Гүлдала ауылдық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлерінде жаңадан көше атауларын беру мен елді мекендердегі көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Гүлдала ауылдық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлерінде жаңадан көше атауларын беру мен елді мекендердегі көше атауларын өзгерту туралы Гүлдала ауылдық округінің 25 қараша 2009 жылы өткен тұрғындар жиналысының шешімін ескере отырып Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағы және Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 1 тармағының 13 тармақшасы, 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып ауылдық округ әкімі ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Гүлдала ауылдық округіне қарасты Гүлдала, Әлмерек, Колхозшы, Кіші Байсерке ауылдарының жанындағы бөлінген жаңа құрылыс жерлерінің көшелеріне жаңадан еліміздің экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқан, ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізге еңбек сіңірген азаматтардың аттары төмендегідей берілсін:
Тармақша 1
1) Әлмерек ауылындағы жаңа құрылыс жерлеріндегі төменгі жаңа көшелерге: 1-ші көшеге – «Қарасай батыр» көшесі; 2-ші көшеге – «Жароков» көшесі; 3-ші көшеге – «Шәкәрім» көшесі; 4-ші көшеге – «Қаныш Сәтпаев» көшесі; 5-ші көшеге – «Керей хан» көшесі; 6-шы көшеге – «Тәуке хан» көшесі; 7-ші көшеге – «Есім хан» көшесі; 8-ші көшеге – «Қазанғап» көшесі; 9-шы көшеге – «Қасым хан» көшесі; 10-шы көшеге – «Астана» көшесі.
Тармақша 2
2) Колхозшы ауылының жаңа құрылыс жерлеріндегі төменгі жаңа көшелерге: 1-ші көшеге – «Ахмет Байтұрсынов» көшесі; 2-ші көшеге – «Құрманғазы» көшесі; 3-ші көшеге – «Абай» көшесі; 4-ші көшеге – «Абылай хан» көшесі.
Тармақша 3
3) Кіші Байсерке ауылының жаңа құрылыс жерлеріндегі төменгі жаңа көшелерге: 1-ші көшеге – «Дінмұхамед Қонаев» көшесі; 2-ші көшеге – «Абай» көшесі; 3-ші көшеге – «Толе би» көшесі.
Тармақ 2
2. Гүлдала ауылының бұрынғы көшелерінің қазіргі атауы өзгертіліп төмендегідей жаңадан атау берілсін:
Тармақша 1
1) Гүлдала ауылы: «Терешкова» көшесі «Ахмет Байтұрсынов» көшесі деп; «Папанин» көшесі «Наурызбай батры» көшесі деп; «Ломоносов» көшесі «Қожа Ахмет Яссауи» көшесі деп; «Молодежная» көшесі «Құрманғазы» көшесі деп; «Гоголь» көшесі «Сүйінбай» көшесі деп; «Пушкин» көшесі «Мұқағали Мақатаев» көшесі деп; «Уәлиханов» көшесі «Ықылас» көшесі деп; «Уәлиханов» көшесі «Иса Байзақов» көшесі деп; «Уәлиханов» көшесі «Бейбарыс Сұлтан» көшесі деп; «Уәлиханов» көшесі «Ақын Сара» көшесі деп; «Уәлиханов» көшесі « Жароков» көшесі деп; «Уәлиханов» көшесі «Қасым хан» көшесі деп; «Әйтеке би» көшесі «Райымбек батыр» көшесі деп; «Әйтеке би» көшесі «Қобыланды батыр» көшесі деп.
Тармақша 2
2) Әлмерек ауылындағы: «Мира» көшесі «Бейбітшілік» көшесі деп; «Ленин» көшесі «Наурызбай батыр» көшесі деп; «Титов» көшесі «Райымбек батыр» көшесі деп.
Тармақша 3
3) Кіші Байсерке ауылындағы: «Молодежная» көшесі «Абылай хан» көшесі деп; «Школьная» көшесі «Жамбыл» көшесі деп.
Тармақша 4
4) Колхозшы ауылындағы: «Калинин» көшесі «Толе би» көшесі деп; «Терешкова» көшесі «Әйтеке би» көшесі деп; «Новосельская» көшесі «Қазыбек би» көшесі деп; «Набережная» көшесі «Жамбыл» көшесі деп; «Полевая» көшесі «Дина Нүрпейісова» көшесі деп; «Солнечная» көшесі «Қарасай батыр» көшесі деп; «Кульджинская» көшесі «Әл -Фараби» көшесі деп; «Заречная» көшесі «Шоқан Уалиханов» көшесі деп; «Центральная» көшесі «Дінмұхамед Қонаев» көшесі деп;
Тармақша 5
5) Қайрат ауылындағы: «Верненская» көшесі «Шәкен Айманов» көшесі деп; «Центральная» көшесі «Тәттімбет» көшесі деп; «Чайковский» көшесі «Ораз Жандосов» көшесі деп; «Пастера» көшесі «Нұрғиса Тілендиев» көшесі деп ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Гүлдала ауылындағы «Школьная» көшесі «Кичиков» көшесі деп; «Асфальтная» көшесі «Жібек-жолы» көшесі деп; «Коммунистическая» көшесі «Ілияс Жансүгүров» көшесі деп; «Колхозная» көшесі «Дінмұхамед Қонаев» көшесі деп; «Комсомольская» көшесі «Бейімбет Майлин» көшесі деп аталып жүрген көшелер осы шешіммен заңдастырылсын.
Тармақ 4
4. Округке қарасты елді мекендердегі жаңа құрылыс жерлеріндегі жаңадан ат берілген көшелерде орналасқан үйлерге жаңа номерлер берілсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің бас маманы М.Азилкияшеваға жүктелсін.