Талас ауылындағы жаңа көшеге ат қою туралы Қолданыста
Басқа 0
Талас ауылындағы жаңа көшеге ат қою туралы
Қостөбе ауылдық округі Талас ауылындағы жаңа көше тұрғындарының пікірін ескере отырып және "Қазақстан Республикасы әкімшілік – аумақтық құрылыс туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қостөбе ауылдық округі Талас ауылындағы жаңа көшеге Сұлтан Тұрсынбаевтың есімі қойылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындауын қадағалау ауылдық округі Әкімі аппаратының бас маманы Н. Қожабергеновке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.