О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления акимата Акмолинской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігінің «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы» 2007 жылғы 23 қаңтардағы № А-2/22 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3217 тіркелген, 2007 жылғы 20 наурызда «Арқа Ажары» газетінде және 2007 жылғы 10 сәуірде «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: кіріспеде «жергілікті мемлекеттік басқару» сөздерінен кейін «және өзін-өзі басқару» сөздермен толықтырылсын; 1-тармағында «Щучье» сөзі «Бурабай» сөзімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Ақмола облысы әкімдігінің «Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдері, Нұра өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» 2008 жылғы 21 ақпандағы № А-2/54 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3241 тіркелген, 2008 жылғы 4 наурызда «Арқа Ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін: кіріспеде «жергілікті мемлекеттік басқару» сөздерінен кейін «және өзін-өзі басқару» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.