О порядке и размерах формирования страховых резервов страховыми и перестраховочными организациями Күшін жойған
Басқа 0
Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру резервтерін қалыптастыру тәртібі және мөлшері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Сақтандыру туралы" U952475_ Заң күші бар Жарлығының 37-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары үшін (бұдан әрі - сақтандыру ұйымдары) сақтандыру резервтеріне аударудың мынадай нормативтері белгіленсін:
Тармақша 1
1) сақтандырудың өмірді сақтандырудан басқа, ерікті түрлері бойынша - сақтандыру төлемдерінің нақты түскен сомасының 75 процентінен кем емес;
Тармақша 2
2) тарифтері заңмен белгіленген сақтандырудың өмірді сақтандырудан басқа міндетті түрлері бойынша - міндетті сақтандырудың осы түріне заңда белгіленген сақтандыру төлемдері сомасының 75 процентінен кем емес;
Тармақша 3
3) тарифтері заңмен белгіленбеген сақтандырудың өмірді сақтандырудан басқа міндетті түрлері бойынша - сақтандыру төлемдерінің нақты түскен сомасының 75 процентінен кем емес;
Тармақша 4
4) өмірді сақтандыру бойынша - сақтандыру төлемдерінің нақты түскен сомасының 100 проценті.
Тармақ 2
2. Сақтандыру резервтері сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру түрлерінің әрқайсысы бойынша жеке құралады.
Тармақ 3
3. Сақтандыру ұйымы сақтандыру резервтерінің қажетті мөлшерін әр айдың соңғы жұмыс күніндегі жағдай бойынша айына кем дегенде бір рет есептеп, түзетіп отырады.
Тармақ 4
4. Сақтандыру ұйымы өз міндеттемелерін қайта сақтандырған кезде сақтандыру резервтерін тек осы қаулының 1-тармағында белгіленген мөлшердегі міндеттемелердің қалған сомасы бойынша қалыптастыратын болады.
Тармақ 5
5. Сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.