Об установлении и изменении границ некоторых населенных пунктов Кировского сельского округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Киров ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің шекараларын белгілеп және өзгерту туралы Қазақстан Республикасындағы Жер кодексінің 108 бабын 5 тармағын, «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылыcы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағы 4) тармақшасын, 31 бабы 1 тармағы 10) тармақшасын басшылыққа алып, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 226 Разъезд ауылдық елді мекенінің шекарасы (шегі) 2 телімнен тұратын, жалпы ауданы 31,94 гектар белгіленсін: ауданы 17,24 гектар № 1 телімі солтүстік-шығысқа қарай «Труженник» ЖШС (кадастрлық № 05-068-068-124), Қазақстан Республикасының азаматтары И. Д. Кусатовтың (кадастрлық № 05-068-068-025), Г.К. Кудрявцевтің (кадастрлық № 05-068-068-070), И. Д. Кусатовтың (кадастрлық № 05-068-068-074) жер телімдерімен және жол жанындағы орман жолағымен араласып өтеді. Әрі қарай шекара бұрылып және Белоусовка кентінің автожолы бойынша оңтүстік-батыс бағытқа өтеді. Сонан соң темір жол бойымен солтүстік-батыс бағытына өтеді, әрі қарай солтүстік-шығысқа бұрылып және «Қазақстан темір жолы» ХК» АҚ жер телімдерімен (кадастрлық № 05-068-154-003) араласып өтеді; ауданы 14,7 гектар № 2 телімі солтүстік-шығысқа темір жол бойымен кетіп, әрі қарай оңтүстік-батысқа «Ремпуть» АҚ жер телімімен (кадастрлық № 05-068-068-021) араласып өтеді. Сонан соң солтүстік-батысқа бұрылып және «Янго» ЖШС жер телімімен (кадастрлық № 05-068-068-105) араласып өтеді, әрі қарай солтүстік-шығыс бағытқа «Қазақстан темір жолы» ХК» АҚ жер телімімен (кадастрлық № 05-068-154-003) араласып өтеді.
Тармақ 2
2. Прапорщиково ауылының шекарасы (шегі) құрылыс салуға 12,7 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы мен шешім олардың бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.