Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіхалық Сайлыбаев атауы берілсін.
Тармақша 5
5) атауы жоқ N 1 - көшеге - Смағұл Садақбаев атауы берілсін.
Тармақша 6
6) атауы жоқ N 2 - көшеге - соғыс ардагері Бекмағанбет Тасмағанбетұлы Әбдірайымов атауы берілсін.
Тармақша 7
7) атауы жоқ N 3 - көшеге - Тұяқбаев Әбу Бекмағанбетұлы атауы берілсін.
Тармақша 8
8) атауы жоқ N 4 - көшеге - Сәттібай Нұргелдиев атауы берілсін.
Тармақша 9
9) N 608 кварталға - Дауылбай Наурызбаев көшесі атауы берілсін.
Тармақша 10
10) N 609 кварталға - Әбдікәрім Әбенұлы Досхожин көшесі атауы берілсін.
Тармақша 11
11) N 610 кварталға - Жақсылық Зиманов көшесі атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау, ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Смайлова Сәрсенкүлге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.