Об утверждении изменений и дополнений в Правила о пруденциальных нормативах и иных обязательных к соблюдению нормах и лимитах для кредитных товариществ Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кредиттік серіктестіктеріне арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға міндетті басқа нормалар мен лимиттер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы 04.07.2003 N 223 қаулысымен.
Кредиттiк серiктестiктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы N 256 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктерiне арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттер туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Банктердi қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.Қ.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және кредиттiк серiктестiктерге арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттер туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және кредиттiк серiктестiктерге арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттер туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына және кредиттiк серiктестiктерге жiберсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Басқа 6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы N 256 қаулысымен бекiтiлген Кредиттi серiктестiкке арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттер туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 25 желтоқсандағы
N 435 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы N 256 қаулысымен бекiтiлген Кредиттi серiктестiкке арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттер туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. 4-тармақ "ай сайын" сөздерден кейiн "есеп берiлiп отырған айдан кейiнгi айдың бесiнен кешiктiрмей" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. 8-тармақтың:
- 1) тармақшасындағы "плюс 3205 есепшоты "деген сөздерден кейiн "(минус 3002, 3003, 3026, 3027);" деген сөздермен толықтырылсын;
- 3) тармақшасындағы "3599" саны алынып тасталсын;
- 4) тармақшасы "(3599 есепшоты);" деген сөздермен толықтырылсын;
- 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қайта бағалау бойынша резервтер (3540, 3561, 3581, 3585
есепшоттары);",
- 7) тармақшасындағы "3599" саны "3580" санымен ауыстырылсын;
- 8) тармақша "(3599 есепшоты);" деген сөздермен толықтырылсын;
- 9) тармақша алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. 9-тармақтың соңғы азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кредиттiк серiктестiктiң таза активтерi (ТА) есептелген сыйақыларды (мүдделердi) (1705 және 1715 есепшоттарын алып тастағанда 1700 тобының есепшоттары) және төлемдер бойынша есеп айырысу сомаларын шегерiп тастағандағы баланстық есепке сәйкес кредиттiк серiктестiктiң барлық активтерiнiң сомасы ретiнде есептеледi".
Тармақ 4
4. 14-тармақтың үшінші, төртінші азат жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
"мұндағы: ӨА - өтімділік активтері: (1001, 1002, 1003, 1050, 1051, 1151, 1152, 1153, 1154, 1155 есепшоттары);
М - талап ету міндеттемелері (2203, 2211 есепшоттары), сондай-ақ 2229, 2552, 2870 есепшоттары, талап ету сомасына қатысты 2850 есепшоттары тобы."