Об утверждении изменений и дополнений в Положение о расчетно-кассовых отделах банков второго уровня вне места нахождения банка Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екiншi деңгейдегi банктердің банктің тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 12.07.2004 № 197 қаулысымен. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң актiлерiне сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң банктің тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы" ереже жөнiнде" 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiң тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Банктердi қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.К.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiң тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердің банктің тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Басқа 6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiң тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстаң Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 444 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiң тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. Ереженiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Екiншi деңгейдегi банктердің есеп айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) құру, жұмыс iстеу және жабу тәртiбi туралы ереже".
Тармақ 2
2. Ереженің кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын: "Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінің есеп айрысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) құру, жұмыс iстеу және жабу тәртiбiн анықтайды".
Тармақ 3
3. "Осы Ереже" сөздерi қазақша мәтiн бойынша өзгермейдi.
Тармақ 4
4. 1-бөлiм мынадай редакцияда жазылсын: "1-тарау. Жалпы ережелер".
Тармақ 5
5. 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Банктің есеп айырысу-касса бөлiмi (жинақ кассасы) (бұдан әрi - есеп айырысу-касса бөлiмi) - Ұлттық Банктiң келiсiмi негiзiнде құрылған, заңды тұлға болып табылмайтын, не осы Ережеге сәйкес және банк берген сенiмхат негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын филиал не өкiлдiк мәртебесi жоқ екiншi деңгейдегi банктің ерекшеленген аумақтық бөлiмшесi (бұдан әрi - банк)".
Тармақ 6
6. 3-тармақтың 2 азатжолындағы "Әдiлет органдары" деген сөздер "Әдiлет министрлiгінiң органдары" деп жазылсын.
Тармақ 7
7. 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Есеп айырысу-кассалық бөлiм банктiң өзi орналасқан немесе оның филиалы бар жердегi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк (облыс) шегiнде ғана құрылады".
Тармақ 8
8. II бөлiмнің атауы мынадай редакцияда жазылсын: "2-тарау. Есеп айырысу-касса бөлiмдерi орындайтын банк операцияларының негiзгi түрлерi және олардың жұмысын ұйымдастыру тәртiбi".
Тармақ 9
9. 6-тармақтың:
Тармақша 1
1) 2-азатжолындағы "қабылдауға," деген сөзден кейiн "беруге," деген сөзбен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын: "Есеп айырысу-касса бөлiмi аударым операциялары шеңберiнде заңды және жеке тұлғалардаң ақша қабылдап алып, бұдан кейiн оны осы тұлғалардың банктiк есепшотына есептеу үшiн банкке не оның филиалына аударуға құқылы". Есеп айырысу-касса бөлiмi қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзген кезде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының валюталық заңдарының талаптары ескерiле отырып, банктің есеп айырысу-касса бөлiмi Ұлттық Банктiң филиалында айырбастау пунктi ретiнде тiркелуi керек".
Тармақ 10
10. 8-тармақтағы "ашуға" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банктiк есепшоттарын ашуға және жүргiзуге" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 11
11. III бөлiмнің атауы мынадай редакцияда жазылсын: "3-тарау. "Есеп-айырысу-касса бөлiмiн ашу және жабу тәртiбi".
Тармақ 12
12. 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Банк есеп-айырысу-кассалық бөлiмнің қаржы жағдайы тұрақты болса, есеп-айырысу-касса бөлiмiн ашу туралы өтiнiш берiлген күнге дейiн үш ай бойы пруденциалдық нормативтердi және сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi, сондай-ақ банктiң жарғылық және меншiктi капиталдарының ең аз мөлшерiне қатысты Ұлттық Банк белгiлеген талаптарды сақтаса, Ұлттық Банкке есеп айырысу-касса бөлiмiн ашуға келiсiм беру туралы өтiнiш беруге құқылы".
Тармақ 13
13. 11-тармақтың:
Тармақша 1
1) 2-азатжолындағы "банк басқармасы" деген сөздер "банктің Директорлар кеңесi" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 4-азатжолындағы "облыстық басқармасының" деген сөздер "аумақтық филиалының" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) 11-тармақтың 5-азатжолы алынып тасталсын.
Тармақ 14
14. IV бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: "4-тарау. Есеп айырысу-кассалық бөлiмдi тiркеудi ресiмдеу және олардың ашылуына берiлген келiсiмдi есепке алу".
Тармақ 15
15. V бөлiм мынадай редакцияда жазылсын: "5-тарау. Қорытынды ережелер".