Об утверждении изменений и дополнений в Правила ведения кредитного регистра Күшін жойған
Басқа 0
Кредиттiк тiзiлiм жүргiзу ережелерiне өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 27.11.2004 № 333 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң заем операцияларын жүргiзуге берген лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар беретiн ақпарат көлемiн нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 331 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк тiзiлiм жүргiзу ережелерiне өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Банктердi қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.К.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Кредиттiк тiзiлiм жүргiзу ережелерiне өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Кредиттiк тiзiлiм жүргiзу ережелерiне өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына, заем операцияларын жүргiзуге берген лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсiн.
Басқа 6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 331 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк тiзiлiм жүргiзу ережелерiне өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 25 желтоқсандағы
N 443 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 331 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк тiзiлiм жүргiзу ережелерiне өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Банктер мен банктiк емес ұйымдар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне және банктiк емес ұйымдарға кредиттер мен шартты және ықтимал мiндеттемелер жөнiндегi ақпаратты толық көлемде берiп отырады.
Жеке тұлғалар бойынша кредиттер мен шартты және ықтимал мiндеттемелер жөнiндегi ақпаратты:
- егер бiр заемшының жиынтық борышының көлемi 1 (бiр) миллион немесе одан да көп болса, банктер;
- заңда белгiленген және шартта (кепiл билетiнде) анықталған мерзiмде өтелмеген кредиттер және бiр заемшының жиынтық борышының көлемi 50 (елу) мың теңге және одан да артық болатын, бiр күнтiзбелiк айдан астам уақытқа берiлген шартты және ықтимал мiндеттемелер бойынша, банктiк емес ұйымдар бередi.".
Тармақ 2
2. NN 1-6, 13, 14 қосымшалардың атауындағы "заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлерге" деген сөздер "заңды тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын.